Иран базары (17)
Бүгінде Иранда іргелі ғылымға негізделген жүздеген компания, ондаған ғылым мен технологияларды дамыту паркі мен орталық бар.
Олар әртүрлі салаларда, соның ішінде әуе-ғарыш, ақпарат және байланыстар, электроника, медицина, фармацевтика, мұнай мен газ, энергетика, діңгекті жасушалар, баспа және қаптама салаларында жұмыс істеп, көптеген жаңа идеялар мен бастамаларды өз атына тіркеп, кейде оларды коммерцияландыру арқылы өз өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығарып жатыр.
Даму және экономикалық ынтымақтастық ұйымының (OECD) сипаттамасы бойынша, іргелі ғылымға негізделген экономика – «білім мен мағлұматтарды өндіру, тарату және қолдану» негізінде қалыптасып, ондағы инвестицияның басым бөлігі «жаңашылдық пен инновацияға» жұмсалатын экономика. Басқаша айтқанда, іргелі ғылымға негізделген экономика деп ғылымды қосымша құн салығын арттыру үшін пайдаланатын өндіріс тәсілі аталады. Іргелі ғылымға негізделген экономика жасампаздық, инновация, инвестиция, коммуникациялық инфрақұрылым жасау, ғылыми-технологиялық парктер ашу, идеяны өнімге айналдырып, коммерцияландыруға негізделген. Іргелі ғылымға негізделген экономиканың қалыптасуында оқыған әрі шебер жұмыс күші, ынталандыру жүйесі, бюджеттен зерттеуге қаражат бөлу және технологияға негізделген коммуникациялық инфрақұрылым маңызды рөл атқарады. Бұлар ғылымды байлыққа айналдыруға болатын ең маңызды факторлардың қатарына жатады. Соңғы жылдары осындай экономикаға қол жеткізу ИИР жүйесінің биік мақсаттарының бірі болып отыр.
Бүгінде Иранда іргелі ғылымға негізделген жүздеген компания, ондаған ғылым мен технологияларды дамыту паркі мен орталық бар. Олар әртүрлі салаларда, соның ішінде әуе-ғарыш, ақпарат және байланыстар, электроника, медицина, фармацевтика, мұнай мен газ, энергетика, діңгекті жасушалар, баспа және қаптама салаларында жұмыс істеп, көптеген жаңа идеялар мен бастамаларды өз есіміне тіркеп, кейде оларды коммерцияландыру арқылы өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығарып жатыр.
Іргелі ғылымға негізделген ирандық компаниялардың айналысатын аяларының бірі – іргелі ғылымға негізделген теңіз өнеркәсібі салаларының технологиясын дамыту. Өздеріңіз білетіндей, Иран географиялық жағдайы тұрғысынан солтүстік және оңтүстік бөлігінде жүздеген километрге созылып жатқан су шекарасы бар аймақта орналасқан. Сол себепті Иран үшін теңіз өнеркәсібі стратегиялық сипатқа ие. Соңғы жылдары Иран өзінің судағы шекараларына қатысты қорғаныс өнеркәсібінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Иран орта топтағы сүңгуір қайықтарды жобалап жасау қабілетіне ие санаулы елдердің қатарына қосылды. Жеңіл сүңгуір қайықтар мен эсминецтер жасау, зымыран атқыш, торпеда атқыш және зымыран тасығыш жүрдек қайықтарды жасау Иранның теңіз өнеркәсібінде қол жеткізген жетістіктерінің қатарына жатады.
زیردریایی سبک کلاس غدیر
طرح اولیه مدرن ترین زیردریایی ایران با نام بعثت
زیردریایی غدیر
زیردریایی سنگین طارق
زیردریایی نیمه سنگین فاتح
زیردریایی طارق
زیردریایی فاتح
Иран мұнайлы ел. Судағы шекаралық аумағында айтарлықтай мұнай көзі болғандықтан, мұнай қондырғылары сияқты жағалаудан алыс конструкциялар жасауда өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетті. Сонымен қатар Иранның теңіз өнеркәсібіне қатысты зауытта үлкенді-кішілі кемелер жасалады. Поршеньді су моторы, кемелерді жан-жақты басқару жүйесі, hovercraft баллонды қайықтар, 3 адамдық гидроциклді жобалап жасау сияқты технологиялық жобалар Иранның теңізге қатысты іргелі ғылымға негізделген компанияларының бағдарламалары болып табылады. Оларды зерттеу және жүзеге асыру үдерісі әлі жалғасып жатыр.
Нанотехнология – ғылымның барлық салаларына жол тауып, жылдам дамып келе жатқан технология мен қолданбалы ғылым саласы. Нанотехнология – салааралық ғылым. Ол шикізат инженериясы, медицина, фармацевтика, ветеринария, экология, қолданбалы физика, жартылай өткізгіш құралдар, молекулярлық химия, тіпті механикалық инженерия, электр қуаты және химиямен байланысты. Өткен жылы (2016 жылы) Иран нано ғылымын өндіру бойынша әлемде алтыншы орынды иеленді.
Бүгінде Иранда нанотехнологияға негізделген 300-ден астам өнім өндіріліп жатыр. Олар әлемнің 17 еліне экспортталады. Солардың қатарында зертханалық құралдар, өнеркәсіптік құрылғылар, текстиль өнімдері, жууға арналған заттар, ауыл шаруашылығы өнімдері мен құрылыс материалдарын атауға болады. Текстиль саласында ауруханалардағы төсек жаймалары үшін антибактериялық маталарды, балалардың киімдерін, спутник, ұялы телефон және қысқа толқынды пештің толқындарына қарсы маталарды, даққа қарсы және су болмайтын маталарды шығаруына тоқталуға болады. Сонымен қатар Иранда текстиль саласында салқын плазмалы аппарат сияқты индустриялды нано құрылғылар жобаланды. Ол қарапайым матаны су болмайтын текстиль өнімдеріне айналдыра алады. Салқын плазмалы зертханалық аппарат текстиль, тамақ, медицина, қаптама, стерилизация және қоршаған орта сияқты әртүрлі салаларда кеңінен пайдаланылады.
Осыдан біраз бұрын Иранда наноталшықтар өндіретін құрылғы жасалды. Бұл құрылғы талшық шығарып, қарапайым фильтрлерге наноталшықтар қосу арқылы фильтрация деңгейін жоғарылатады. Мұндай талшықтар кейбір өнеркәсіп салаларында, әсіресе канализация құралдары мен тыныс алуға арналған наномаскаларда фильтрдің тиімділігін арттырады. Бұл құрылғыны Ирандағы электр стансаларында пайдалану қуатты үнемдеуге септігін тигізді Аталмыш құрылғы осы күнге дейін Нигерия, Малайзия және Оңтүстік Корея елдеріне экспортталды. Сонымен қатар ирандық зерттеушілер нанотехнологияны пайдалану арқылы су мен қоршаған орта саласында бір құрылғыны шығарып, өзінің атына тіркеді. Ол өте аз шығынмен ауыз суды тазалайды.
Әлемде тауар айналымы артқан сайын қаптама өнеркәсібі өнімдерді сатуда негізгі фактор ретінде аса маңызды болып отыр. Бүгінде смарт қаптама өнеркәсібі тамақ өнімдерін шығарушылардың назарына алынып отыр. Белсенді қаптамалар деп тамаққа сыртқы факторлардың әсерін тежеу рөлін атқарумен қоса, қаптама материалының сапасы мен тиімділігінің артуына себеп болып, нәтижесінде тамақтың қауіпсіздігіне қатысты сенімділікті арттыратын қаптамалар аталады. Нанотехнологияға негізделген каптамалар механикалық, химиялық, жылылық және микробтық әсер тұрғысынан қарапайым қаптамалардан өзгеше ерекшеліктерге ие. Ирандық зерттеушілер микробтық наноцеллюлоза мен мырыш оксидінің нанобөлшектерін бір мезгілде пайдалану арқылы микробқа қарсы тиімді қасиеттерге ие нанокомпозит таспасын жасап шығарды. Нанотаспа сонымен қатар жараны дезинфекциялау және күйген жерді емдеу үшін пайдаланылады. Ирандық зерттеушілердің қаптама өнеркәсібіндегі келесі жетістігі ретінде нанобөлшектерді крахмал полимерге қосып, нанокомпозиттік пластик жасауын атау керек. Ол қоршаған ортаны ластауды азайтумен қоса, тамақтың сақталу мерзімін арттырып, ультракүлгін сәулелердің әсерінен тамақ құрамының бұзылмауына тосқауыл болады.
Әуе-ғарыш өнеркәсібі – бірегей ерекшеліктерге ие өте күрделі стратегиялық технология. Ол елдің ұлттық айбыны мен беделін көрсетеді. Бүгінде әртүрлі елдер ұшқышсыз ұшақтарды жобалап жасауға талпыныс жасап жатыр. Иран әуе-ғарыш өнеркәсібінде көңіл аударарлық жетістіктерге қол жеткізді. Қорғаныс қаруларын жасаумен қоса, Иранның әуе-ғарыш өнеркәсібі ұшқышсыз, жеңіл, өте жеңіл және аса жеңіл ұшақтар жасап шығарды. Олар ұшқыштарды үйретуде, құрылғылар орнату арқылы шекара мен көлік қатынасын бақылауда пайдаланылады.
Іргелі ғылымға негізделген ирандық компаниялардың тағы бір жұмыс аясы – микроэлектроника. Ота жасаушыға көмектесетін роботты жобалап жасау, MS ауруына шалдыққандарға жаңа дәрі өндіру, әртүрлі смарт карталарда қолданылу қабілетіне ие ұялы телефондардың жаңа буынына арналған көпмақсатты сим-карталар шығару, сандық теледидарлар таратқышына арналған модулятор, ота жасауға арналған жоғары жиіліктегі электр құрылғы мен капитансыз алыстан басқарылатын барлауға арналған сүңгуір қайық жобалап жасау, терең су астында суретке түсіру, механикалық амалдар жасау және үлгі алу құрылғысы, үш өлшемді сканер, бөлшектер жасау саласында қолданылатын үш өлшемді қырнаушы құрылғы жасау – осының барлығы соңғы жылдары ирандық зерттеушілер тарапынан микроэлектроника саласында атқарылған жобалардың қатарына жатады. Сонымен қатар құтқаруға және жөндеуге арналған роботтардың кең түрлерін жобалап жасау исламдық Иранның осы саладағы жарқын болашағынан хабар береді. Мұнай мен газ құбырларының ішімен жүріп, бұзылған жерді балқытып біріктіру арқылы жөндеу қабілетіне ие роботтарды жобалап жасау, көшкін, зілзала мен басқа да осыған ұқсас жағдайларда өтуге қиын жерлерде көмектесуші роботтарды пайдалану ирандық зерттеушілердің микроэлектроника саласында қол жеткізген жетістіктері болып табылады.
Атап өткен жайттарымыз Ирандағы іргелі ғылымға негізделген компаниялар мен ғылыми-технологиялық даму орталықтарының жетістіктерінің бір бөлігі ғана. Осындай компаниялардың жаңадан қалыптасуы, тиісті нарықты танымауы және оған кіру жолын білмеуі, бәсекелестердің қабілеті мен іргелі ғылымға негізделген өнімдерден хабардар болмауы және т.б. х.ш.ж.с.б. 1393 жылы (2014 жылы) Иранда іргелі ғылымға негізделген өнімдерді экспорттау дәлізінің қалыптасуына себеп болды. Ирандағы іргелі ғылымға негізделген өнімдерді экспорттау дәлізі осы саладағы ирандық компанияларды әлемдік нарықпен таныстыруға және оларға заманауи маркетинг туралы білім беруге бағытталған. Осы дәліздің көмегімен іргелі ғылымға негізделген ирандық компаниялардың өнімдерін әлемдік нарықта танытып, таратуға жағдай жасау көзделіп отыр.