Жел 15, 2016 19:26 Asia/Almaty

Исра сүресі, 459-шы бөлім, 15-17 аяттар

«Исра» сүресінің 15 аяты:

 " مَن اهتدی فانما یَهتدی لنفسه ِ وَ مَن ضلّ فانّما یَضلّ علیها وَلا تزرُ وازرة ٌ وزرَ اخری و ما کنّا معذبینَ حَتی نبعثَ رَسُولا ً "

Кім тура жолда жүрсе, шын мәнінде өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады. Ешкім басқаның күнәсін көтермейді. Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз (15).

Осы аят жаза мен сый жүйесінің үш принципіне сілтеме жасап, былай дейді: «Сендердің күпіршіліктерің мен имандарыңның Алла үшін ешқандай пайдасы да зияны да жоқ. Бірақ оның нәтижелері сендердің өздеріңе қайтып оралады. Егер илаһи жетекшілікті қабылдап, илаһи бұйрықтарға бағынсаңдар, өздеріңнің пайдаларың үшін амал жасаған боласыңдар. Егер хақты қабылдамай, жолдан тайсаңдар оның зияны мен зарары өздерің үшін. Екінші принцип былай дейді: «Әрбір адам әрекеті мен амалының нәтижесіне өзі жауапты. Осы дүниеде кейбіреулер әртүрлі қалыпта қылмыстарының жүгін басқалардың иығына артып, өздері жауапкершіліктің жүгінен басайтындықтары сынды Алла оны не басқалардың иығына артпайды, не қылмыскер мен күнаһардың орнына басқа біреудің жазалануын қабылдамайды. Илаһи сүннеттердің маңыздысы болып табылатын және Құранда әртүрлі қалыпта баяндалған үшінші принцип бойынша Алла пайғамбар мен жетекші жібермей тұрып және халыққа жол нұқсағанша оларды күпіршілік пен шерк айыбымен жазаламайды. Бұл Алланың пенделеріне дәлел аяқталғанша оларды жауапқа тартпайтындығы туралы жасаған мейірімдерінің бірі. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Алла адамды өз өмірінің жолын таңдауы үшін ықтияр иесі етіп жаратты.2.    Алла ешбір адамды немесе үмбетті жетекшілік жолын көрсетпестен, дәлелді аяқтамастан бұрын азаптамайды. 3. Адамның бақыты үшін ақыл жалғыз өзі жеткілікті емес, пайғамбарлардың жетекшілігі де лазым.

«Исра» сүресінің 16 аяты:

" وَ اذا اردنا ان نُهلکَ قریة ً امرنا مُترفيها ففسقوا فیها فحقّ علیهَا القولُ فدمّرناها تدمیرا ً " 

Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (үкім) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз. (16)

Соңында: «Дәлелді аяқтамастан ешкімді азаптамаймыз» деген алдыңғы аяттың жалғасында осы аят та былай дейді: «Егер бір аймақтың халқының көзін жою керек деп шешілсе, міндетті түрде оларға алдын ала өзіміздің бұйрықтарымыз бен тыйымдарымызды анықтаймыз. Соларды орындаудан бұлтарған жағдайда оларды азапқа душар етеміз». Адамзат қоғамдарының басшылары негізінен бұзылған, дүние мен байлық қуған адамдар болғандықтан осы аят илаһи әмірлерді соларға арналған дейді. Себебі адамдар көбінесе соларға тәуелді болып, солардың соңдарынан ереді. Олардың бейбастақтықтары мен азғындықтары олардың өздерімен шектелмей, барлық қоғамды қамтиды: Осы аяттан үйренетініміз: 1.Адамзат қоғамдарының азғындығы мен бұзылуының тамыры дүниеқұмарлық пен байлыққа ұмтылушылықта және көңіл көтеріп, сауық-сайран салуда.2. Рахат өмірді сүйетін, нәпсіқұмар басшылар қоғамда ахлақтық құндылықтардың жойылуы мен илаһи қаһарға негіз дайындайды. 

«Исра « сүресінің 17 аяты:

" وَ کم اهلکنا منَ القرون ِ من بعد نوح ٍ وَ کفی بربّک بذنوب عباده خبیرا ً بصیرا ً "

Нұх (Ғ.С.) тан соң ғасырлар бойы қаншалағанды жоқ еттік. (Мұхаммед Ғ.С. ) Раббың құлдарының қылмыстарын білу, көруде жетіп асады. (17)

Тарихи бір сүннетті баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Егер тарихқа жүгінсеңдер, жерде жаңа өмір басталып, жер бетінде жаңа халықтар мен ұлттар пайда болып, тараған хазірет Нұхтың заманынан кейін қаншама қауым жойылды. Олардан ешқандай белгі қалған жоқ». Хазірет Нұхтың заманында илаһи қаһардың түсірілуімен жерде орасан дауыл тұрып, Нұхтың кемесіндегілерден басқа адамдар мен құрлықтағы жан-жануардың барлығының көзін жойғанын білесіздер. Қалай болғанда да осы аят хазірет Нұхтың заманының адамзат тарихының маңызды кезеңі болғанын жақсы көрсетеді. Бұрынғы ұрпақтың көзін жоюмен адамзат тарихында жаңа тарау басталды. Тарихи деректер мен құрани хикаялардың негізі бойынша, Нұх қауымынан кейін Ад, Самуд, Лут, Мадиян және тағы да басқа қауымдардың көздері жойылған.  Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1.Илаһи қаһар қияметке ғана қатысты емес. Осы дүниеде де қауымдар өледі. 2. Өткен тарих бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін илаһи қаһардан қапыл қалмаудың ғибрат айнасы болып табылады. 3.Алланың ғылымы мен Оның құлдарының іс-әрекеттерінен хабардарлығы адамдардың сөздері мен іс-әрекеттерін бақылау мен тәрбиелеу үшін ең жақсы фактор.