Жел 14, 2016 19:16 Asia/Almaty

Каһф сүресі, 491-ші бөлім, 27-31 аяттар

«Каһф» сүресінің 27 аяты:

" وَاتْلُ مَا أُوحِيَ إِلَيْكَ مِن كِتَابِ رَبِّكَ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِماتِهِ وَلَن تَجِدَ مِن دُونِهِ مُلتَحَدًا "

Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың. (27)

«Каһф» хикаясының соңында осы аят ислам пайғамбарына былай дейді: «Олар туралы дәлелсіз және ырымшыл сөздер көп. Бірақ адамдарға саған уәһи арқылы жеткен нәрсені ғана айт. Басқалардың сөздерінде ісің болмасын». Пайғамбарлардың қарсыластары әртүрлі сылтаулармен олардың дінді қабылдаулары үшін негіз әзірленгенше хазіреттен кейбір аяттарды алып тастап немесе өзгертуді сұрайтын. Алайда пайғамбар осы аяттардың негізі бойынша оларға үзілді-кесілді: «Құран – Алланың сөзі. Оны өзгерту немесе ауыстыру мүмкін емес. Егер біреу солай етсе илаһи қаһардың алдында құтылатын жол таба алмайды» деп айтуға жауапты болды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Құран – адамның емес, Құдайдың сөзі. Сол себепті оған ешқандай өзгерту енгізілген жоқ, өзгертілмейді де.2. Құран – соңғы аспандық кітап. Сондықтан кез келген бұрмалаушылықтан сақталған. Басқа кітаптың түсірілуіне еш қажеттілік жоқ.

 «Каһф» сүресінің 28 аяты:

" وَاصبرْ نَفسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِالْغَدوةِ وَالْعَشِيِّ يُريدُونَ وَجْهَهُ وَلَا تَعْدُ عَيْناكَ عَنْهُمْ تُريدُ زِينَةَ الْحَيوةِ الدُّنْيا وَلَا تُطِع مَنْ اَغفَلنَا قَلْبَهُ عَن ذِكْرِنَا وَاتَّبَعَ هَوَاهُ وَكانَ أَمْرُهُ فُرُطًا "

(Мұхаммед Ғ.С.) таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз жүрегін, Бізді еске алудан кәперсізденген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба. (6-C7 25-А.) (28).

Тарихи рауаяттарда құрайыштың тектілері мен ақсақалдарының бір тобы пайғамбарға өздерінің иман келтірулерінің шарты етіп, әлсіз және кедей адамдарды ығыстырып, байлар мен басшыларға көңіл аударуды қойғандары келтірілген. Олар арсыздықпен пайғамбарға: «Сенің айналаңда осындай адамдар болған кезде біз сенің жиыныңа келмейміз. Сенің сөздеріңе құлақ аспаймыз» десті. Осыған ұқсас талапты хазірет Нұх заманындағы тектілер де оған айтып, ол хазірет: «Мен мүміндерді олардың кедейліктеріне бола шеттетпеймін» деп жауап берген. Осы аят осындай ой мен дәмені айыптап, пайғамбарға мұндай сөздерге алданып қалмауға, Салман мен Абузар сынды табанды мүміндерді кедей болғандықтары үшін ғана өзінен алыстатып алмауға немесе дүниенің соңына түсіп, Алланы еске алудан қапыл қалған, өздерінің нәпсілік тілектерінің соңына еріп, ешқашанда дүниеден қол үзбейтін адамдарды тартуды мақсат етпеу туралы ескерту жасайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Кедейлермен бірге отырып, оларға жанашырлық білдіру қиын. Бірақ мүмін кедейлер кәпір байлардан артық. Ислам әлемі кедейлерге көңіл бөлулері керек.2.Исламдық қоғам басшыларының дүниенің соңына түсу қаупінің жоғарылығы сондай, Алла тіпті пайғамбарға да ол жайында ескертті. 2-

خطر دنیا طلبی رهبران جامعه اسلامی به حدی است که خداوند به پیامبر هم هشدار می دهد .

«Каһф» сүресінің 29 аяты:

" وَقُلِ الْحَقُّ مِن رَبِّكُمْ فَمَن شَاء فَليُؤْمِن وَمَن شَاء فَليَكْفُرْ إِنَّا أَعْتَدْنَا لِلظَّالِمِينَ نَارًا اَحاطَ بِهِمْ سُرادِقُها وَإِن يَسْتَغيثُوا يُغَاثُوا بماءٍ كَالْمُهْل ِ يَشْوِي الْوُجُوهَ بئْسَ الشَّرابُ وَساءَتْ مُرتَفَقًا "

Бұл хақиқат (Құран) Раббыларыңнан” де. Сонда кім қаласа сенсін. Расында Біз залымдар үшін дуалдары қоршап алатын тозақ отын әзірледік. Егер олар су сұрап жалбарынса, еріген кен тәрізді беттерді қуыратын бір су беріледі. Ол нендей жаман сусын, һәм нендей жаман орын. (29)

Қапыл байлардың орынсыз талап-тілектеріне жауап ретінде осы аят былай дейді: «Олардың иман келтіруін көздемеген адам осындай шарт пен талап қояды. Хақ сөзі Алла тарапынан түсірілді. Қалаған адам иман келтіреді, қаламаған адам кәпірге айналады. Иман жалынышпен келетін іс емес. Тұрақты бір мүмін адам өздерінің иман келтірулері үшін шарт қоятын мыңдаған кәпірден артық. Сонымен қатар осы дүниеде бұзықтық жасап, көңіл көтеріп, сауық-сайран салып жүрген мұндай адамдарды ақыретте ең жаман орындар, ең жаман ішіп-жейтін нәрселер күтіп тұр. Олардың қысқа және өткінші бүгінгі күндеріне қарамаңдар». Осы аяттан үйренетініміз:1.Адамдардың күпіршіліктері мен имандары діннің хақиқатында маңызды емес. Тіпті адамдардың барлығы оған күпіршілік етсе де, Құран – ақиқат. 2.Адамдар күпіршілік пен иман таңдауда ерікті болғандарымен әр топтың іс-әрекеттері мен ғамалдарының соңы дүние мен ақыретте әркелкі. Күпіршіліктің соңы –тозақтағы ауыр жаза. 

«Каһф» сүресінің 30-31 аяттары:

" إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحاتِ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجرَ مَنْ أَحسَنَ عَمَلًا " ، " أُولَئِكَ لَهُمْ جَنّاتُ عَدْن ٍ تَجْري مِن تَحتِهِمُ الْأَنْهارُ يُحَلَّوْنَ فيها مِنْ أَساوِرَ مِن ذَهَبٍ وَيَلْبَسُونَ ثيابًا خُضْرًا مِن سُندُس ٍ وَإِسْتَبْرَقٍ مُتَّكِئينَ فيها عَلَى الْأَرائِکِ نِعْمَ الثََّوابُ وَحَسُنَت مُرتَفَقًا "

Иман келтіріп, дұрыс іс істегендердің және жақсы ғамал істеген кісінің еңбегін жоймаймыз. (30) Міне, олар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаты бар. Олар онда алтыннан білезіктермен безенеді; олар жұқалы-қалыңды жасыл жібектен киімдер киеді де олар онда, пейіштік орындарға сүйенеді. Нендей жақсы сауап, нендей әлбет жастанатын орын! (31)

.Кеуделерін керген кәпірлер мен нәпсіқұмар қапылдардың орыны болып табылатын тозаққа қарсы осы аят иман иелерінің орыны жұмаққа сілтеме жасап, былай дейді: «Осы дүниеде көріп жүрген сол кедеййлер мен жарлы-жақыбайларға пайғамбарға деген адалдықтары мен Алланың жолында табанды болғандықтары үшін қияметтте ең жақсы орын беріледі. Ол – бүгінгі байлар бір сәтке болса да сол жерде болуды армандайтын орын. Егер бүгінде ақсүйектер жақсы киімдері мен қымбат әшекей бұйымдарымен өздерін ұлықтаса, мүмін кедейлер қияметте текті байлардың осы дүниедегі киімдері мен әшекейлері тіпті олармен салыстыруға да тұрмайтын киімдер мен әшекейлерге қол жеткізеді. Бірақ осының барлығына мүмін кедейлер имандар мен ғамалдары және Алланың мейірімінің арқасында қол жеткізеді. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1.Иманды адамдардың осы дүниеде Алланың бұйрықтарын орындау үшін қолдары жетпеген нәрселерінің орындарын Алла ақыретте толтырып, оларға одан да жақсыларын  сыйлайды. 2. Біздің ақымыз кемімейтін, не Оның сыйы өткінші әрі пәни емес Құдай жолында ғамал жасайық.