Ақп 26, 2018 17:59 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 31

Мешіт - Алланың үйі және халықтың әртүрлі таптарының бірігіп, діни міндеттерін орындау үшін жиналатын мекен.

Халықтың жиналуы мен намазхандардың пікір алмасуының аясында мешіт діни-саяси орталыққа айналды. Өйткені, мешіттің маңызды жұмыстарының бірі саяси жұмыстар саналады. Ислам басқаратын қоғамда халық пен ел басшыларының арасында қашықтық болмауы керек. Осыған орай мұсылмандар үкімет пен қоғамды бақылап, саяси мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын жариялап, әртүрлі жобалар мен ұсыныстар жасап, ислам үкіметіне қолдау көрсете алады.

Алла елшісі Мединеде исламдық жүйе құрған соң, мұсылмандарды үкіметке қатыстырып,  оларды исламның саяси мақсаттарынан хабардар ету үшін мұсылмандардың діни міндеттерін орындау үшін жиналатын орталық саналатын мешітті үкімет пен Исламның саяси органы ретінде таңдады. Мешіт саяси жұмыстар тұрғысынан келесі кезеңдерде де  белсенділік  білдіріп, халифаны   таныстыру және оған бият ету, әкімдер мен мемлекеттің басқа басшыларын таныстырып, оларды міндеттерінен босату сынды рәсімдер, кеңестік отырыстар, мұсылмандарды жиһадқа жігерлендіру және тағы да басқа жұмыстар орын алды. Сөйтіп, мешіт Алла елшісі кезінде саяси өмірін бастауынан Аббасилер кезеңіне дейін Исламның әлемдік саяси жұмыстарының орталығы болды. Мысал ретінде хазірет Фатима (ғ.с.)-ның Фадак мәселесін баяндап, бірінші халифаны мешітте сынаған құтпасын атауға болады.

Исламның ұлық пайғамбары Мединеде ислам үкіметінің құрылуының бастапқы кезінде өзінің барлық саяси жұмыстарын мешітте орындады. Хазірет әлемнің әртүрлі жерінен Мединеге келген өкілдері мен топтарының көбін мешітте қабылдап, сөйлесетін. Хазіреттің бұл отырыстардағы сұхбаттарының негізгі тақырыбының бірі Ислам діні мен не осы дінге сүйенген саясатына қатысты мәселелер болды. Осыған орай ән-Наби мешіті тіректерінің бірі әл-Вуфуд тірегі деп аталды. Бұл тірек шетелдік үкіметтер мен мазхабтар және тайпалардың өкілдерімен кездесуінде ерекше орынға ие болды.

Әл-Наби мешітінің әл-Вуфуд тірегі

Исламның әртүрлі елдерде таралуы барысында мешіт исламдық үкіметтің қалалары мен ауылдарында қалыптасты. Мұсылмандар жеңіске жеткен кезде әрқашан өздерінің орталық мешіттерін қаланың орталығына немесе қала басшысы өмір сүретін «үкімет мекені» деп аталатын мекенде  орналастыруға тырысты. Бұл екі ғимарат сырт көзге бір-біріне қосылып салынған болып көрінеді. Негізінде діни және үкімет мекендерінің жақын орналасуы саясат пен діннің басшының қолында екенін көрсетеді. Шын мәнінде Исламның негіздері бойынша, саясат пен дін бір-бірінен бөлек бола алмайды.

       ************************

 

Иранның ең маңызды мешіттерінің бірі Құм қаласындағы Ағзам мешіті саналады.

Ағзам мешіті – қасиетті Құм қаласының ең үлкен тарихи ғимараттарының бірі. Бұл мешітте күн сайын көптеген зияратшылар жиналып, жамағат намазы өтеді. Мешітті хазірет Масуменің қасиетті кесенесінің қасында аятолла Бруджердидің бастамасымен 1954 жылы «Ұстаз Лорзаде» деп танымал болған Хосейн бен Мұхаммад Мамор салды. Бұл мешіт көлемі және айбындылығына байланысты «Ағзам мешіті» деп аталды.

Хазірет Масуменің кесенесі

Аталмыш мешітте маңызды саяси оқиғалар орын алды. Солардың бірі хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1343 жылдың фарвардин айында (1964 ж.) сөйлеген сөзі болды. Ағзам мешіті Құмдағы діни оқу орындарының сабақ беретін ең маңызды орталықтарының бірі саналғандықтан, көбінесе бұл мешіттегі сабақтарды ғұламалар, яғни танымал діни тұлғалар жүргізеді. Мешітте аятолла Вахид Хоросани, аятолла Макарем Ширази, аятолла Собхани, аятолла Ширази Занджани, аятолла Нури Хамедани, аятолла Джавади Амоли және аятолла Алави Бруджерди сынды ғұламалар сабақ береді. Сондай-ақ, бұл мешітте шиіттердің дүниеден озған үлкен ғұламаларын соңғы сапарға шығару рәсімдері өтіп, ережеп айында халық итикаф рәсімдеріне жиналады.

Құмдағы Ағзам мешіті

Мешіттің іргетасын қалаушы аятолла Хосейн Табатабаи Бруджерди имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесінің қасындағы Гаухаршад мешіті сияқты хазірет Масуменің кесенесінің қасында да мешіт соғылуы керек, Құмның діни оқу орындары орталығының шәкірттеріне сабақ беретін орынды мекен болуы керек, әрі бұл мекен қасиетті кесененің қасындағы мешіт болғаны дұрыс деп ойлаған еді. Сондықтан, аятолла Бруджерди кесененің айналасындағы үйлер мен базарлардың жерлерін сатып алып, шамси күнтізбесі бойынша 1333 жылдың тир айының 21 күні (1954-ші ж.) имам Реза (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен тұспа-тұс  күмбездің астындағы михраб орналасқан жерге қазық орнатты. Құрылыстың бір бөлігінің қазынасын аятолла Бруджерди өз мойнына алды. Қаржының басқа бөлігі халықтың көмегі арқылы қамтамасыз етілді.

Аятолла Бруджерди мешіттің құрылысын аралауда

Құмның Ағзам мешіті 12000 м2 көлемімен жамағат намаыз бен мейрамдар және аза рәсімдерін өткізетін қаладағы ең жақсы діни мекен саналады. Бұл мешітті сол кездегі ең танымал сәулетшілердің бірі Хосейн Лорзаде  салды. Мешіт ғасырлар тезінде бұзылмасын деп, мешітті кірпіш пен гипс пайдаланып, көне мешіттердің тәсілімен салды. Ол мешіттің күмбезін де басқа ұқсас күмбездерден бірнеше есе артық шыдайтындай жобалады. Кейбір мамандардың айтуынша, бұл күмбез әлі жүздеген жылдар бойы қызмет етеді. Аталмыш мешіт исламдық сәулет тәсілімен  салынып, диаметрі 30 шаршы метр, мешіттің төбесінен 15 шаршы метр биіктікте, сондай-ақ шабистанның (мешіттегі төбесі жабық үлкен зал) еденінен 35 шаршы метрде орналасқан өте үлкен күмбезге ие. Мешіттің жер бетінен көтерілген биіктігі 25 шаршы метр биік мұнаралары көзге түседі. Сонымен бірге мешіттің солтүстігінен төрт жақтан да көрінетін, қоңырау ұратын әдемі әрі үлкен сағатты байқауға болады. Мешіттің төрт шабистаны бар. Күмбездің астындағы шабистанның көлемі 400 шаршы метр. Басқа шабистандардың әр біреуінің көлемі 900 шаршы метрге тең. Мешіттің солтүстігіндегі сағаттың астындағы шабистанның көлемі 300 шаршы метр. Әр шабистанның төбесі шамамен 10 метр биіктікте орналасқан. Мешіттің бас жағында әжетхана мен вузухана және мешіт қызметшілері демалатын бөлмелер салынған. Сондай-ақ, мешіттің батыс жағында екі оқу залы бар кітапхана салынған. Оның кіреберіс есігі Ағзам мешітінің кіреберісіне қарайды.

Ағзам мешітінің кітапханасы

Аятолла Сейед Хосейн Бруджерди басында Құм қаласында жеке кітапхана салмақ болд. Бірақ Ағзам мешітінің құрылысы аяқталған кезде діни шәкірттер тарапынан мешіт үшін кітапхана салу ұсынысы жасалды. Сөйтіп, аятолла шамси күнтізбесі бойынша 1338 жылдың бахман айының 22 күні, сәйкесінше 1960 жылдың 13 ақпан күні барша халық пайдаланатын Ағзам мешітінің үлкен кітапханасын салуды бұйырды. Ол Ағзам мешітінің сәулетшісі Хосейн Лорзадеден кітапхана үшін орын белгілеуді сұрады. Сәулетші мешіттің батыс жағында шабистан ретінде жобаланған мекенді кітапхананың орны етіп белгіледі. Бұл кітапханадан 7096 қолжазба  мен тасқа жазылған 800 нұсқаны, кітап түрінде басылып шыққан 200 құнды кітап пен 660-тан астам сурет нұсқасын, Қаджарлар билігі кезіндегі  ғылыми трактаттар мен оқулықтарды көруге болады. Қазіргі таңда да бұл кітапхана қолжазба нұсқалары тұрғысынан шиіттердің мәдениетін сақтап қалған ең маңызды әрі ең сенімді кітапханалардың бірі. Кітапхананың сыйымдылығы шектеулі болып, оқырмандар залы болмағандықтан, бүкіл қолжазба кітаптар суретке түсіріліп, CD түрінде шығарылды. Адамдар CD-лер арқылы кітаптарды пайдалана алады. Бүгінде кітапхананы Құмдағы діни оқу орындарының орталығы басқарады.

Ағзам мешітінің ктіпханасы

Ағзам мешітінің батыс жағынан аятолла Сейед Хосейн Бруджердидің қабірін көруге болады. Аятолланың немересі Мұхаммад Джавад Алави Бруджердидің айтуынша, бұл мекен бұрын 60 шаршы метр көлемі бар кішкентай үй болған. Аятолла Бруджерди өзін жерлейтін мекенді белгілегеннен кейін қалған жерлер мешітке вақуф етілді. Аятолла Бруджерди: «Бұл мекен қасиетті кесенеге кіретін жол болғандықтан мені осы жерге жерлеңдер. Зияратшылардың аяқ киімдерінің топырағы қабірімнің бетінде болсын»,- деген болатын.

Аятолла Бруджердидің қабірі

 

 

 

Тегтер