Маусым 24, 2017 17:34 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 30

Ұлы Ораза айтының қарсаңында соғыс пен бүлікке шырмалған мұсылмандар үшін шын жүректен дұға тілеп, олардың уайым-қайғыларына ортақ болып, көмектесуге дайындығымызды жариялап, Алладан олардың отандарына бейбітшілік пен тыныштықты қайтаруды, әлемнің жер-жеріндегі ислам үмбеті үшін жақсы келешек тілейміз.

Рамазан айының құнды күндері мен түндері бірінен-соң бірі өтті. Бүгін қасиетті Рамазан айының соңғы күніне жетіп, бірнеше сағаттан кейін бұл аймен қоштасамыз. Жердегілерді дұға және тәубе арқылы аспанға жақындатқан Рамазан айы аяқталып барады. Ұлы Аллаға қонақ болған рухани кеңістікке толы бір айымыз өте шығып, оны қайтадан күтеміз. Келесі жылдың осындай нұрлы сәттеріне жетеміз бе, әлде жетпейміз бе?.. Қасиетті Рамазан айында өмірімізде мұндай сәттер мен күндерді, түндерді қаншалықты қажет ететіндігімізді түсіндік. Қасиетті Рамазан айы ахлақи және рухани құндылықтарға бұрынғыдан көбірек көңіл бөлетін ай болды. Бұл айда иман мен Аллаға жақындау аясындағы өмірдің ерекше екенін сездік. Сондай-ақ, бұл айдың сыныптарында өзіміздің оң және теріс әрекеттерімізді бағаладық. Жақсылық жасау, намаз бен дұға оқу, жамандықтардан алыстау – адамның Аллаға жақындайтын құралдары. Жаттығу болған айдың арқасында ораза тұтушыларға Жаратушыға жақындау мүмкіндігі берілді. Енді бұл айдағы оң жетістіктерімізді өмірімізде қаншалықты сақтап қалатынымыз маңызды. 

 Биылғы жылғы Рамазан айы өкінішке орай, кейбір мұсылмандар үшін ащы оқиғалармен тұспа-тұс өтті. Әлем мұсылмандары Ораза айттарын Ауғанстанның қаналған халқы үрейлі лаңкестік шабуылдың куәсі болып отырған жағдайда қарсы алуда. Сондай-ақ, Сауд Арабиясының Қатибтегі қорғансыз шиіттері Сауд режимінің надан басшыларының жан түршіктірерлік шабуылдарымен бетпе-бет келіп отыр. Йеменнің зорлық-зомбылық көрген халқы Сауд басшыларының зұлым армиясының бомбалары мен зымырандарының астында қалып, Ирак пен Сирияның мұсылмандары да өз жерлерін ДАИШ лаңкестерін қорғап, оларды елдерінен шығаруды мақсат етіп, қиындықтарға тірелуде. Палестина мен Бахрейннің жастары өз отандары мен армандарын қорғау үшін жандарын қиып отыр.

Йемендегі рамазан

Ұлы Ораза айтының қарсаңында соғыс пен бүлікке шырмалған мұсылмандар үшін шын жүректен дұға тілеп, олардың уайым-қайғыларына ортақ болып, көмектесуге дайындығымызды жариялап, Алладан олардың отандарына бейбітшілік пен тыныштықты қайтаруды, әлемнің жер-жеріндегі ислам үмбеті үшін жақсы келешек тілейміз.

Қасиетті рамазан айының соңғы сағаттарында  мейірімді Алланың кешірімінен үміттеніп, имам Саджад (ғ.с.)-ның әдемі дұғасын тыңдайық: «Біз бұл Рамазанмен қоштасамыз. Біз үшін қоштасу оңай емес. Өйткені, Рамазанмен қоштасу бізді қайғыға батырады. Алланың ең үлкен айына сәлем! Өзіңмен бірге болып, жүректеріміз жұмсарып, мейірімді болып, күнәларымыз азайды. Уа, Алла!  Өмірімізді келесі Рамазан айына дейін жеткізе гөр». («Сахифе Саджадие», 45-ші дұғасының үзіндісі).

         *******************************

«Фаджр» сүресінің 27-30-шы аяттары:

یا أَیَّتُهَا النَّفْسُ الْمُطْمَئِنَّهُ ارْجِعِی إِلی رَبِّکِ راضِیَهً مَرْضِیَّهً فَادْخُلِی فِی عِبادِی وَ ادْخُلِی جَنَّتِی:

«Әй, орныққан нәпсі! Раббыңа Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ жаннатыма кір!»

Бұл аяттар «орныққан нәпсіге» көңіл бөлумен басталады. «Орныққан нәпсі» – Жаратушысын еске алып, тыныштыққа бөленетін және Алланың оған сыйлағанына ризалық білдіретін нәпсі. Мұндай нәпсіге ие адам дүние мен оның барлық мүлкін ақырет үшін бастама санап, нығметке ие болып, күпірлікке бет бұрмайды. Керісінше, кедейшілікке тірелген кезде шүкірсіздік етпейді. Ол кез келген жағдайда құлшылығын орындап, тура жолға табандылық білдіреді. Бұл жерде Алла Тағала оларды Жаратушыларына қарай қайтуға шақырады. Екі жақтың ризалығына ие «Раббыңа Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт!» деген шақыру олардың Алланың сыйларын шынайы көретіндіктерін білдіреді. Алланың ризалығы бірлік пен ризалыққа себеп болады. Мұндай пенде Алланың ризалығына ие болу үшін оған толық бағынып, ғибадаттың шындығын түсініп, Алланың шынайы пенделерінің қатарына қосылуға талпынады. Олар үшін жаннаттан басқа жерде орын жоқ: «...Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ жаннатыма кір!»

Ходже Абдолла Ансари «орныққан нәпсі» туралы: «Бұл қамауды бұзып, жолды ашатын адам қандай бақытты! Адам кейпіндегі шайтан қашып, дұшпаннан дос ажырайды»,- деген.

      ******************************

 

Әлем мұсылмандары бір ай ғибадаттан кейін Ораза айтына жетеді. Сол күні мұсылмандардың үйлері ерекше рухани көңіл-күйге ие бөленеді. Ораза тұтушылар тойлап, қонақ күтуге дайындалады. Бұл рәсім исламдық елдердің көбінде кеңінен таралған. Бұл күні халық Ораза айт намазына қатысқаннан кейін бір-бірінің үйлеріне барып, үй иелері оларға әртүрлі тағамдар, жемістер, арнайы тәттілер мен құрма ұсынады. Ораза айт күнінің ең маңызды тағамы – дәмді тәттілер. Бұл күнгі кездесулер мен қонақтарда тәтті дәмдер көп қойылады. Өкінішке орай, оларды мөлшерден артық пайдалану адамның денсаулығына зиян келтіреді. Сондай зияндардың бірі қан қысымы мен қанның құрамындағы май көлемінің артуы саналады. Салмақтың артуы және оның салдарлары – тәттіні көп жеудің келесі зияны. Сондықтан мейрамдар мен басқа күндері тәтті тағамдарды көп жеуден тартынған жөн.

Ораза айттың тағамдары

Сонымен бірге Ораза айт күні және одан кейін әртүрлі жаңғақтарды мөлшерден артық жемеуге кеңес берілген. Әсіресе, тұзды жаңғақтар қан қысымы жоғары адамдарға көптеген қиындық тудырады. Алайда оларды дұрыс мөлшерде пайдалану әйелдер мен балалардың және жасөспірімдердің организміне қажет темір және магниймен қамтамасыз етеді. Диетолог Алиреза Джаһанниа: «Бір ай күнделікті ұзақ уақыт бойы тамақтанбау ас қорыту жүйенің жұмысына әсерін тигізеді. Сондықтан қасиетті Рамазан айынан кейінгі бірінші күндері көп тамақтанып, ас қорыту жүйесінің жұмысын ауырлатудан тартыну керек. Таңғы  және түскі тамақтың майлы болмағаны дұрыс»,- дейді. Бір ай ораза кезінде организмнің энергетикалық қоры төмендейді. Сол себепті Рамазан аяқталғаннан кейінгі алғашқы күндері Ораза айт күнінің берекесін тиісті түрде көру үшін мөлшерден артық тамақтанбау қажет.

 

Тегтер