Шіл 05, 2017 16:43 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 9

Иранның Санати Шариф Университетіндегі интерактивті роботтар жобаларын іске асыру саласында саңырау балаларға ишара тілін үйрететін робот жасалды.

Санати Шариф университетінің зерттеушілері саңырау балаларға парсы тілін ишарамен үйрететін робот жобалап, шығарғаннан кейін   видео бөлімін жетілдіріп, бұл балаларға интерактивті робот шығару үшін талпыныс жасауда.

Саңырау балаларға парсы тілін ишарамен үйрететін робот

Бүгінде аутизм ауруына шалдыққан балаларды емдеу жобаларында қоғамдық роботтор пайдалану саласында көп талпыныс жасалуда. Аутизмге шалдыққан балалар қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату үшін көптеген қиындықтармен бетпе-бет келеді. Мұндай балаларға интерактивті роботтар көмектесе алады. Обыр ауруына шалдыққан балалардың күйзелістерін төмендету интерактивті роботтардың келесі функциясына жатады. Бұл роботтар ауруханаларда науқас балалардың күйзелістері мен алаңдаушылықтарын төмендетуге себеп болды. Иранның Санати Шариф Университетіндегі интерактивті роботтар жобаларын іске асыру саласында саңырау балаларға ишара тілін үйрететін робот жасалды.

Саңырау балаларға парсы тілін ишарамен үйрететін робот

Санати Шариф университетінің механика факультетінің магистрі және жобанының орындаушысы Мұхаммад Закипур жасалған роботтың мүмкіндіктерінің жергілікті және шетелдік ұқсас роботтормен салыстырып: «Бұл робот парсы тілін ишарамен көрсете алады. Роботтың барлық саусақтары тәуелсіз түрде қозғалады. Жоғары жағының 29 дәрежеге,  төменгі жағының 3 дәрежеге дейін еркін қимылдауы бұл роботтың артықшылықтары саналады. Бұл ерекшелік ұқсас роботтарда азырақ кездеседі. Бейнетаспасы мен дауысы –  роботтың келесі ерекшелігі. Аталмыш робот видео көрсету және сөйлеу мүмкіндігіне ие. Сондықтан саңырау балаларға ишара тілін үйрете алады»,- деді. Ол осы күні сөйлеу мүмкіндігінің жетілдірілгеніне және видео бөлімінің жетілдіріліп жатқанынан тоқталып: «Видео мүмкіндігінің арқасында робот саңырау балалармен қарым-қатынас орната алады. Яғни, егер бала ишара тілімен бір нәрсе көрсетсе, робот баламен қарым-қатынас орнатады» деді.

     ************************************

Технология саласындағы келесі жетістікке ирандық зерттеушілердің бірінің үй құсын өсіретін мекенді дезинфекциялау құралын ойлап шығару жатады. Бұл құрал құс сабанын кептіру, ұсақтау және дезинфекциялау мүмкіндіктеріне ие. Бұл мүмкіндіктердің арқасында тауық өсіретін мекендер таза болып, аурулардың алдын алуға болады.

Үй құсын өсіретін мекенді дезинфекциялау құралы

Горганның ауылшаруашылық университетінің құс маманы Мұхаммад Хосрави: «Осыған ұқсас құрал Испанияда жасалды, бірақ Иран мен басқа мемлекетерде арнайы құралдар қолданылмайды. Бұл жұмыс көбінесе қолмен, айырдың көмегімен жасалады. Бұл өнертабыс тіркелгеннен бері құс сабанын кептіріп, ұсақтап және дезинфекциялайтын бірінші құрал Иранның нарығында пайда болды» дейді.

   ******************************************

Ирандық мамандар бірінші рет қоқысты пайдаланып, жасыл цемент өндірді. Исфаһанның Сепахан цемент зауытының атқарушы директоры Мұхаммад Асади: «30 зерттеуші 3 жыл бойы цемент өндірісін жергіліктендіру саласында жұмыс жасады. Зауыт жұмысшылары шетелдік компаниялардан жаңа жабдық сатып алып, цемент өндірісін өнеркәсіптік кезеңге жеткізді» деді.

Жасыл цемент

Әдеттегі цементтерге қарағанда жасыл цементтің беріктігі 25 жылдан 100 жылға жетіп, қарсыласу мөлшері 20 пайызға артып, сыртқы факторлардың әсерінен бұзылуы 30 пайызға төмендейді. Исфаһанның аталмыш зауыты жыл сайын бір жарым миллион тонна жасыл цемент шығарады. Бұл технологияны пайдаланып, бөгеттер, көпірлер мен басқа да стратегиялық маңызды   құрылыстар жүргізуге болады. Жасыл цементтің ең маңызды ерекшелігі қоршаған ортаны ластауының төмендетуі болып табылады. Жыл сайын елде 70 миллион тонна клинкер (отқа төзімді, су жібітпейтін кірпіш) шығарылады. Егер цемент шығаратын зауыттардың барлығы жергілікті технологияны пайдаланатын болса, бұл өнімді пайдалану жыл сайын 25 миллион тоннаға төмендейді.

  ***************************

Ирандық зерттеушілердің суды натрий хлоридінің мембраналық электролиз арқылы залалсыздандырудың техникалық іліміне қол жеткізуімен Иран мұндай технологияға ие үш мемлекеттің қатарына қосылды. Амир Кабир Политехникалық университетінің  зерттеушілері суды зарарсыздандыру үдерісіндегі  хлордың қатерін азайту үшін оны  тұзға айырбастап, ішуге жарамды, ауылшаруашылық пен өндірісте пайдаланатын таза суды аз қаржымен тазартатын әдісті ойлап тапты. Бұл тәсілдің негізгі әрекеті – антиоксидантты пайдалану арқылы суды дезинфекциялау. Антиоксидант – ішуге жарамды, бассейн және әртүрлі салаларда қолданылатын суды тазартуға пайдаланылатын бірегей өнім.

Суды натрий хлоридінің мембраналық электролизі арқылы тазарту жобасы

Дәстүрлі тәсілдерде су тоғандары мен су қоймаларындағы суды тазарту үшін хлор газы, хлор ұнтағы және ағартқыш пайдаланылатындықтан мұндай орталарда хлордан тұншығу қатері болды. Суды натрий хлоридінің мембраналық электролизі арқылы тазарту жобасының іске асырушысы Хамед Реза Фақихи: «Дүниежүзінде суды дәстүрлі тәсілдермен тазартуды  өзгерту үдерісі басталды. Біз АҚШ пен Германиядан кейін суды натрий хлоридінің мембраналық электролиз арқылы тазарту іліміне ие болған үшінші мемлекетпіз. Суды натрий хлоридінің мембраналық электролиз арқылы залалсыздандыру технологиясын жергіліктендіру Амир Кабир Политехникалық университеті зерттеушілерінің жеті жылдық ынтымақтастығы мен еңбегінің нәтижесі»,- деді. Бұл жобаның құрылғылары елдің оңтүстіктегі шалғай аймақтарында, атап айтқанда Мино аралы мен азат Эрванд аймағында екі жыл бұрын орнатыла бастады. Осы кезде олар аталмыш аймақтың 16000 адамын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Суды натрий хлоридінің мембраналық электролиз арқылы тазарту құрылғылар сондай-ақ Иранның оңтүстік қалаларының бірі Абадан қаласының үштен бір бөлігіне орнатылды.

 

Тегтер