Жел 30, 2017 13:19 Asia/Almaty
  • Иран базары (19)

Бүгінгі бағдарламада Иранның сантехникалық шүмектер өнеркәсібімен таныстырамыз.

Иран базары

Суды өркениеттерді қалыптастырудың ең басты әрі маңызды факторы деп атауға болады. Ежелгі өркениеттер Ніл, Тигр, Евфрат, Сенд, Ганг, Хуанхэ, Янцзы сияқты ірі өзендердің бойында қалыптасып, дамып, гүлденудің шарықтау шегіне жеткен. Өйткені, егін шаруашылығы үшін су өте қажет. Адам баласы отырықшылыққа көшкеннен кейін адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде ең маңызды рөлді ауылшаруашылық өнімдері атқарған. Иранда өмір сүрген халықтар ежелден өмірлік маңызды материал судың қадірін жақсы білген. Адамзат баласының суға деген табиғи қажеттілігі, Иран үстіртінің географиялық  жағдайы және осы құнды көздің тапшылығы ирандықтардың су жеткізу және тұщы сумен қамтамасыз ету үшін әрдайым "қаннат" – жер асты су желісі деген технологияны өздерінің ғимараттарының құрылысында пайдалануына себеп болды. Бүгінде халықтың саны көбейгендіктен таза тұщы сумен қамтамасыз ету өте маңызды. Осы өмірлік маңызды материалды оңтайлы пайдалануға қажет құрал-жабдық жасау осыған қатысты өнеркәсіптерде, соның ішінде  сантехника саласында айтарлықтай өзгерістердің туындауына себеп болды.

Шүмек әдетте темірден жасалады. Ол  ашып-жабу арқылы сұйықтық пен газдың ағысын реттеу үшін қолданылады. Сантехника индустриялық сантехника (industrial valve) және ғимарат ішіне арналған сантехникалық құралдар (faucet, sanitary taps) болып екіге бөлінеді. Индустриялық сантехника өнеркәсіптік орталардағы құбырлар желісімен ағатын сұйықтықтарды ағызу немесе тоқтату үшін қолданылады. Бұл өнім әртүрлі салаларда, соның ішінде  су мен канализация желілері, жылыту және суыту жүйелері, электр стансалары, бөгет жасау, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсіптерінде пайдаланылады.

Сантехникалық шүмектер

Ғимаратқа арналған сантехникалық шүмектер өнеркәсібі – қазіргі заманда өте көп қолданылатын маңызды өнеркәсіп салаларының бірі. Қаланың дамуы, өмір салтының өзгеруі, табыстардың артуы, бәрінен маңыздысы, құрылыстың артуы бұл өнеркәсіптің дамуына себеп болған факторлардың қатарына жатады. Бүгінде сантехникалық шүмектер ғимараттың ішкі әдемілігі тұрғысынан құрылыс өнеркәсібінің артықшылықтарының біріне айналды. Сантехникалық шүмектерді қолданудың тарихы ежелгі заманнан басталады. Тарихи деректерге сәйкес б.з.д. 700 жыл бұрын субұрқақ пен жеке үйлерге су жеткізу үшін құбыр мен сантехникалық шүмектерпайдаланылған. Құбырлар мен шүмектердің материалы әртүрлі тарихи аймақтарда әралуан болған.  Қыш, мәрмәр, алтын, күміс пен қорғасын әдетте бағзы заман адамдары жеке және қоғамдық моншаларды салуда қолданған материалдар болған.  Шүмек жасау үшін ағаш та пайдаланылған деп айтылады. Бүгінде су шүмектері қоланың құймасынан жасалады. 

Ирандағы ескі су шүмегінің үлгісі

Иранда ғимаратқа арналған сантехникалық құрал-жабдықтар өнеркәсібі жарты ғасырдан астам уақыт бұрын  басталған. Ирандағы алғашқы сантехникалық шүмектер зауыты – "Боронз" өнеркәсіптік зауыты х.ш.ж.с.б. 1342 жылы (1963 жылы) ашылды. Қазір осы салада 300-ден астам компания жұмыс істейді. Бұл зауыттар соңғы жылдары Ирандағы осы саланың қажеттіліктері анықталып, заманауи технологияларға сәйкес өнім құрамының өзгеруіне байланысты іргелі ғылымға негізделген өнімдерді шығарып, нарыққажөнелтіп жатыр.

Құрылысқа арналған сантехникалық шүмектер өнеркәсібі Иранның іргелі ғылымға негізделген компанияларының инновация, жаңашылдық пен бастама тудыру үшін жұмыс істеп жатқан салалардың бірі болып табылады. Электронды сантехникалық шүмектерқұрылысқа арналған сантехника өнеркәсібінде қарапайым, классикалық, иінтіректі және басқылы сантехникалық шүмектермен қатар өндіріледі. Смарт электронды сантехникалық шүмектер жоғары технологияға негізделген  өнімдердің қатарына жатарды. Қазіргі таңда бұл өнімдер Иранда өндіріліп жатыр. Олар техникалық ғылымға негізделген толығымен жергілікті өнімдердің қатарына жатады. Ирандық үлгінің шетелдік үлгіден салыстырмалы түрде артықшылықтарының бірі мынада: мұндай сантехникалық құралдарИранның қоршаған орта жағдайы мен елдегі судың қаттылық деңгейімен үйлесімді. Ирандағы су тапшылығы мен тұтыну үлгілерін назарға ала отырып, жоғары стандартты әрі сапалы өнімдерге қажеттілік туындаған соң сантехникалық құралдар өндірісінде азайтатын құрылғыларды пайдалану мәселесі көтерілді. Бұл құрылғыда су ауамен араластырылып, тұтынылатын су деңгейі  сырттай өз межесінде болғанымен, айтарлықтай азайтылады. Бірақ тұтынушылардың суға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Электронды-смарт сантехникалық шүмектердің ең маңызды ерекшелігі – суды тұтынуды 70 пайызға үнемдеуі. Сонымен қатар қарапайымсантехникалық құралдармен салыстырғанда электронды-смарт сантехникалық құралдар ғимараттың жоғарғы қабаттарында су қысымының төмендеуіне  жол бермейтіндей жобаланып, жасалған. Осы уақытқа дейін Иранда осындай сантехникалық құралдардың 16  түрі өндірілді. Олар әртүрлі жерлерде, соның ішінде дәретханалар мен асханаларда, зертханаларда, ауруханаларда, соның ішінде ота бөлмелерінде пайдаланылады.

Электронды-смарт сантехникалық шүмектер

Су суытатын аппараттарда (диспенсер) түтігі бар сантехникалық шүмектерді ойлап тауып, өндіру Иранның іргелі ғылымға негізделген компанияларының құрылысқа арналған сантехника өнеркәсібі саласындағы өнімдерінің бірі болып табылады. Түтігі бар шүмектер әлемде алғаш рет шығарылып отыр. Оны барлық су суытатын аппараттарда қолдануға болады. Бұл өнімнің санитарлық және коммерциялық артықшылықтарына бір рет қолданылатын стақанға қарағанда түтіктің бағасының төмендігі, қоршаған ортамен үйлесімділігі, қоқыстарды айтарлықтай азайтуы және бір рет қолданылатын стақанға қарағанда түтіктің аз кеңістік алуы, соның нәтижесінде су суытатын аппараттардың жанында стақандарды лақтыруға арналған үлкен шелектерді пайдалануға қажеттіліктің туындамауы және тасымал құнының азаюы жатады. Түтігі бар сантехникалық  шүмектер судың қысымын қолмен  реттеуге болатындай жобаланған. Су пайдалану кезінде және содан кейін  түтіктің ішіне қайтып ақпайды.  Бұл бастама коммерциялану кезеңіне жетті.

Су суытатын аппараттарда қолданылатын түтікті шүмектер

Құрылысқа арналған сантехника өнеркәсібі өндіріс кезеңдерін (құю, қалыпқа салу, монтаж) ескерсек, көп жұмыс күшін қажет етеді. Бұл өнеркәсіп аса мамандандырылған күшті қажет етпейді және өнімнің көбі қарапайым жұмыс күшінің қолымен жасалады. Иранда сантехникалық бөлшектерді жасайтын аппараттар көбінесе елдің ішінде өндіріледі. Санитарлық құрал-жабдықтар жасауда су тиетін барлық бөлшектер 90 градус ыстыққа төзе алатын материалдан болуы керек. Қолданғанда шүмекте ешқандай ыдырау болмауы тиіс.Сонымен қатар бөлшектердің материалы улы болмауы қажет, тұщы судың сапасына, сыртқы түріне, түсіне, иісі мен дәміне өзгеріс енгізбеуі керек. Сантехникалық шүмектердің келесі стандартына адамның денсаулығына қауіп төнетіндей бактериялардың көбеюіне әкеліп соқтырмау қажеттігі жатады. Сондықтан бұл өнеркәсіпте жасалатын өнімдерде тұтынушының денсаулығына зиян тимейтін қоспалар қолданылады. Иранда әртүрлі кен орындарының болуы елдегі көптеген салаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Иранның сантехника өнеркәсібі де осындай артықшылыққа ие. Осы салаға қажет шикізаттың 90 пайызы Иранның өзінде өндіріледі. Құрылысқа арналған сантехникалық шүмектердің бөлшектеріне қажетті шикізат – қола қоспасы. Ол құю кезеңінде бөлшекке айналдырылады. Содан соң әртүрлі кезеңдерде ол қалыпқа салынып, өңдеуден өткізіліп, тесігі болмас үшін жақсылап тексеріледі. Жылтыратылып, жалатудан кейін келесі кезеңде бөлшектердің сапасына бақылау жасалады. Жалату кезеңінде санитарлық шүмектердің бетіне әртүрлі метал, соның ішінде  мыс, никель, хром, алтын мен күміс жағылады. Осылайша олар желінуден қорғалады. Бұл кезеңде сонымен қатар, шүмектердың әдемілігі арттырылып, тұтынушыларға әдемі декоративті зат ұсынылады.

Иранда құрылысқа арналған сантехника өнеркәсібі ішкі нарықты қамтамасыз етумен қоса, өз өнімдерін әртүрлі елдерге шығарады. Соңғы жылдары сантехникалық шүмектердің мыңдаған тоннасы әлемнің әртүрлі елдеріне, әсіресе Парсы шығанағына, Орта Азияға, Солтүстік Африка елдері мен Сирияға, Ливан мен Иорданияға, Ауғанстан  мен Иракқа экспортталады. Иранның құрылысқа арналғансантехникалық өнімдер шығаратын зауыттарының кейбіреуі өздерінің негізгі мақсатын басқа елдердің нарықтарына шығу деп белгілеген. Басқаша айтқанда, бұл зауыттардың тобы өнімдерін экспортқа шығаруды ойлап, әлемнің заманауи стандарттары мен сертификаттарын алу арқылы өз өнімдерінің әлемдік нарықтарға енуіне жағдай жасады. Иранның сантехникалық өнімдер саласындағы белсенділері зауыттардың өндіріс қабілеті, жоғары сапа, жоспарланған есептемелерге сәйкес өнімдердің қосымша құн салығын назарға ала отырып, осы саладағы экспорттық құндылықты алдағы 3-5 жыл аралығында 100 млн долларға өсіруді көздеп отыр.