Жел 15, 2016 19:30 Asia/Almaty

Исра сүресі, 457-шы бөлім, 7-10 аяттар

«Исра» сүресінің  7 аяты:

" ان احسَنتم احسنتم لانفسکم وَ ان اسَاتم فلها فاذا جاءَ وَعدُ الاخرَة ِ لیَسُؤوا وُجوهَکُم و لیدخلوُا المَسجدَ کما دخلوه اوّلَ مرّة ٍ ولیتبّروا ما علوا تتبيرا ً "

Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде беттеріңді бұзып, қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқан қылулары үшін (жібердік.) (7)

Алдыңғы бағдарламада Алла Исраил қауымына «Сендер жер бетінде екі рет бұзақылық жасайсыңдар. Әр жолы өздеріңнен мықты күштер сендерге үстемдік етіп, сендердің үй-жайларыңды талқандайды» деп хабар бергенін айттық. Осы аят сол мәселеге екінші рет тоқталып, былай дейді: «Дүние – ғамал мен ғамалдың жаңғырығының әлемі. Егер жақсылық жасасаңдар, жақсылық көресіңдер. Ал егер жамандық жасасаңдар, жамандыққа кезігесіңдер. Бір рет бұзақылық жасап, соның салдарын байқадыңдар. Бірақ содан сабақ алмай, тағы да бұзықтық жасауға кірістіңдер. Ондай болса бұл жолы сендерді қарабет етіп, өздеріңді абыройсыздыққа душар ететін адамдардың жеңіске жететіндіктерін күтіңдер. Солар Әл-Ақса мешітін сендерден тартып алып, сендерге үстемдік ететін болады». Бірақ сол оқиғаның жай-жапсары мен орын алатын уақыты Құран аяттарында айтылмаған. Себебі тарихи оқиғалардағы маңызды нәрсе ол содан барлық қауым мен халық ғибрат алып, күпіршілік пен үстемшілдіктің жауапсыз қалмайтындығын, олардың жер бетіндегі бұзықтық пен бейбастақтықтың дәл осы дүниеде жазаланатындығын  білуі үшін. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.Біздің жақсылығымыз бен жамандығымыз Аллаға пайда да әкелмейді, зиян да тигізбейді. Оның нәтижесі мен салдары біздің өзімізге қайтып келеді. 2. Тарих пен қоғамдар туралы Алланың сүннеттері мен заңдары тұрақты. Бұзықтық жасауды қалайтын адам құриды.  

«Исра» сүресінің 8 аяты:

" عَسی ربّکُم ان یَرحَمَکُم وَ ان عُدتم عُدنا وَ جَعلنا جَهنّم َ للکافرینَ حَصیرا ً "

Мүмкін Раббыларың мәрхамет етер. Егер қайталасаңдар, Біз де қайта жазалаймыз. Сондай-ақ жаћаннамды кәпірлерге зындан қылдық. (8).

Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Ешуақытта Алланың рақымынан күдер үзбеңдер. Әрдайым Алланың рақымына үміт артыңдар. Амалдарың мен әрекеттерің Алланың рақымына бөлену үшін негіз дайындайды. Егер бұзақылықтан бас тартсаңдар, Алланың рақымының сендерді қамитындығына үміт бар. Бірақ, егер тағы да бұзақылық пен бүлік жасайтын болсаңдар Алланың рақымының сендерден кететінін, осы дүниеде көздерің жойылумен қатар қияметте тозаққа түсіп, соның ауыр жазасын алатындарыңды біліңдер». Осы аяттан мынадай қорытынды жасаймыз:1.    Егер адамдардың өздері соның негізін жоймаса, Алланың құлдарымен байланысының негізі – рақым мен махаббат.2.    Сүйінші мен рақымның жанында бұзақылық пен бүліктің салдары айтылу үшін ескерту мен құлаққағыс жасау да лазым. 

«Исра» сүресінің 9-10аяттары::

 " انّ هذا القرآنَ یَهدی للتی هیَ اقوَم ُ وَ یُبشّرالمؤمنینَ الذین یَعملونَ الصّالحات ِ انَّ لهُم اجرا ً کبیرا ً " ، " و انّ الذینَ لایؤمنونَ بالاخرة ِ اعتدنا لهُم عَذابا ً الیما ً " 

Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін шүйіншілейді. (9) Рас ахиретке сенбегендер үшін күйзелтуші азап әзірледік. (10)

Исраил ұрпағына қатысты аяттардың аяқталуымен осы аяттар Құранның адамға тура жол нұсқаудағы маңызына сілтеме жасап былай дейді: «Құранның жетекшілік тәсілі тұрақты және мықты. Ол уақыт пен мекенге байланысты өзгермейді. Алланың сөзінің мықты әрі тұрақтылығы сондай, оған ешбір іс нұқсан келтірмейді. Адамзатқа Құран аяттары қалпында баяндалған,  маңызды мақсаты адамды бақыт пен құтылу жаққа нұсқау болып табылатын Алланың тұрақты ақиқаты мен ағартушылығы осы тұрғысында толық, кемел болғанымен, өзі толығырақ және кемелдірек. Осылайша, Алла адамға тура жол нұсқауда ештеңені аяп қалған жоқ. Алла өзінің жаратылысы, яғни адам нені қаласа соны оның ықтиярына берді. Адам ақиқаттар мен ағартушылықты пайдалануда еркін жаратылған. Бір топ соны қабылдап, соның негізі бойынша әрекет етіп, соның сындарлы нәтижелерін осы дүние мен ақыретте пайдаланады.  Алайда бір топ күпіршілік пен қырсықтықтарына байланысты одан теріс айналып, өздерінің талап-тілектері мен нәпсілік қалауларының немесе басқалардың соңдарынан ілеседі.  Екінші топтың Жаратушының жетекшілігін ысырып, жолсыздыққа түсіп, осы дүние мен ақыретте соның нәтижесі мен жазасын тартатындықтары белгілі. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Құранның жетекшілігі мықты қисынға негізделген. Онда ырымшылдық пен күмәнға жол жоқ.2. Құран – мәңгілік және әлемдік кітап. Оның тағылымдары ерекше бір қауым мен ұлтқа немесе ерекше бір тілге арналмаған. 3. Илаһи рақымның белгілеріне адамзатқа илаһи кітаптың түсірілуі жатады. Бірақ осынау шексіз рақымнан пайдалану иман немесе күпіршілік, жұмақ пен тозаққа ұластыратын адамның тілегі мен қалауына байланысты.