Жел 14, 2016 18:57 Asia/Almaty

Каһф сүресі, 502-ші бөлім, 83-88 аяттар

«Каһф» сүресінің 83-85 аяттары:

" وَيَسْئَلُونَكَ عَن ذِي الْقَرْنَيْنِ قُلْ سَأَتْلُو عَلَيْكُم مِّنْهُ ذِكْرًا " ، " إِنَّا مَكَّنَّا لَهُ فِي الْأَرْضِ وَآتَيْناهُ مِن كُلِّ شَيْءٍ سَبَبًا " ، " فَأَتْبَعَ سَبَبًا " 

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды: “Жақында сендерге оның жайын түсіндірейін” де. (83) Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық. Өзіне әр істе қолайлық бердік. (84) О да бір шара қолданды (85).

Осы сүреде «Каһф» сахабаларының басынан кешкендері мен хазірет Мұса мен Қызыр оқиғасына шолу жасадық. Енді шамамен 15 аятты қамтититын Зұлқарнайынның оқиғасына жеттік. Сүренің басында Меккенің мүшріктерінің Мединенің яһудилерімен кеңескен соң пайғамбарды сынау үшін оның жауабы қандай болады деп тарихи реңкке ие үш тақырыпты қозғағандарын айттық. Сол мәселелердің бірі Зұлқарнайын оқиғасы болды. Сондықтан осы аяттар алдымен былай дейді: «Уа, пайғамбар! Сенен Зұлқарнайын туралы сұрағанда: «Оның оқиғасы туралы айтамын» де. Ол – Алла оған табиғи себептерден көбірек және артығырақ пайда табуы үшін барлық мүмкіндіктер мен мағлұматтарды берген тұлға. Ол да осы күш-қуат пен Алла берген мектепті адамдарға қызмет ету үшін пайдаланды. Неліктен оның «Зұлқарнайын» деп аталуы тұрғысында әртүрлі дәлел келтірілген. Соның ішінде шашын екі мүйіз сияқты өріп алатын немесе оның қалпағының үстінде екі мүйізі болды деген сөз бар. Кейбіреулер «ғарнейн» дегендегі мақсат батыс пен шығыс дегенді білдіреді дейді. Себебі ол әлемнің шығысы мен батысына да сапар шегіп, билік құрған. Сол себепті оны «Зұлқарнайын» деп атаған. Кейбір тәпсіршілер Таурат пен тарихшылардың жазбалары негізінде Зұлқарнайынды парсы патшасы Курушпен теңестіреді. Тағы біреулер Зұлқарнайынды тарихи тұрғыдан екеуі шамамен замандас болған Александр Македонский деп санайды.  Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Табиғи мүмкіндіктерді пайдалану үшін ғылыми және өнеркәсіптік әлеуеттерге қол жеткізу – Алла өзінің кейбір құлдарына тарту ететін илаһи нығметтердің бірі. 2.Өткен тарихпен және тарихты жасаушы адамдармен танысу тәжірибе жинап, ғибрат алатын фактор. 2.    Табиғат жүйесі – себептердің жүйесі. Әр нәрсенің себебі бар. Оны тану керек. 3.  

 «Каһф» сүресінің 86-87-88 аяттары: 

 " حَتَّى إِذا بَلَغَ مَغرِبَ الشَّمْسِ وَجَدَها تَغرُبُ فِي عَيْنٍ حَمِئََةٍ وَ وَجَدَ عِندَها قَوْمًا قُلْنا يَا ذَا الْقَرْنَيْنِ إِمَّا أَن تُعَذِّبَ وَإِمَّا أَن تَتَّخِذَ فيهِمْ حُسْنًا " ، " قَالَ أَمّا مَن ظَلَمَ فَسَوْفَ نُعَذِّبُهُ ثُمَّ يُرَدُّ إِلَى رَبِّهِ فَيُعَذِّبُهُ عَذَابًا نُّكْرًا " ، " وَأَمَّا مَنْ آمَنَ وَ عَمِلَ صالِحًا فَلَهُ جَزاءً الْحُسْنى وَسَنَقُولُ لَهُ مِنْ أَمْرِنا يُسْرًا "

Тіпті күн бататын жерге жеткен сәтте оны қара балшықты бұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел тапты. “Әй, Зұлқарнайын, не (ол елді) азаптарсың немесе оларға жақсылық істерсің” дедік. (86) Оларға: “Енді кім зұлымдық қылса, оны жазаландырамыз. Сосын Раббына айдалып, Рабы оған қатты жаза береді” деді. (87) “Ал енді кім иман келтіріп, түзу іс істесе, оған жақсы сыйлық бар. Сондай-ақ жеңіл іс бұйырамыз” (88).

Осы аяттарға сәйкес Зұлқарнайын өзінің сапарының жалғасында теңізге күн бататын теңіздің жағасы сынды аймаққа жетті. Бұл аймақ күн сол жерде бататындай батпақтың жағасында орналасқан. Ол жақсы және жаман адамдар өмір сүріп жатқан аймақ екен. Өзі пайғамбар болған  осы илаһи адам Алла тарапынан олардың ізгілеріне осы дүниеде сый беріп, жақсыларды бақуаттылық пен тыныштыққа бөлеп, олардың күнәһарларын осы дүниеде жазалауға тағайындалды. Жаза мен сый – Пәруәрдігердің деңгейі, оның негізгі мекені қиямет болғанымен Құдай Зұлқарнайынға ғайып ілімі мен адамдардың ғамалдары және олардың ішкі сырларынан хабардарлығы негізінде осы дүниеде де жақсылар мен жамандарды әс-әрекеттері мен ғамалдары негізінде жазалап, сыйларын беруге рұқсат берді. Бірақ олар қияметтегі негізгі жаза мен сыйды алмастыра алмайды. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Сапарға шығып, саяхаттау егер мақсатты және пайдалы болса, Құран ол істі құптап, қуаттайды. 2. Алла тарапынан тағайындалған илаһи әулиелер қай кезде қаласа соларды пайдалана алатын ықтиярларға ие.  3. Құрани мәдениетте күпіршілік жасау мен шерк келтіру өзіне зұлымдық жасау болып саналады. 4.Билеушілердің жалпы халықпен қатынасы жеңілдік пен бақуаттылық негізінде болуы керек. Олар тек күнәһарлармен ғана жаман қатынас жасаулары керек. 5. Әділетті орындау ізгілер ынталанып, күнәһарлар жазаланатын илаһи ерлердің маңызды алаңдаушылықтары мен міндеті болып табылады.