Қыр 02, 2017 18:32 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 13

Иран мен әлемнің 2017-ші жылдың қаңтар айындағы ғылыми-техникалық және медицина жетістіктері.

Иранның ғалымдары Альцгеймер ауруына қарсы алғашқы өсімдік дәріні шығарды. Жоғары оқу орындарының зерттеушілері бұл құнды дәріні шығару үшін Иранның ми ауруларын емдеу саласындағы жергілікті және көне білімін пайдаланып, сонымен бірге дүниежүзінің заманауи мәліметтерін зерттеп, сынақтардан өткізіп, әлемдіктерге ұсынды.

Альцгеймер ауруына қарсы дәрінің тұсаукесері

Теһран университетінің емдік шөптермен зерттеу орталығының басшысы доктор Шамсәли Резазаде: «Зерттеу жүргізген топтың мүшелері толық мәліметке ие болу үшін көптеген клиникалық зерттеулер жүргізді. Альцгеймер ауруының жеңіл және орташа түріне шалдыққан 65-80 жастағы 42 науқасқа жасалған зерттеулер кезінде бұл адамдарға лимон бальзамының сығындылары мен кейбіреулеріне  плацебо берілді. Зерттеулер аяқталғаннан кейін обсессивті-компульсивті бұзылулар, когнитивтік белсенділік және жанама әсерлердің көрсеткіштері бақыланды. Төрт айлық зерттеулерден кейін айтарлықтай нәтижелерге жетіп, плацебо пайдаланғандармен салыстырғанда лимон бальзамының сығындыларын берген адамдардың жеңіл және орташа Альцгеймер ауруы жақсы бақылауға алынды. Сондай-ақ, лимон бальзамының сығындысымен 9 емделгендердің алаңдаушылықтары мен қызбалықтары азайды»,- деді.

Альцгеймер ауруына қарсы әлемдегі алғашқы өсімдік дәрі

Аталмыш дәрі халықаралық деңгейде ұсынылып, әлемдік нарықта сатылу сертификатына ие болды. Тұсауы кесіліп, таныстырылғаннан кейін  өнімді халықаралық деңгейде енгізу бойынша әрекет жасалады.

  **************************** 

Келесі жетістік ретінде Иранның мұхитта жүзе алатын буксирі бар кеме жасап шығаруын атауға болады. Бұл кеме «Садрое Бушеһр» компаниясында жасалды. Иранның буксирі бар мұхитта жүзе алатын алғашқы кемесі күніне 36 тонна балық сақтай алатын төрт мұздатқыш тоннель, 550 текше метр сыйымдылығы бар екі қойма, 230 000 литр жанармай мен 70 000 литрден астам су сақтау мүмкіндігіне ие.

Мұхитта жүзи алатын Иранның буксирі бар кеме

Аталмыш кеме «Парс Марин» компаниясында жобаланып, Бушеһр қаласында «Садро» теңіз компаниясында жасалды. Бұл кеме 80 миллиард риал инвестициямен сегіз айдың ішінде жобаланып, іске қосылды. Оған шетелдік ұқсас кемеге жұмсалатын қаржының үштен бір бөлігі ғана жұмсалды. Ол қоршаған ортаға зиян келтірмейтін сапарларға шығып, алыс теңіздерде сенімді тәсілдермен балық аулай алады. Олар өте нашар жағдайда балық аулау мүмкіндігіне ие. Мұндай кемені дүниежүзі бойынша санаулы мемлекет қана жасай алады.

   *********************

 

Спутниктік технологиялар саласында Иран Ислам Республикасының байланыс министрі «Nahid 1» және «Friendship» жерсерігінің аяқталғанын, «Friendship» жерсерігінің ғарышқа биыл, ал «Nahid 1» жерсерігінің келесі жылы ұшырылатынын мәлімдеді.

Ғарыш жерсерігі

Иранда Ислам революциясынан кейін ғарыш және жерсерігіне қатысты көптеген жұмыстар жасалды. Өткен жылдары ғарыш технологиясының дамуы мен осы салада зерттеу жүргізіп, сондай-ақ жергілікті жерсеріктерін жасау үшін бюджет бөлінді.

Иранның ғарыш пен жерсеріктері саласындағы жетістіктерінен кейін Иранның Ғылым мен технология университетінің электротехника факультетінің зерттеушілері GPS-қабылдағыштарды қасақана және күтпеген бұзылуларға төзімді ету жұмыстарын жергіліктендірді.

GPS қабылдағышы

Аталмыш университеттің ұстазы доктор Сейед Мұхаммадреза Мусави Миркалаи жоғары оқу орнының зерттеушілерімен ынтымақтастық жасап, қасақана және күтпеген бұзылуларға төзімді GPS қабылдағышты сәтті  жобалады. Бұл жоба   Иранның Ғылым және технология университетінің Ғылыми-өнеркәсіптік ынтымақтастығы басқармасы және аэроғарыш саласы арасындағы өнеркәсіптік келісім түрінде жүзеге асырылды. Бұл GPS-тің ерекшелігі - ұқсас шетелдік үлгілерімен салыстырғанда заманауи болуы мен жақсы жұмыс істеуінде. Оның нәтижелері мақала түрінде бірнеше халықаралық басылымдарда жарияланды. Әскери орталарда мекенді анықтау саласында айрықша маңызды мәселелердің бірі қасақана және тосын бейберекеттіктерге қарсылық көрсету. Иранның Ғылым  мен технологияуниверситетінің зерттеушілері жасаған GPS қабылдағышы осы мүмкіндікке ие.

 

 

 

Тегтер