Қаң 08, 2017 17:56 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 35

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және халықаралық құжаттар бойынша адам діни азаттықа ие және ешбір адам өз діні үшін жиіркенішпен кезікпеуі керек.

 Бірақ бұл күндері Америка мен Еуропа материктеріндегі адам құқығы мен азаттық туралы уәж айтатын мемлекеттерде Исламнан үркіту саясаты жүргізіліп, Еуропа мен Американың жер-жерінде мұсылмандарға қарсы шабуылдар мен кемсітушілік көрсетудің артуын байқауға болады. Сондай-ақ халықаралық құжаттар бойынша үкіметтер барлық азаматтарын ұлт пен дінге бөлмей, ешбір кемсітушілік көрсетпей, қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге міндетті. 

Батыстағы адам құқығның бұзылуы

Ұлыбританияның жер-жерінде шамамен 3 миллион мұсылман өмір сүреді. Бұл күндері  мұсылмандар экстремистер мен нәсілшілердің қатыгездіктері және шабуылдарымен бетпе-бет келуде. Британиядағы исламнан үркіту тобының бірі өткен үш жарым айдың ішінде 100-ден астам мешітті дұшпандық шабуылдардың мекеніне айналдырды. Полицияның мәліметі бойынша Ұлыбританияның  Еуроодақтан шығуы туралы референдумнан бір апта өткен жағдайда нәсілшіл шабуылдар саны 58 пайызға өсті.

Ұлыбритнаиядағы исламнан үркіту

Англияның мұсылмандар кеңесі соңғы мәлімдемесінде мұсылмандар мен мешіттер және исламдық мекендерге қарсы шабуылдардың артуы туралы алаңдаушылық білдрді. Бұл мәлімдемеде өткен жеті күнде мұсылмандарға қарсы шабуылдардың орын алып, ірі партиялардың басшыларынан соларға көңіл аудару қажеттігі сұралды. Мәселен, Лондонда  бір ер адам қолына пышақ алып, бір мұсылманды өлтіргісі келетіні туралы айқайлап, мұсылман ер адамды жарақаттады. Көзі мен кеудесінен жарақат алып, ауруханаға түскен адам Бангладештің мұсылмандарының бірі болған.Келесі бір оқиғада Лондонда  мұсылман әйелдің басынан орамалын тартып, шешпек болған. Әйел қарсыласқан кезде оны 20 метр жерге сүйреткен. Оған ешбір адам  көмектеспей,  ол 20 минут  жерде жатып қалған.

Мұсылмандарға қарсы көптеген шабуылдар орын алуда

Шотландияда мешітке қарсы жасалған жуырдағы  нәсілшіл шабуылда оның қабырғасына белгісіз біреулер исламға қарсы ұрандар жазып кеткен. Ұлыбритания  мұсылмандары кеңесінің жазуынша бұл елдің полициясы исламға қарсы шабуылдардың күннен күнге артуы туралы мәлімдеуде. Өткен жылғы Ұлыбритания аспаздары сайысының  жүлдегері Надиа Хосейн поезда бір ер адамның оның қасындағы орынға отырмай, мұсылманның қасына  отырғысы келмейтіні туралы айтқанын мәлімдеді. Ұлыбританияның мұсылмандар кеңесінің бас хатшысы Харун Хан бұл мәлімдемеде Ұлыбританияның барлық партияларының басшыларынан бұл елдегі исламнан үркіту саясатына қарсы тұрып, бұл елдегі мұсылмандарға тілеулестік білдіруді талап етті.

 Швейцарияның Цюрих қаласындағы ислам орталығына жасалған қарулы шабуылда  үш адам жарақат алды. Цюрих полициясы жасалған қарулы шабуылдың салдарынан исламдық орталық ғимаратының қасындағы бірнеше адамның зардап шеккені туралы хабарлады. Осы кезге дейін полиция бұл оқиғаның қалай орын алғаны және ықтималды себептері туралы еш мәлімет берген жоқ. Швейцариялық «Блик» газетінің мәліметінше, Цюрих полициясы аталмыш ғимараттың қасында үш адамның жарақат алғанын растады. Жарақат алғандардың барлығы жасы үлкен адамдар болды. Бірақ олардың жарақаттарының ауыр немесе жеңіл болуы туралы еш нәрсе айтылмаған. Мәліметтер бойынша ғимараттың айналасында  шамамен 20 полиция орналасып, бұл аймақтағы қарым-қатынастарға тыйым салуда.

 Швейцарияның Цюрих қаласындағы ислам орталығына қарулы шабуыл жасалды

 АҚШ-та да Дональд Трамптың жеңісінен кейін мұсылмандарға қарсы дұшпандық шабуылдар артты. «Дейли мейл» газетінің мәліметі бойынша, АҚШ президенттік сайлауында республикашылардың үміткері Дональд Трамп жеңіске жеткен соң Нью-Йорк университетінің студенттері ғибадат жасайтын бөлімдерінде Трампқа қолдау көрсету туралы салынған суретті көрді. Дональд Трамп сайлау алдындағы сайысында мұсылмандар мен мигранттарға қарсы саяст жүргізу туралы уәде берген. Егер сол уәделерін орындайтын болса, мигранттар мен мұсылмандардың жағдайы қиындайды. Осыған орай мұсылмандар: «Егер Трамп уәждері бойынша мұсылмандардың  бұл елге кіруіне тыйым салатын болса, АҚШ-тың дін азаттығына сүйенген маңызды негізді бұзу саналады. Бүгінде Трамптың АҚШ Президенті болып  сайлануымен АҚШ қоғамы, мектептері мен жоғары оқу орындарында  мұсылмандар өздерін қауіпсіз сезінбейтін кеңістік орнатылды. Соңғы оқиғалардың бірінде Лос-Анджелес полициясы  бір адамның   мұсылмандардың бірін пышақтағаны туралы хабарлады. «Associated Press»-тің АҚШ полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл оқиғадан кейінгі қақтығыстардан 29 жастағы Джон Матсон мешіттің алдына  намазға келген мұсылмандардың бірімен сөзге келіп, полиция Матсанды азаматтық құқықтар мен тыныштықты бұзғаны үшін қамауға алды. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді. Лос-Анджелес аймағындағы АҚШ мұсылмандары қарым-қатынасы кеңесінің жергілікті бөлімінің атқарушы директоры Хесам Айлуш қақтығыс намазханаға жақын жерде орын алды деп мәлімдеді.

АҚШ-тағы мұсылмандарға қарсы кемсітушіліктер мен қатыгездіктер және Трамптың сайлануынан кейін олардың санының артуы азаматтық белсенділердің көбін алаңдатты. 17-ші желтоқсанда Вашингтонның бейбітшілік орталығының шақыруымен азаматтық белсенділер орталығының 3000-нан астам азаматтық және саяси белсенділері мен АҚШ қоғамның басқа таптары бір жиынға қатысып, Трамп кабинетінің мұсылмандарға қарсы әрекеттерімен күресу жолдарын талқылап, пікір алмасты.

Бұл жиында қорғаушы әрі сарапшы Дипа Айер АҚШ мектептеріндегі әділет пен ынтымақтастық тақырыбы туралы баяндап, 2001-ші жылдағы Нью-Йоркте мұсылмандардың есімдерінің тіркелгені туралы: «11-ші қыркүйек оқиғасынан 15 жыл өткен жағдайда біз әлі де АҚШ-тағы мұсылмандарға қарсы қатыгездіктер мен кемсітушіліктердің артуының куәсіміз. 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ-та NSSEER деп аталған заң бекітілді. Бұл заң бойынша мұсылмандар мигранттар кеңсесінің ғимаратында өз есімдерін тіркеуге міндетті. Сонымен бірге бұл заңның салдарынан ондаған мұсылман заңсыз түрде абақтыға түсті немесе АҚШ-тан шығарылды. Аталмыш заңның уақыты 2005-ші жылы аяқталғанымен,    қазір Трамп кабинетінде бұл заңның күшін қайтарғысы келетін адамдар жиналды. Сол себепті АҚШ халқы оған қарсы күресуі керек. Ол: «Сондықтан барлықтарыңнан  өздеріңді Трамптың жаман әрекеттеріне қарсы тұруға дайындағандарыңды қалаймын»,- деді.   Сөзінің жалғасында Дипа ханым жиынға қатысушылардан АҚШ Конгресіндегі өз өкілдерімен  қарым-қатынас орнатып, олардан Обамадан бұл заңды ішкі қауіпсіздік  қауіпсіздік министрлігінен алып тастауды сұрауды өтінді.  

 

 

 

Тегтер