Қар 16, 2016 16:48 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (21)

Алланың атымен бастаймыз! Бүгінгі бағдарламада есірткіге тәуелділік пен АҚШ-тың президенттік сайлауына жұмсалған қаражатты салыстырамыз.

Бір қарапайым салыстыру

АҚШ-тың Есірткі заттарды бақылауға қатысты ұлттық саясат кеңсесінің (ONDCP – Office of National Drug Control Policy) статистикалық мәліметі бойынша, 2013 жылы 325 млн америкалықтың арасында 12 жастан жоғары 24 млн 600 мың адам есірткі заттарын пайдаланған. Бұл адамдар осы ел халқының 9,4 пайызын құрайды.  Мұнымен қоса,  тура осы жылы АҚШ-тың 12 жастан асқан 17 млн 300 мың азаматы, яғни осы ел халқының 6,6 пайызы алкогольді ішімдіктерге тәуелді болған. ONDCP-ның статистикалық мәліметтері бойынша, 2013 жылы кемінде 22 млн 700 мың адам, яғни осы ел халқының 8,6 пайызы есірткі мен алкогольге тәуелділіктен арылу үшін емделуді қажет еткен.  http://www.drugwarfacts.org/cms/economics#sthash.1VTXzRnZ.dpbs

АҚШ-та есірткіге тәуелділіктің көбеюі

Бұл статистикалық мәліметтер 12 жасқа толмаған балалар тәуелділігінің күннен күнге артып бара жатқан үдерісін қамтымайды.  АҚШ-тың федералдық үкіметі мен осы ел штаттарының әкімшіліктері 2016 жылы осы елде тәуелділіктің алдын алу үшін  жалпы 1 млрд 496 млн доллар бөлген. Яғни, бұл айына 124 млн 667 мың доллардан келеді деген сөз. Демократтық және Республикалық  партиялардың екі үміткерінің сайлауалды науқанына жұмсаған қаражаты 2016 жылдың 19 қазанына дейін 2 млрд 100 млн долларды құрады. Бұл сома АҚШ-тың федералдық үкіметі мен осы ел штаттары әкімшіліктерінің 17 ай бойы есірткі заттар мен алкогольді ішімдіктерге тәуелділіктің алдын алуға жұмсайтын бюджетіне тең.

https://www.washingtonpost.com/graphics/politics/2016-election/campaign-finance

Тегтер