Сандар жаңылыспайды (23)
Алланың атымен бастаймыз! Трамп пен Клинтонның америкалық дауыс берушілердің назарын аудару үшін жұмсаған қаражатымен АҚШ-тағы баспанасыздарды емдеу қызметі үшін қажет алты жылға жуық бюджетті қамтамасыз етуге болады.
Баспанасыздық АҚШ-тағы әлеуметтік қиыншылықтардың бірі саналады. End Homelessness ұйымының 2014 жылы қаңтарда жариялаған статистикалық мәліметтері бойынша, АҚШ-та 580 мыңға жуық баспанасыз адам бар.
Екі үміткердің 2016 жылғы президенттік сайлауға жұмсаған жалпы қаражаты, яғни 2 млрд 100 млн доллар АҚШ-тың федералдық үкіметінің 2016 жылы осы елдегі баспанасыздар үшін 25500 тұрғын үй салу үшін бөлген бюджетіне тең. АҚШ үкіметінің 2016 жылғы бюджеттік бағдарламасына сәйкес, 177 млн доллар осындай адамдарға тұрмысқа қажетті заттарды сатып алуға бөлінген.
Трамп пен Клинтонның президенттік сайлаудың үгіт-насихаттарына жұмсаған қаражаты АҚШ үкіметі бюджетінің осы тармағын 11 жылдан астам уақыт бойы қамтамасыз ете алады. Осы екі адамның Ақ үйге жету үшін жұмсаған қаражатымен Федералдық үкіметтің баспанасыз балалар мен жастарды оқытуға бөлетін бюджетін 32 жыл бойы қамтамасыз етуге болады. АҚШ-тың президенттік сайлауына үміткерлердің 2016 жылғы 19 қазанға дейін жұмсаған қаражаты АҚШ-тың федералдық үкіметінің осы елдің үйден қашқан немесе баспанасыз балалар мен жастарды үймен қамтамасыз ету үшін бөлетін 18,5 айлық бюджетіне тең. Трамп пен Клинтонның америкалық дауыс берушілердің назарын аудару үшін жұмсаған қаражатымен АҚШ-тағы баспанасыздарды емдеу қызметіне қажет алты жылға жуық бюджетті қамтамасыз етуге болады.
http://www.endhomelessness.org/page/-/files/State_of_Homelessness_2015_FINAL_online.pdf