Сандар жаңылыспайды (22)
Алланың атымен бастаймыз! 8 қарашада АҚШ-та өткен президенттік сайлаудың тек екі үміткерінің үгіт-насихатқа жұмсаған қаражаты 2016 жылдың қазан айының 19-на дейін 2 млрд 100 млн доллар болған. Бұл сома АҚШ-тың федералдық үкіметі мен осы ел штаттары әкімшіліктерінің 17 ай бойы ересектер арасында есірткі заттар мен алкогольді ішімдіктерге тәуелділіктің алдын алуға бөлген бюджетіне тең. 8, 10 және 12 сынып оқушылары осы адамдардың тек бір бөлігін ғана құрайды.
Monitoring The Future – АҚШ-та 1970-жылдардың ортасынан бастап жыл сайын 8, 10 және 12 сыныптардағы 50 мың оқушыны зерттейтін ұйым.
http://www.monitoringthefuture.org/
Бұл ұйым АҚШ үкіметінің бірнеше органы, соның ішінде Есірткі заттарын теріс пайдалану ұлттық институты (National Institute on Drug Abuse) және Ұлттық денсаулық институтының (National Institute of Health) бақылауымен жұмыс істейді. Бұл ұйымның жылдық статистикалық есебінің бір бөлігі АҚШ мектептерінің жоғары сыныптарындағы оқушылардың есірткі заттар мен алкогольді ішімдіктерді пайдалануына арналған. Осы ұйымның 2015 жылғы статистикалық мәліметтері бойынша, АҚШ мектептеріндегі 12-сынып оқушыларының 58,2 пайызы алкогольді ішімдіктер ішеді. Олардың 34,9 пайызы марихуана тартады, 9,2 пайызы LSD дәрісін пайдаланады, 2,5 пайызы кокаин тартса, 6,3 пайызы ecstasy дәрісін қолданады. АҚШ мектептеріндегі 12-сынып оқушылары арасында героин тарту көлемі – 5,4 пайыз. Monitoring The Future ұйымының жыл сайынғы статистикалық мәліметтерін салыстыру көрсеткендей, АҚШ-тың 8, 10 және 12 сынып оқушылары арасында марихуана шегудің саны артқан. 2015 жылы АҚШ-та 8 сынып оқушыларының 6,5 пайызы, 10 сынып оқушыларының 14,8 пайызы, 12 сынып оқушыларының 21,3 пайызы осы есірткі затын пайдаланған. АҚШ-тың 12 сынып оқушыларының 6 пайызы марихуананы күнде шегеді.
https://www.drugabuse.gov/publications/drugfacts/high-school-youth-trends
АҚШ-тағы оқушылар арасындағы есірткі заттарын қолдануға қатысты статистикалық мәліметтер америкалық қоғамтанушылар мен дәрігерлерді алаңдатып отыр. Олардың пайымдауынша, АҚШ-тың жас ұрпағы арасында есірткіге тәуелділіктің таралуының алдын алу үшін кесімді шаралар қолдану қажет. Қараша айының 8 күні АҚШ-та өткен президенттік сайлаудың тек екі үміткерінің үгіт-насихатқа жұмсаған қаражаты 2016 жылдың 19 қазанына дейін 2 млрд 100 млн доллар болған.
https://www.washingtonpost.com/graphics/politics/2016-election/campaign-finance/
Бұл сома АҚШ-тың федералдық үкіметі мен осы ел штаттары әкімшіліктерінің 17 ай бойы ересектер арасында есірткі заттар мен алкогольді ішімдіктерге тәуелділіктің алдын алуға бөлген бюджетіне тең. 8, 10 және 12 сынып оқушылары осы адамдардың тек бір бөлігін ғана құрайды.