Сандар жаңылыспайды (17-1)
Алланың атымен бастаймыз! АҚШ тың Демократиялық және Республикалық партиялары үміткерлерінің 2016 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда америкалық дауыс берушілердің назарын аудару үшін жұмсаған қаражатымен Вашингтонның БҰҰ-на қарызының кем дегенде жартысын төлеуге болады.
БҰҰ адамзат қоғамының алдындағы мәселелерді шешу мақсатындағы әлемдік ынтымақтастықтың символы болып табылады. Сол себепті мүше елдер экономикалық қарым-қабілеті және басқа да критерийлерге байланысты БҰҰ бағдарламаларының бюджетін қамтамасыз етуге үлес қосады. Кейбір елдер кейде БҰҰ-ның бюджетін қамтамасыз етудегі өз үлесін осы ұйымның шешімдері мен қарым-қатынасын өзгерту мақсатында оған қысым жасау тетігі ретінде пайдаланады. АҚШ осындай елдердің қатарында тұр. АҚШ-тың осы ұйымға қарызы Обаманың кезінде 3 млрд долларға жетті.
http://untribune.com/as-obama-heads-to-general-assembly-us-debt-to-un-balloons-to-3-billion/
АҚШ‑тың Демократиялық және Республикалық партиялары үміткерлерінің 2016 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда америкалық дауыс берушілердің назарын аудару үшін жұмсаған қаражатымен Вашингтонның БҰҰ-на қарызының кем дегенде жартысын төлеуге болады. БҰҰ бюджетінің тапшылығы осы ұйымның әлем деңгейіндегі өмірлік маңызы бар белсенділіктеріне нұқсан келтіріп отыр. БҰҰ белсенділіктерінің бірі әлемнің тынышсыз жерлерінде бейбітшілікті сақтау болып табылады. БҰҰ-ның 2016-2017 жылдардағы бейбітшілікті сақтау миссияларына бөлген бюджеті 7 млрд 870 млн доллар деп белгіленген. АҚШ-тың екі негізгі партиясы үміткерлерінің үгіт-насихатқа жұмсаған қаражаты осы соманың бестен бір бөлігін қамтамасыз ете алады.