Нау 21, 2016 11:29 Asia/Almaty

«Өмір сүру тәсілі» деп ерекше болмысқа ие жеке адам, жанұя немесе қоғамның өмір сүруі үшін тандаған арнайы тәртіп айтылады.

Өмір сүру тәсілі – жеке адамның күнделікті іс-әрекеттерінің топтамасы. Тұтыну, кеңесу, киім кию, сөз сөйлеу әдебі, серуендеу, бос уақытты өткізу, тамақтану әдебі, қала, нарық және үйлердің сәулеті мен осыларға ұқсас мәселелер біздің өмір сүру тәсіліміздің толық топтамасын құрайды. Іс-әрекеттеріміз бен сыртқы көрінісіміз біздің наным-сенімдеріміз бен құндылықтарымызды және талап-тілектерімізді көрсетеді. Өмір сүру тәсілі – адамның жаратылысқа деген көзқарасынан туындаған әрекеттер. Сондықтан өмір сүру тәсілін наным-сенімдер мен құндылықтар тұрғысынан бөлуге болмайды. Өмір сүру тәсілінде элементтердің көбі адамның ықтиярында, яғни өмір сүру тәсілін таңдауға болады. Адамның белсенділігі наным-сенімдер мен құндылықтарға байланысты. Жеке адам мен қоғамдағы өмір сүру тәсілі өте маңызды мәселелердің бірі саналады. Қоғамның  болмысының қалыптасуына наным-сенімдер мен құндылықтар және  өмір сүру тәсілі әсер етеді. Әр қоғам өмір сүру тәсілі  наным-сенімдері мен құндылықтарына сай болған кезде өз әлемтануының өнімін басқаларға көрсете алады. Өкінішке орай, исламдық қоғам исламдық  құндылықтары мен наным-сенімдерін және өзінің өмір сүру тәсілінің арасында рухани қарым-қатынас орната алмады. Бұл қоғамдардың көбісінің өмір сүру тәсілі исламдық емес әдеп-ғұрыптар мен Исламға қарсы көзқарастардан  әсер алды. Құндылықтар мен өмір сүру тәсілі арасындағы алшақтық талқыланатын мәселе.  Бірақ оның ең маңызды факторын таным деп айтуға болады. Яғни, қоғамдағы адамдардың көбі исламдық өмір сүру тәсілі мен әдебінен және құндылықтарынан қажетті деңгейде хабардар емес, сондай-ақ, іс жүзінде бұл тәсілді қолданбайды. Адамның өмір сүру тәсілі мен наным-сенімдері және құндылықтарының арасында қарым-қатынас орнатылмаса, ол біраз уақыттан кейін өз наным-сенімдері мен құндылықтарынан айырылып, өзінің діни емес өмір сүру тәсілін ақтау үшін діни құндылықтар мен наным-сенімдерге күдік-күмән келтіретін болады. Мәселен олар бұрынғы немесе дамымаған қоғам туралы ойланады. Күмәнсіз, бүгінгі әлемде діни өмір сүру тәсілінен бейқамдық исламдық қоғамдарды Батыстың өмір сүру тәсіліне  еліктеуге итермелейді. Батыс дінді жеке адамның өмірімен шектеуге талпынған жағдайда Исламның толық бағдарламаларын таныстыру қажет. Ислам толық дін ретінде  адамзат өмірінің барлық, яғни жанұя, экономика, қоғам, саясат, тіпті тамақтану, серуендеу мен демалыс, саяхат тұрғылары үшін бағдарламаларды ұсынады. Бұл бағдарламалар бір мұсылманның ғамалдарының критерийлерін ұсынады. Бұл критерийлер Алланың әлемді басқаруын әлемнің жаратылуының негізі деп санайды. Сонымен бірге адамның жанұя ортасы, көршілері, діни бауырлары мен мұсылман еместермен қарым-қатынас орнатуы туралы да сөз қозғадық. Бос уақытты пайдалану, пайдалы серуен-саяхат, адам мен қоршған орта арасындағы қарым-қатынас, адамның экономикалық жұмыстары мен күнделікті тұрмысы бұл бағдарламаларда назар аударылған келесі мәселелердің қатарын құрады. «Ислам және өмір сүру  тәсілі» атты бағдарламамызда  исламдық өмір сүру тәсілінің Аллаға құлшылық етуге жағдай жасайтыны туралы  да баяндадық. Өйткені адам тауһидтік және илаһи әлемтануда құнды мақсаттарды көздейді. Тауһидтік және исламдық өмір сүру тәсіліндегі исламдық әдеп – құлшылық әдебі. Осыған орай Иран Ислам революциясының жетекшісі аятола Хаменеи: «Тауһид тек философиялық  мәселе емес, адамдардың өмір сүру тәсілдерінің бірі, яғни, өмірде Алланы  барлық істерінің   бақылаушысы етіп таңдап, басқа ешқандай күштерге бағынбау. Біздің және басқа пайғамбарлардың бізге жеткізген «Алладан басқа Құдай жоқ» деген жолдауы адамның  өмірінде өмір сүру тәсілін таңдаған кезде шайтандарға араласуға рұқсат бермеу деген мағынаны білдіреді. Егер тауһид қоғам өмірінің негізі ретінде қалыптасса, адамзат дүниесі абадтанып, адамның кемелдікке жетуіне көмектеседі»,- деді. Дін адам өмірінің барлық тұрғылары үшін әдептерін ұсынып, шын мәнінде адамның өмір сүру тәсілін қалыптастыруды көздейді. Дін ахлақ, құқық және фикх бұйрықтары  негізінде діни және Алла қабылдайтын өмірдің үлгісін ұсынады. Дін адамның намаз оқуы мен басқа да ғибадаттарынан бастап, кәсіп, еңбек, білім алу, серуен, медицина, азық-түлік, өнім шығару, тұтыну және басқа да жағдайлары үшін өз үлгісін ұсынуға талпынуда. Яғни, дін адам өмірінің барлық тұрғыларын  илаһи еткісі келеді. Адам тек мешітте ғана емес, үйінде, базарда,  мектепте, жұмыс орны мен көшеде Алланың ризалығы туралы ойлайды. Бұл Исламның мұсылмандарға қоятын талабы. Мұсылман адам табиғи түрде жеке адам мен қоғамның өміріндегі сындарлы үлгіні ұсынады. Әр адам жаратылған әлемді әр түрлі көріп, өзінің көзқарасы бойынша өз өмірінің мақсаттарын анықтайды. Исламдық әлемтану да бұл ережеден тыс емес. Аллаға, набоват пен ақыретке, жаратылған әлемдегі адамның ерекше орнына, адамның Аллаға құлшылық ету міндетіне иман келтіру исламдық өмір сүру тәсіліндегі әсерлі маңызды түсініктерге жатады. Енді діни ой-пікір мен секуляристік ой-пікірдің айырмашылығына назар аударайық. Дінді жеке адаммен шектеу, оны адамның өмірінің барлық тұрғыларынан шетке шығару секулярлық өмір сүру тәсілінің негіздерінен саналады. Секулярлық ой-пікірде Құдайды басты орынға қоюдың орнына адам мен гуманизмге басты орын беріледі. Гуманизм, яғни  адамды негіз деп санау. Бұл көзқарас бойынша, секулярлық өмір сүру тәсілінің мақсаты ләззат алу және пайда көру болып табылады. Илаһи әлемтану бойынша бұл дүниедегі өмір ақыретпен байланысты. Басқаша айтқанда, дүние не ексең, ақыретте соны оратын егістік жер сынды. Хазірет Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 133-ші құтпасында дүниедегі өмірді пайдалану туралы: «Соқыр адам дүниені өмірінің соңы санап, одан арғыны көрмейді. Бірақ қырағы әрі көзі ашық адам бұл дүниеден арғыны көріп, шынайы өмірдің бұл дүниенің соңында екенін біледі. Сондықтан көретін адам бұл дүниеге жабыспайды, ал соқыр адам жабысады. Қырағы адам дүниеден ақыреті үшін қор жинайды, ал соқыр адам осы дүние үшін талпынады»,- деген болатын. Имам Әли (ғ.с.) өзінің бұл сөзінде екі көзқарастан туындаған екі түрлі өмір сүру тәсіліне тоқталады. Осы дүниені мақсат ететін көзқарас тек бірнеше күнге созылған осы өмір үшін талпынады. Ақыретті адамның негізгі панажайы санайтын  көзқарас өмірді ақыретте пайдаланатын көпір етуге талпынады. Исламдық өмір сүру тәсілінің келесі маңызды мәселесі  өмірден үміт үзбеу саналады. Өмір – Алланың адамның ықтиярына берген нығметі. Сондықтан оның қадірін біліп, оны пайдаланып, келешекке үміт артуымыз керек. Жаратылысқа деген исламдық көзқарас бойынша қиындықтар мұсылман адамның өмірге жаман қарауына себеп болады. Исламдық өмір сүру тәсілінде мүміннің қиындықтарға күйзеліс таныта беруіне тыйым салынған. Мүмін әрқашан қиындықтарға төзімділік білдіру үшін берілетін сыйды ұмытпай, илаһи рақымдылықтан үмітін үзбеуі керек. (Соңы).

Тегтер