Иран базары (15)
Иранның мұнайдан тыс экспорттық тауарларының бірі – инженерлік-техникалық қызметтер. Иран өткен жиырма жылда өз мамандарының арқасында елдің экспорттық тауарлар тізіміне әралуандық енгізу жолында инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттайтын болды.
Иранның мұнайдан тыс экспорттық тауарларының бірі – инженерлік-техникалық қызметтер.
Инженерлік-техникалық қызметтер бір өнімді өндіру немесе тиісті қызмет көрсету үшін басқару, білім, технология мен адам ресурстарының біліктілігі сияқты факторлардың жиынтығын қолданудан тұрады. Инженерлік-техникалық қызмет көрсету бір елдің аумағымен шектеліп немесе шекаралардан өтіп, халықаралық нарықтарға шыға алады. Инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттау ғылым ментехнологияларды және мамандарды экспорттау дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттау мақсаттандырылған инженерлік белсенділіктер жиынтығын экспорттау, дайындау, орындау, салу, тауар, құрал-жабдықтар мен өнеркәсіптік машиналарды жөндеу, орнату, іске қосу, бақылау, техникалық біліммен алмасуға қатысты оқу курстарын өткізу, компьютерлік бағдарламалар саласындағы белсенділіктер (басқару, жобалау, кеңес беру және информатикалық қызметтер) мен дамуды зерттеу және тағы да басқа қызметтерден тұрады. Инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттау басқа тауар түрлерін экспорттаудан өзгеше. Ол тек тауар шығарумен шектелмейді. Мұнай, газ бен мұнай-химия өнімдері, пайдалы қазбалар немесе ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өнімдер сияқты тауарларды экспорттағанда тауар өндірушінің иелігінен шығады. Ал инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттағанда және оны көбірек қолданғанда қызмет көрсетуші компаниялардың білімі, біліктілігі мен тәжірибесі арта түсіп, өнімдердің осы түрін экспорттауды арттыруға мүмкіндік туындайды.

Бүгінгі әлемде қызметтердің көбін экспорттауға болады. Ғылым мен технология бұрынғыдан көбірек алмасуға болатын құнды өнімге айналды. Қызметтердің аясы өте кең. Дүниежүзілік сауда ұйымының классификациясында қызметтер жалпы 12 бөлімге бөлінген: білім беру, қаржы істері, әлеуметтік істер, тасымал, телекоммуникациялық байланыстар, тарату, қоршаған орта мәселелері, туризм мен ойын-сауық, мәдениет және спорт, сауда-саттық, инженерлік-техникалық қызметтер және тағы басқалар. Әлемдік экономиканың инфрақұрылым мен абадтандыруды дамытуға қажеттілігі күн сайын артып келе жатқанына байланысты қызметтер саудасы, соның ішінде инженерлік-техникалық қызметтер саудасы әлемнің көптеген елдерінде айтарлықтай дамыды. Деректер үшінші мыңжылдықта инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттаудың әлемдік алыс-берісте зор үлесі болатынын көрсетті. Өйткені, мыңжылдықтың бастапқы жылдарында-ақ әлемдегі инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттаудың құны жүздеген миллиард доллар болған.

Иранның инженерлік компанияларының инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттаудағы тәжірибесі мен халықаралық сахналардағы белсенділігі 20 жылдан асады. Х.ш.ж.с.б. 1373 жылы (1994 жылы) үздік әрі бастамашыл инженерлік бірнеше ирандық компания көрші елПәкістанда жол салу жобасын бастады. Содан кейін осы қызмет түрін Ираннан әртүрлі елдерге экспорттау басталды. Ирандық компаниялардың бәсекеге қабілетті бағалар беру, қызмет көрсету және кеңес беру деңгейінің жоғарылығы, көп жағдайда тиісті нарыққа жақын болуы, мәдени ортақтастықтар, кейде ортақ тіл сияқты артықшылықтарға ие болуы олардың қызметтерді мейілінше жақсырақ көрсетуіне септігін тигізді. Осы уақытқа дейін Иранның инженерлік компаниялары әртүрлі елдерде 700-ге жуық жобаны орындауға қатысты. Иранның Сауданы дамыту ұйымы тарапынан жарияланған статистикалық мәліметтер бойынша, Ираннан инженерлік-техникалық қызметтер алатын кейбір елдердің қатарында Үндістан, Ирак, Ауғанстан, Армения, Түркия, Сирия, Венесуэла, Экваторлық Гвинея, Шри-Ланка, Кения, Судан және Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Тәжікстан сияқты ТМД елдері бар. Иран экспорттайтын негізгі инженерлік-техникалық қызмет түрлері өнеркәсіптік жобалар, электр стансасын салу, жол және құрылыс жобалары болды.

Иранның өнеркәсіп саласында кейбір елдерге экспорттайтын инженерлік-техникалық қызметтерінің бірі – бөгет салу. Бұл сала әлемдегі құрылыс қызметінің бір бөлігі саналады.
Иранда бөгет салу өнеркәсібі елдің ең маңызды өнеркәсіп түрлерінің бірі саналады. Иранда бөгет салудың тарихы ерте заманнан басталады. Иран географиялық жағдайы тұрғысынан құрғақ және жартылай құрғақ аймақта орналасқан. Ел территориясының үштен екісі орталық үстіртке қарайды. Ертн замандардан бері су тапшылығы мен жауын-шашын мөлшерінің аздығы Иран жерінде мекен еткен адамдардың қиындықтарының бірі болған. Олар судың ауылдар мен қалалардың дамуы мен экономиканың қарқындануында өміршең рөл атқаратынын ескеріп, суды сақтау және осы илаһи нығметті көбірек пайдалану үшін әртүрлі жолдарды қолданған. Ирандықтар әрбір аймақтың географиялық жағдайына байланысты бөгет немесе тоған салған. Олар әртүрлі тарихи дәуірлерде адамзат баласы салған осы құрылыстарды жөндеуден өткізіп отырған.
سد کبار استان قم- ایران
Кебар бөгеті – Иранда шамамен 700 жыл бұрын салынған көне бөгеттердің бірі. Әлемнің доға түріндегі ең көне бөгеті Құм облысында орналасқан. Ол әлі жұмыс істеп тұр. Бөгетті салу үшін қолайлы жерді таңдап, оның доға пішіндес болуы ирандық инженерлердің жоғары білімі мен біліктілігін көрсетеді. Бұл шеберлік бөгеттің қабырғасы ұзындығы 1000 метр, ал ені 500 метрлік су қоймасының қысымына өте жақсы төзуіне себеп болды. Соңғы жылдары Иранның белсенді компаниялары дамыған ғылымды пайдалану арқылы және жоғары технология мен білікті мамандардың арқасында елде 300-ден астам ірі заманауи бөгет салды. Бұл Иранды бөгет салу өнеркәсібі бойынша әлемдегі үздік 4 елдің қатарына қосты. Бөгет салудағы мақсат тұщы сумен қамтамасыз ету, бөгеттің артына жиналған суды пайдаланып, электр қуатын өндіру және егіншілерді қажетті сумен қамтамасыз ету болып табылады. Иран бөгет салу өнеркәсібінің әртүрлі бөліктерінде өзін-өзі қамтамасыз ету дәрежесіне жетіп, осы саладағы инженерлік-техникалық қызметтерді әртүрлі елдерге, соның ішінде Кубаға, Судан мен Зимбабвеге, Кения мен Тәжікстанға, Ауғанстанға, Армения мен Әзірбайжанға, Ирак пен Пәкістан және Түркіменстанға экспорттады. "Достық" пен "Ходаафарин" бөгеттері Иранның екі көрші ел Түркіменстан және Әзірбайжанмен бірлесе отырып, ирандық инженерлерінің күш-қабілетімен салған бөгеттерінің қатарына жатады.
سد دوستی در مرز ایران و ترکمنستان
سد دوستی
سد دوستی
سد دوستی
سد دوستی
سد دوستی
سد دوستی
سد دوستی
سد دوستی
سد دوستی
سد خداآفرین
سد خداآفرین در مرز ایران و جمهوری آذربایجان
سد خداآفرین
سد خداآفرین
سد خداآفرین
Иран мен Түркіменстан шекарасындағы "Достық" бөгеті
Иран экспорттайтын инженерлік-техникалық қызметтердің келесі түрі – электр қуаты өнеркәсібі. Су мен электр қуаты Иранның мықты өнеркәсіп салаларының қатарына жатады. Бұл саладағы инженерлік-техникалық қызметтер мен техникалық құрал-жабдықтар Батыс тарапынан санкция жарияланғанға дейін әлемнің 40 еліне экспортталып тұрды. Қазіргі таңда Иран төрт көрші ел – Түркия, Ирак, Ауғанстан мен Пәкістанға электр қуатын тасымалдайды, ал Әзірбайжан мен Армения елдерімен электр қуатын алмасады.

Иранның Геология және пайдалы қазбаларды барлау ұйымы – инженерлік-техникалық қызметтер көрсету саласында белсенді жұмыс атқарып келе жатқан ұйымдардың бірі. Бұл ұйым геологиялық барлау мүмкіндіктерін анықтау арқылы әлемнің 20-дан астам елімен әртүрлі тақырыптарда меморандумға қол қойды. 1:100000 және 1:25000 масштабында геологиялық қатпарларда аудандық барлау жүргізу, геохимиялық, спутниктік, геоэкономикалық, аэрогеофизикалық және теңізде геологиялық зерттеулер жүргізу, тапсырыс берген елдердезерттеу орталықтарын салу да қол қойылған меморандумдардың бір бөлігі болып табылады. Пайдалы қазбаларды анықтау үшін бастапқы геобарлау жүргізу, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ақпарат орталығын ашу, Таяу Шығыстағы металлургия жәнепайдалы қазбалардың орналасу картасын дайындау, Ауғанстан, Судан, Пәкістан, Тәжікстан мен Түркіменстан елдерінің геологиялық барлау саласындағы білім деңгейін жоғарылатуға көмектесу, әлемнің геологиялық карталарының халықаралық комиссиясына қарасты жобалардың 25 пайызының ИИР-на тапсырылуы осы ұйымның халықаралық сахнадағы белсенділіктерінің қатарына жатады.
Иранның басқа елдерде атқарған инженерлік-техникалық қызметтер саласындағы жобаларының қатарында құрылыс, жол салу, мұнай-газ бен мұнай-химия салаларындағы өнеркәсіптік жобаларды атауға болады. ИИР инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттауды дамытудымұнайдан тыс экспорттар саласындағы өзінің маңызды басымдықтарының бірі санайды. Сол себепті инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттауда сәттілікке қол жеткізу үшін ирандық инженерлік компаниялар өздерін менеджмент және заманауи әрі озық технологиялармен жарақтап, халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік жасап отыр. Осылайша елдің әртүрлі салалардағы, әсіресе инфрақұрылым салаларындағы күш-қабілетін көрсетуді көздейді. Иран жоғары ғылым мен технологияға, маман жастарға және тәжірибелі жұмысшы күшіне ие бола отырып, ішкі қажеттілікті қамтамасыз етумен қоса, осындай экспорттың артықшылықтарын одан ары пайдалануды мақсат тұтып отыр.