Қар 21, 2017 23:00 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми-техникалық және медицина   саласындағы жетістіктері (17)

«Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері» бағдарламасының кезекті бөлімінде Иран мен әлемдегі соңғы ғылыми жаңалықтар туралы хабарларды ұсынамыз.

 

Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері

 

Теһран университетінің зерттеушілері жаңа жетістіктерінде наноқұрылымдар және талдау жұмыстары  арқылы қатерлі ісіктің жасушалық үдерістерін анықтайтын сенсорлық құралды жобалап, жасап шықты. «Жасушалық дифференциацияға арналған нано-биосенсорлар» деп аталған жобаның авторы доктор Мұхаммад Абдолахад: «Біз жасушалық үдерісті оңай анықтауға көмектесетін және қатерлі ісік жасушаларының наноқұрылымдармен өзара әрекеттесуіне негізделген бірқатар талдау жүргізетін жүйені жобалап, жасадық» деді.

 

Қатерлі ісік жасшуларының үдерісін анықтау

 

Бұл жүйенің қызметтерінің бірі – қатерлі ісік жасушаларының үдерісін анықтау. Бұл құрылғыны адам денесіндегі басқа да жасушалардың үдерісін бақылау үшін пайдалануға болады. Қатерлі ісік жасушаларының ұдайы өндірілуі, жабысушылығы, бөліну жылдамдығы, жетілуі және қызметі сау жасушалардан өзгеше болғандықтан осы жасушалардан келіп түсетін электр және химиялық сигналдарға әсер етуіне себеп болады. Бұл жобада кремний және көміртегі наноқұрылымдарына негізделген электрлік импеданс сенсорлары жасуша мембранасының диэлектрлік параметрлерін көрсетіп, жасушаның физиологиялық жағдайын анықтайды. Сонымен қатар, бұл жүйе обыр ісігіне қарсы дәрі-дәрмектердің қатерлі ісік жасушаларына тигізетін әсерлерін де зерттей алады.

Жобада көміртегі нанотүтікшелері, силиконды наносымдар, силиконды негізге жалғанған силиконды наношиыршықтары және сезімтал электродтар ретінде наномен жабылған шыны пайдаланылған. Соңында электрлік импеданстың мөлшері мен фазасы жасушаны табу үшін жауап үлгісі ретінде енгізілді.

Миелин қабығының бұзылуынан туындайтын жүйке жүйесі ауруларының бірі MS (Multiple Sclerosis) болып табылады.Бұл ауру түрі байланыс орнату рөлін атқаратын жүйке жүйесінің бөлімдерінің бірінде ақау тудырып, диплопия және қимыл қозғалыстарының бұзылуы сияқты түрлі физиологиялық ауытқушылықтарға алып келеді. 

Иранның қалпына келтіру және оңалту медицинасының мамандары осы ауруды мдеу үшін миелин шығаратын жасушаларды өндіруге талпыныс жасап жатыр. Жасушалардың қызметін өзгерту жолдарының бірі – трансдифференция әдісі. Бұл тәсілде сараланған бір жасуша бірнеше ген немесе ақуыздың көмегімен дифференциацияланған басқа жасушаға айналады. Бұл зерттеулер «Ройан» зертханасында жоба ретінде жүзеге асырылды.

Миелин шығаратын жасушаларының өндірісі

 

Зерттеушілер анықтаған miR деп аталатын кіші РНК тізбектері жасушалардың тағдыры мен функциясында маңызды роль атқарады. Бұл жобада ирандық дәрігерлер астроцитті Миелин шығаратын жасушаға трансдифференциялауда miR302 / 367 және вальпроялық қышқылды(эпилепсияға қарсы зат) пайдаланды. Tissue engineering & regenerative medicine  халықаралық басылымында жарық көрген осы зерттеудің нәтижесі  зертханалық жануарлар үлгісінен алынған жасушалардың қозғалтқыш күйінің  жақсарғанын және зақымданған миелин қабығы күйінің жақсаруы ақуаздардың боялуы арқылы анықталғанын көрсетті. Жобаның нәтижесі трансдифференциялаудың осы әдісінің миелин қабықшасы зақымданған науқастарының миының жұмысын жақсартуға болатынын және  клиникалық зерттеулерден кейін науқастардың осы тобында емделу үмітін арттыруға болатынын көрсетті.

Келесі жетістіктерде Иранның зерттеушілері инсульт ықтималдығын анықтайтын бағдарламалық жасақтаманың жобасын жасады.

Инсульт ықтималдығын болжауға арналған бағдарламалық жасақтаманың жобасы

 

Жұқпалы емес аурулар дамып келе жатқан және дамушы елдерде өлім мен мүгедектіктің ең маңызды себебі болып отыр. Сол себепті ғалымдар адамдарда инсульт орын алу ықтималдығын болжайтын бағдарламалық жасақтаманы жобалап жатыр. Бұл жасақтама  өзіндік күтім, аурудың алдын алу және жұқпалы емес ауруларды бақылауға алу бойынша 11 қағидатқа негізделіп, Иран Ислам Республикасының инфекциялық емес аурулардың алдын алу және бақылау бағдарламасы (IRAPAN) шеңберінде жасалды.

Ең бастысы, бұл бағдарлама сенімді әрі расталған мазмұнға ие. Бұл салада мұндай бағдарламалар жоқтың қасы. Жасақтамада алдымен пайдаланушылардың жүрек инсульті, ми инсульті және қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығының мөлшері есептеліп, әр адам үшін арнайы жоспар әзірленеді. Адамдар сол жоспарды іске асыру арқылы сау жүрекке қол жеткізе алады. Бұл бағдарлама ирандық ғалымдардың талпыныстарының жемісі болып табылады.

 Ағаштар мен бұталардың арасында құстардың салған әнін  тыңдап өмір сүру күйзелістің пайда болу ықтималдығын азайтады. Ұлыбританияның Эксетер және Квинсленд университттерінің ғалымдарының айтуынша, күйзелістің мөлшері адамның кешкі уақытта көретін құстарының санына тікелей байланысты болып табылады.

Құстарды тамашалай отырып, күйзелістен арылу

 

Зерттеушілер осы жобада үйдің маңайындағы құстарды, ағаштар мен бұталарды тамашалаудың психикалық саулыққа тигізетін пайдаларын көрді. Зерттеу тобының мүшесі Даниэл Кокс бұл жайында: «Табиғаттың кейбір жаратылыстары біздің психикалық саулығымызға жақсы әсер етеді. Үй маңындағы және жалпы табиғаттағы құстар адам саулығы үшін пайдалы болып табылатын жаратылыстардың көшбасында тұр. Олар қалаларды өмір сүру үшін сау әрі көңілді ортаға айналдырады» деді.

Бұрынырақ жасалған зерттеулер де терезелерінен теңіз немесе көл көрінетін үйде тұратын адамдардың күйзеліске азырақ шалдығатынын көрсетті.

Өткен аптада ғалымдар Канадада тіршіліктің алғашқы белгілерін тапты. Олар 3 миллиард жыл тарихы бар тастарды зерттеу барысында  қызыл түсті түтікше пішіндес тасқа айналған ағза тапты. Қызыл түтікше пішіндес микроағзалар Канаданың солтүстік-шығыстағы даладан  табылды. Олар жер бетіндегі 4 миллион жылдық тарихы бар ең көне ағза есептеледі. Тасқа айналған микроағзалар теңіз түбіндегі гейзердің маңынан табылған заттарға ұқсас. Дегенмен, табылған микроағазалардың ең алғашқы тіршілік белгісі болуы туралы түрлі пікірлер айтылуда. 

Канададағы тіршіліктің ең алғашқы белгісі

 

Осы зерттеу жұмысын басқарған Лондон колледжінің түлектерінің бірі Мэтью Дад: «Біздің тапқан нәрсеміз тіршіліктің мұхит түбіндегі гейзер маңында басталуы туралы теориямызды қолдайды. Егер бұл жаңалығымыз расталатын болса, табылған ағзалардың 2013 жылы Аустралияда табылған үлгілерден 300 миллион жыл ертерек тіршілік еткені расталады» деді.