Сәу 21, 2017 16:40 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 6

Ирандық зерттеушілердің маңызды жетістіктерінің бірі күн сәулесінің қуатын пайдаланып, суды тұщы ететін мүмкіндікке ие қондырғылар шығаруы болды. Ирандық зерттеушілер күн сәулесінің қуатын пайдалану арқылы ащы суды тұщытатын вакуумдық трубкалар технологиясын ұсынды. Бұл трубкалар тұзды суларды тазартумен қатар лас суларды тазартып, соңында ішуге жарамды ауыз су шығарады.

 Ауыз су көптеген жаратылыстардың, сондай-ақ адамның өмір сүруіне қажет ең маңызды су болып саналады. Ауыз су сонымен бірге ауылшаруашылығы үшін өте маңызды. Ауыз су – ерімейтін тұздарының мөлшері өте төмен мөлдір су.

Ауыз су табиғи түрде жердің қабаттарында, көбінде тау мұздықтары мен Арктика және Антарктидада мұз қабаттары ретінде сақталады. Тұщы су көлдері, өзендер мен бұлақтар және жерасты сулары ауыз судың басқа көздері болып саналады. Ауыз су Жер материгінің шамамен 1,8 пайызын құрайтын барлық су көздерінің тек 3 пайызын ғана құрайды. Осындай жағдайда әлемнің жер-жерінде ауыз судың көбі босқа ағып жатыр. БҰҰ-ның жариялауынша, дүниежүзі халқының 18 пайызын құрайтын шамамен 1 миллиард 200 мың халқы ауыз су тапшылығынан немесе одан кенде болудан қиындық көріп отыр. Бүгін әлемнің көп жері халық санының жылдамдықпен өсуі және күнделікті пайдаланатын ауыз су мөлшерінің артуына байланысты қиындықтармен бетпе-бет келуде. Су тапшылығы келешекте санитарлық гигиена мен ауылшарушылығына  теріс әсерін тигізеді.

Ирандық зерттеушілердің маңызды жетістіктерінің бірі күн сәулесінің қуатын пайдалану арқылы суды тұщытатын қондырғылар шығаруы болды. Ирандық зерттеушілер күн сәулесінің қуатын пайдалану арқылы суды тұщытатын вакуумдық трубкалар технологиясын ұсынды. Бұл трубкалар тұзды суларды тазартумен қатар лас суларды да тазартып, соңында ішуге жарамды ауыз су шығарады.

Күн сәулесін пайдаланатын суды тұщыту қондырғысы

 Бұл жобаны іске асырушы Куруш Хосру тұщы және ауыз судың тапшылығын Иранның маңызды  дағдарыстарының бірі деп атап: «Иран үстірті оңтайлы тұщыту шешімдерін қажет ететін мол тұзды суға ие. Күн сәулесін пайдалану арқылы суды тұщыту тәсілі – суды тазартуға ұсынған тәсілдердің бірі. Бұл технология суды тұщыту үшін вакуумдық трубкаларды пайдаланады» дейді. Жобаны іске асырушының пікірінше, қалдық қалдырмауы, оңай пайдалану және судағы тұздың  мөлшеріне тәуелді болмауы аталмыш технологияның артықшылықтарына жатады. Аталмыш қондырғы тұзданудың әртүрлі концентрациясына ие суды тұшылау мүмкіндігіне  ие. Бұл құрылғының тұз концентрациясы 4 мың микро сименс, сондай-ақ 18 мың және 45 мың микро сименске тең суды тұщыту өнімділігіне тең. Бұл құрылғының вакуумдық трубкалары арасында 5 милиметр вакуум қалыптасқан қара және мөлдір үстіден тұрады. Күннің сәулесі мөлдір үстіге жеткен кезде одан өтіп, қара үстіге тиіп, оның ысуына себеп болады. Екі арада  вакуум болғандықтан ыстық атмосфера қайтып ораламай, сол кеңістікте қалады. Сол кезде  бұл жүйенің ішіне тұзды су жіберілгенде ыстық судың қайнауына себеп болып, қондырғының конденсаторы арқылы тұзды су тұщы суға айналады. 

Осы жобаны іске асырушының айтуынша, қондырғы қоршаған ортаның ластықтарын төмендетуді көздеп, өз мақсатына жетті. Қондырғы тек тұзды суды тұшыту үшін ғана қолданылмайды, ол сонымен бірге лас суларды  тазарту үшін де пайдаланылады. Күн сәулесін пайдаланатын жаңа абсорберлерге ие суды тұщыту қондырғысы Ланджан қаласының техникалық-кәсіптік орталығында жасалды. Исфаһан облысының Ланджан қаласының кәсіптік оқыту орталығының нұқсаушысы әрі жаңа жобаны орындаушы Мұстафа Дари бұл туралы: «Күн сәулесін пайдаланатын жаңа абсорберлерге ие суды тұщыту қондырғысы ұқсас қондырылғылар сынды жасалды. Қондырғының тиімділігін арттыру үшін абсорбердің бетіне арнайы жабын жабылып,  жасанды тұзды судан дистелденген су шығарылады. Бұл қондырғы көктем мен жаз кезінде көбірек пайдаланылады. Күн сәулесін пайдаланатын суды тұщыту қондырғысы судың табиғы айналымы негіздері бойынша жұмыс істейді. Оның негізгі артықшылығы жыл бойы ешбір қаржысыз қамтамасыз етілетін күннің энергиясын пайдалануы болып табылады. Бұл қондырғының қала орталығынң ең алыс жерлерінде жұмыс жасай алуына мүмкіндік тудырады. Сондай-ақ қондырығының келесі басымдылығына технологиясының қарапайым болуы және жөндеуді қажет етпейтіндігі мен сақталуының оңайлығы  жатады.

 

Тегтер