Там 10, 2017 17:04 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері (12)

«Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері» атты бағдарламамыздың келесі бөлімінде сіздерді өткен аптада Иранда орын алған ғылыми-техника және медицина саласындағы жаңалықтармен таныстырамыз.

Иран мен әлемдегі ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктер

Өткен аптада аустралиялық зерттеушілер бір ирандық зерттеушінің əріптестігімен жартылай өткізгіш нанокристаллды  пайдаланып, түнде көруге мүмкіндік беретін көзілдірік жасауда сəттілікке жетті. Жобаға қатысқан ирандық зерттеуші Мохсен Рахмани: "Біз бұл жобада нанофотоника саласында үлкен жетістікке қол жеткіздік. Зерттеу жұмысында біз нанометр масштабында нұрдың әрекеті жəне оның объектілермен әрекеттестігін зерттедік. Бұл жартылай өткізгіш нанокристалдар нұрды жоғары қарқындылықпен өткізіп, нұрдың күрделі шағылысын тудыра алады. Бұл технологияны лазерде қолдануға болады. Ол галограммалық  суретті заманауи дисплейлердің бетінде шығара алады. 

Түнде көруге мүмкіндік беретін көзілдірік

Аустралия ұлттық университетінің зерттеушісі Драгомир Нашо осы технология жайында: «Біз бұл жобада өте ұсақ нанокристаллдарды пайдаланып, оларды бір жұқа қабат түрінде көзілдірік шынының бетіне қойдық. Нанокристаллдардан тұратын осы жұқа қабатты пайдалану арқылы түнде көре алатын мүмкіндік пайда болды. Жұқа қабаттан қағаз ақша бетінде қолданылатын жасанды боямаға қарсы материал жасауға, сонымен қатар бұл технологияны галограммалар мен медициналық  суреттерде пайдалануға болады»,-деді.

Бұл жобада сәулені оңай өткізетін құрал жасалды. Аталмыш технологияны сәулелі дисплейлерді жасауда да пайдалануға болады. Мұндай зат алғаш рет жасалып отыр. Өйткені, осы технологияда қолданылған жұқа қабатта жартылай өткізгіш нанокристалдар қолданылған. Нанокристаллдардың мөлдір бетте орналасуы – түйткілді іс. Бұл көзілдірік түнде көруге мүмкіндік беретін басқа құралдарға керісінше өте жеңіл. Осы технологияны медицина мен жасанды боямаға қарсы құралдарда пайдалануға болады.

Басқа бір жетістікте «Садрин Даруйе Алборз» компаниясындағы ирандық зерттеушілер зығыр дәнінен жүрек ауруларының алдын алатын дәрі жасап шығарды.

Зығыр – (Limum Usitatissimum) бұта түрінде өсетін біржылдық өсімдік. Зығыр майы – Омега-3 май қышқылының ең маңызды көзі. Бұл қанықпаған қышқыл холестериннің мөлшерін сақтауда өте әсерлі рөл атқарады.

«Ирафлекс» капсуласы 

«Садрин Даруйе Алборз» компаниясының бас директоры әрі осы жобаны орындаушы доктор Вахиде Керави Кашани зығыр дәнін пайдалану арқылы екі өнімнің шығарылғанын айтып: «Органикалық жолмен өсірілген зығырдың дәнін пайдаланып жасалған «Ирафлекс» капсуласы – осы өнімдердің бірі. Омега-3 пен 9-дан тұратын дәріні жүрек және қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін қолданады. Дәрі тек гельге ұқсас (gelsoft) капсулалар түрінде өндірілген ББҚ (биологиялық белсенді қоспа) болып табылады»,-дейді.

Зығыр дәнінің ұнтағы да осы жоба барысында жасалған екінші өнім.  Калийге толы бұл ұнтақ гормоналдық ауытқулардан туындайтын обыр түрлерінің алдын алуда пайдаланылады. 

Ерекше архитектуралық жобамен салынған Иранның алғашқы заманауи технологиялар мен виртуалды шындық зертханасы Карадж қаласындағы Өнер университеті қалашығында іске қосылып, пайдалануға берілді.

Осы зерттеу кешенінің жобасын жасап, орындауға 3 жылдан астам уақыт кетті. Бұл виртуалды шындық зертханасын жобалаушы оны салудағы ең маңызды мақсаттар ретінде заманауи технологиялар мен виртуалды шындықты елдің қала салу және архитектуралық жобаларда іс жүзінде пайдалану, қала салу, ғимарат салу, анимациялық фильмдер түсіру, ойын құрастыру, мудьтимедиалық жобалар шеңберінде салааралық зерттеулер жүргізу деп атады.

Иранның заманауи технологиялар мен виртуалды шындық зертханасы

Ирандағы алғашқы заманауи технологиялар мен виртуалды шындық зертханасы өнеркәсіп пен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар арасындағы байланысты одан ары дамыту, қолда бар және орындалу үстіндегі қала құрылысы мен ғимарат салу жобаларының моделін жасау, шынайы ортада жасалған жобалардың қаупі мен қателіктерін азайту, өзгерістерді бақылау мен есептік зерттеулерді жеңілдету үшін сынақтар (Semi-Experiments) өткізу мақсатында ашылды.

Бұл зертхана қазіргі таңда виртуалды шындықты көрсететін және HMD бетіне орнатылу қабілетіне ие су жаңа дисплейлер, еркіндіктің алты дәрежесімен жұмыс істейтін және зертханалық қозғалысты қабылдайтын детекторлар, қозғалыстың үш өлшемді байқау жүйесімен (Leap Motion) жарақталған.

Сонымен қатар, соңғы статистикалық мәліметтер бойынша ИИР ISI көрсеткіші негізінде 2015 жылы ғылыми даму саласында әлем бойынша үшінші орынға ие болған. Бұл ақпарат жуырда жарияланды. ISI дәйектер базасы бойынша, Иранда ғылым өндірісі деңгейінің үлесі 2013 жылы 1,3 пайыз болды.

Ирандағы ғылымның дамуы

Бұл көрсеткіш 2014 жылы жоғарылап, 1,4 пайызға, 2015 жылы 1,5 пайызға жетті. 2016 жылы да көтерілді. Тіпті, осы күнге дейін Иранның әлемнің жалпы ғылым өндіру көлеміндегі үлесі 1,8 пайызды құрап отыр.

Иранның 2014-2015 жылдарда ISI дәйектер базасындағы құжаттар санын басқа елдермен салыстырғанда бұл елдің ғылым өндірісі деңгейінің шамамен 8 пайызға артқанын көруге болады. Ресей мен Аустралия Ираннан алдыда келеді. Бұл екі елдің дамуы тәртіп бойынша 13 пайыз бен 9 пайыз болған. Иранның  Аустралиядан нақты қашықтығы – 0,8 пайыз, Ираның Ресейден нақты қашықтығы – 3,8 пайыз. Бразилия 7 пайыз дамумен Ираннан кейін тұр. Польша, Түркия мен Ұлыбритания 6 пайызбен ғылым өндіру деңгейі бойынша келесі орындарға тұрақтады.

Ғылыми даму бойынша Иран үшінші орында

Сонымен қатар, «Scopus» дәйектер базасынан 1395 жылдың тир айының 8 күні (2016 жылдың 28 маусымы)  алынған соңғы мәліметтер бойынша, ИИР-ның әлемнің жалпы ғылым өндірісі көлеміндегі үлесі 2016 жылы 1,9 пайызға тең болған. 2010 жылы Иранның әлемнің жалпы ғылым өндірісі көлеміндегі үлесі 1,2 пайыз, ал 2011-2015 жылдар аралығында шамамен 1,5 пайыз болды.