Ұлы тұлғаның алдында 77
Қасиетті Ислам дінінің көзқарасы бойынша барлық мұсылмандар мамандыққа ие болып, жұмыс істеуге міндетті. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Жұмыс істемей, тек ғибадат жасап, Аллаға құлшылық ететін адамның дұғасы Алла тарапынан қабылданбайды»,- деген.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жұмысшының орны мен құндылығы туралы: «Егер қоғам жұмысшының құндылығын түсінсе, қоғамның барлық мүшелері өздерін жұмысшыға борыштар санайтын болады»,- деді. Жұмысшы өз мүмкіндігін басқа адамдарға қызмет ету жолында пайдаланып, жұмысы үшін ақысын алады. Исламдық мәдениетте мұндай адам қадір мен құрметке ие. Исламның ұлық пайғамбары жұмыскер адамның сүйелденген қолын сүйіп: «Бұл қолды тозақ оты шарпымайды»,- деген. Бейнетқор жұмысшының қолы оны жәннәтқа жеткізіп, оның атына сауаптың жазылуына себеп болады.
Қасиетті Ислам дінінің көзқарасы бойынша барлық мұсылмандар мамандыққа ие болып, жұмыс істеуге міндетті. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Жұмыс істемей, тек ғибадат жасап, Аллаға құлшылық ететін адамның дұғасы Алла тарапынан қабылданбайды»,- деген. Имам Садық (ғ.с.) келесі бір сөзінде: «Имам Әли (ғ.с.)-ның өзі күрек және қайламен жерді қазып, даланы гүлдендіріп, ақысына көптеген құлды азат еткен»,- деп айтқан. Исламның ұлық пайғамбары жұмысшыға ерекше көңіл бөліп, оларды құрметтеген. Хазіреттің пікірінше, әр адам өз жағдайына қарай белгілі бір жұмыста табысқа жете алады. Мейірімді Алланың елшісі бұл туралы: «Барлығыңыз талпыныс жасап, еңбек етіңіздер. Бірақ әрбір адамның белгілі бір жұмыс үшін жаратылып, соны оңай орындайтындығына көңіл бөліңіздер. Исламның пікірінше, жұмысшы мойынына алған жұмысын жақсы орындап, оны кейінге қалдырмауы керек»,- деген. Ислам дінінің әйгілі тұлғалары мақтан тұтып, еңбек еткен жағдайда мұсылман адам қалайша жұмыс пен талпынысқа немқұрайдылық танытады? Егер қоғамда еңбек мәдениеті нығайып, жұмысшының беделі мен маңызы сақталса, жаңашылдық пен даму болады.
Ислам революциясының жетекшісі бейнетқор жұмысшыларды қоғамның маңызды табы санап, жұмысшыны елді тәуелсіздікке жеткізе алатын фактор деп атады. Ислам революциясының жетекшісі әсіресе ауылшаруашылығы мен өндірісте еңбек ететіндерді елдің тәуелсіздігі мен әл-ауқаттылығының күшті тірегі деп таныстырады. Олар талпыныстарымен елдің тәуелсіздігі мен бақуаттылығына себеп болады. Жұмысшылар мен еңбекшілердің еңбектерінің маңыздылығына байланысты олардың құқықтары мен беделі сақталуы керек. Ислам дінінде жұмысшылар мен жұмыс берушілердің құқықтарын қорғайтын заңдар қарастырылған. Исламның жұмыс пен жұмысшыларға және жұмыс берушілерге қатысты көзқарасының толықтығы сондай, еңбекке қатысты ешбір заң Исламның жұмысшыға беретін артықшылығы мен жұмысшы мен жұмыс берушінің құқықтарын қолдайтын деңгейге жете алмайды. Алла елшісі: «Жұмыс берушілер жұмысшының азық-түлігі мен киімін қамтамасыз етіп, одан мүмкіндігі мен күшінен артық жұмыс талап етпеуі керек»,- деген болатын. Хазірет келесі бір сөзінде: «Жұмыс берушілер жұмысшының маңдайындағы тері құрғамастан бұрын оның ақысын төлеуге міндетті»,- деп қуаттаған. Мұсылмандардың төртінші имамы хазірет Саджад (ғ.с.) өзінің «Ресалате хуқуқ» еңбегінде жұмысшы мен жұмыс берушінің құқығы туралы: «Жұмыс беруші жұмысшының қателіктерін кешіріп, ақысын толық төлеуге, оған тәкаппарлық білдірмеуге, оның ақысын белгілеген кезде әділ болуға міндетті»,- деген. Солейман Джафари: «Хазірет Реза (ғ.с.)-мен бірге үйіне кірдім. Хазірет үйіндегі қызметшілерінің гүл егіп жатқанын көреді. Олардың арасында қара нәсілді жұмысшы болды. Хазірет оның кім екенін сұрағанда үй қызметшілері: «Оны бізге көмектесуге шақырдық»,- дейді. Хазірет: «Оған төлейтін ақыны белгіледіңдер ме?»- деп сұрағанда олар: «Жоқ, біз оған не берсек те, ол разы»,- дейді. Хазірет ашуланғанда мен: «Құрбаныңыз болайын, неге ренжідіңіз?!»- деп сұрадым. Хазірет: «Мен оларға сан рет былай жасамау туралы ескерттім. Ақысын белгілеместен бұрын ешбір адамға жұмыс бермеу керектігі туралы айттым. Уа, Солейман! Егер ақысы белгіленбей жұмысшы жұмыс жасаса, оған үш есе артық ақы төленсе де ол аз деп күманданады. Алайда, егер ақысы белгіленсе, аз болса да төленген ақыға ризагылық білдіріп, азлап артық төлесең де оған көп төленгенін түсінеді»,- деді.
Исламның жұмысшылардың құқықтарына қатысты көркем заңдарының бірі жұмысты бастамастан бұрын ақысын белгілеуді қуаттауында. Ислам ақысын белгілемей, жұмысшыны жұмысқа алған адамды қабылдамайды. Сондай-ақ, жұмысшының ақысын ол жұмысын аяқтай салысымен жылдам төлеуге кеңес береді.
Ислам дінінің келесі маңызды заңдарының бірі жұмысшыға қысым көрсетпеу болып табылады. Имам Саджад (ғ.с.) өзінің «Ресалате хуқуқ» еңбегінде жұмыс берушілерге: «Қол астарында жұмыс істейтін адамдардың әлсіздігі мен сенің қаржылай, физикалық және идеологиялық күшін сенің оларға билік жүргізуіңе себеп болды. Сондықтан олармен әділ қарым-қатынас орнатып, оларға мейірімді әкесі сынды бол. Олардың надандығы мен қателерін кешіріп, Аллаға саған берген мүмкіндік үшін алғыс айт»,- деген. Хазірет келесі бір сөзінде жұмысшыларға қысым көрсетіп, оларды қорлауға тыйым салып, олардың құқықтарымен санасуды бұйырады. Хазірет: «Үйің мен дүкенің, шеберханаң мен зауытыңдағы жұмыстарыңды орындайтын адамның Алланың жаратылысы әрі өзің сынды хазірет Адам мен Хауа ананың ұрпағы екенін ұмытпа. Сен оны иесі мен Жаратушысы емессің. Оның ырзығы сенің қолыңда емес. Сондықтан оған жақсылық жаса»,- деді. Алла елшісі хазірет Мұхаммад-Мұсатафа (с.ғ.с.) тағы бір сөзінде жұмыс берушінің жұмысшыға ақысын төлемеуін және ақысын төлеген кезде жұмысшыға қысым көрсетуді үлкен күнә деп атап: «Алла Тағала жұмысшыға ақысын төлеген кезде қысым көрсететін әр адамның жақсы ғамалдарын жойып, оны жәннаттың иісінен мақұрым етеді»,- деген.
Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, капиталистік және коммунистік жүйелерде жұмысшы мен жұмыс берушінің қарым-қатынасы дұшпандық, ал Ислам дінінде жұмысшы мен жұмыс берушінің қарым-қатынасы достық сипатқа ие: «Исламның көзқарасы – ынтымақтастық көзқарасы. Олар (жұмысшылар мен жұмыс берушілер) – екі элемент. Олар біріккен кезде жұмыс пайда болды. Сондай-ақ, барлық нәрсені қайшылық деп санаған солшыл және коммунистік көзқарасқа керісінше, Исламның көзқарасы ынтымақтастық жасау көзқарасы. Яғни, жұмысшы мен жұмыс беруші бір-біріне қарсы болудың орнына бір-бірімен ынтымақтастық жасайды. Бұл – Исламның көзқарасы. Бұл – табиғи көзқарас, илаһи сүннет пен жаратылыстың заңдары. Әлемнің барлық салаларында, атап айтқанда саяси, тарихи, экономикалық және тағы да басқа салаларында осылай. Исламның көзқарасы – ынтымақтастық, коалиция құру, пікірлес болу. Жұмысшы мен жұмыс берушінің мәселесі де осыған ұқсас. Олар бір-біріне қолдарын созып, жұмыс орнын ашып, өнім шығарады. Жұмысшы жұмыс берушісіз және жұмыс беруші жұмысшысыз өмір сүре алмайды. Олар бір-бірінің қасында өзара адамгершілік пен ахлақ неіздеріне сүйенген қарым-қатынас орнатып, өнім шығаруға жағдай тудырады. Олар материалдық тұрғыдан алға ілгерлеуімен бірге рухан дамиды. Бұл біздің көзқарасымыз. Біз солшыл-оңшыл ағымдарды қабылдамаймыз. Жұмыс беруші шынайы ынтымақтастық етіп, жұмысшыны беделді деп санаған кезде беделді элемент болады. Олар бір-біріне көмектесіп, адамгершілік пен исламдық негіздерге сай алға ілгерлейді. Бұл жұмыстың негізі. Барша осы салада жұмыс жасауға міндетті»,- деп айтқан болатын.