Ұлы тұлғаның алдында 91
Әйелдер адамзат қоғамының маңызды бөлімін құрайды. Олар қоғамның басқа мүшелері сынды отбасы мен қоғамдық ортада маңызды құқықтарға ие.
Иран Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, батыстықтар әйелдің болмысын тану және онымен қарым-қатынас орнату мәселелерін дұрыс түсінбейді. Хазіреттің көзқарасы бойынша, Батыс әрқашан әйел мен ердің теңдігі туралы уәжденгенімен, әйелге тең қарамайды. Аятолла Хаменеи "Батыстың әйелге көзқарасын батыстықтардың әйелдерге қатысты ұрандарынан түсінуге болмайды. Өйткені, олардың ұрандары бос сөз болғандықтан, шындыққа сай келмейді. Сондықтан батыстың әйелге деген ұстанымын Батыс әдебиетінен іздеу керек" деп санайды.
Әйелдер адамзат қоғамының маңызды бөлімін құрайды. Олар қоғамның басқа мүшелері сынды отбасы мен қоғамдық ортада маңызды құқықтарға ие. Бұл құқықтар Ислам дінінде Алла тарапынан анықталды. Ондай болса, ислам елдерінде әйелдер неліктен құқықтарының бұзылуымен кезігуде деген сұрақ туады. Бұл мәселенің Ислам дініне қатысы жоқ. Бұл мәселе өздерін діндар санайтын, бірақ іс жүзінде діни негіздерге сай амал етпейтін адамдарға қатысты. Әрбір исламдық мемлекеттің үкіметтері мен сот органдары егер шынайы түрде илаһи бұйрықтарға сай әрекет етіп, тақуа болса, еш уақытта бұл мемлекеттерде әйелдің құқықтары тапталмайтын еді. Исламның негіздерін сақтайтындығы туралы ең көп уәж айтатын Сауд Арабиясында іс жүзінде діни ауытқушылықтар мен уаһабшылардың мұсылмандардың сыртқы көрінісіне деген қате ұстанымдары байқалып, әйел өзінің ең қарапайым қоғамдық және отбасылық құқықтарынан мақұрым қалып отыр.
Әйел мен ердің табиғи айырмашылықтарына немқұрайдылық танытып, заңдар арқылы олардың құқықтары мен міндеттерін теңестіруге талпынған батыс пен еуропалық мемлекеттер әйелдердің құқықтарын қорғай алмады. Сондықтан Батыстағы әйелдердің қоғам мен жанұя ортасындағы құқықтарының бұзылуы туралы мәліметтер алаңдатарлықтай.
Тарих беттеріне шолу жасау арқылы адам құқығы туралы мәселенің Еуропада 17 ғасырдан кейін басталғанын көреміз. 17-18-ші ғасырлардағы жазушылар мен ойшылдар адамның табиғи құқықтары туралы ойланды. Жан Жак Руссо, Вольтер, Монтескье аталмыш жазушылар мен ойшылдардың қатарына кіреді. Адамзаттың табиғи құқықтары жақтастарының пайда болуына Англиядағы басшы мен халықтың арасындағы ұзақ мерзімді қайшылық себеп болды. Соңында халық 1688 жылы өзінің қоғамдық-саяси құқықтары туралы құқық хаттамасын ұсынды. Бірақ әлемде адам құқығы жарлығы ретінде танымал құжат Францияның ұлы революциясынан кейін жарияланған құжат болды. 20-шы ғасырдың басында адам құқығы мәселесіне қатысты пікірталастар жүргізілді. Пікірталастар халықтардың үкіметтердің алдындағы немесе еңбекқор таптың жұмыс берушілердің алдынға құқықтарына қатысты болды. 20 ғасырда бірінші рет ерлердің алдындағы «әйелдердің құқықтары» мәселесі көтерілді. АҚШ үкіметі 18 ғасырда адамның қоғамдық құқықтарының тәуелсіздігі туралы жариялағанымен, 1920 жылы әйел мен ердің саяси құқықтарының теңдігі туралы заң бекітті. 20 ғасырда Франция да бұл заңды қабылдады.
20 ғасырда әлемнің түкпір-түкпірінде көптеген топтар ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастарға құқықтары мен міндеттері тұрғысынан өзгерістер енгізуді талап етті. 19-20 ғасырлардағы өзгерістер мен техникалық дағдарыс жұмысшылардың, әсіресе әйелдердің қиындықтарға тірелуіне себеп болып, әйелдердің құқықтары деген тақырыпқа назар аударылды.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Батыстағы және еуропалық мемлекеттердегі әйелдердің құқықтарының бұзылуына тоқталып: «Әйелдердің құқықтарын қорғау туралы уәж айтатын Батыс дүниесі мен еуропалық елдердің уәждерінің барлығы өтірік. Осыдан бірнеше онжылдық бұрын әйелдер дауыс беру, сондай-ақ, сайлау және мүлікке ие болу құқығынан кенде болды. Әйелдің мүлкі жұбайының қолына түседі. Исламда әйелдің билікті қабылдауы, мүлік иесі болуы мен маңызды саяси-қоғамдық салаларға қатысуы расталды. Әйелдер Исламның ұлық пайғамбарының билігін қабылдаған. Алла елшісі: «Тек ерлер ғана менің билігімді қабылдасын, әйелдер ерлер қабылдаған нәрсені қабылдасын»,- деп айтпады. Керісінше, хазірет: «Әйелдер де билікті қабылдасын. Олар да осы үкімет пен қоғамдық-саяси жүйені қабылдауға қатысуы керек»,- деді. Батыстықтар бұл салада Исламнан 1300 жылға артта қалды. Бірақ соған қарамастан орынсыз уәж айтады»,- деді.
Әртүрлі кітаптар, соның ішінде романдарды да оқыған, еуропалық танымал кітаптар мен қойылымдармен де толық таныс аятолла Хаменеи: «Еуропалық әдебиет, еуропалық өлеңдер, олардың романдары, дастандары және қойылымдарымен таныс адамдар еуропалық мәдениетте орта ғасырлардан қазіргі ғасырдың ортасына дейін әйелдің ерден төмен саналатынын біледі. Шекспирдің танымал еңбектеріне назар аударсаңыздар, Батыс әдебиетіндегі әйелге деген көзқарасты көресіздер. Батыс әдебиетіндегі ер адам – әйелдің басшысы, иесі. Бұл мәдениеттің үлгілерін әлі де байқауға болады»,- деді.
Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, қазіргі кезде де әйелдер отбасы құрған кезде жұбайларының тегіне көшеді.
Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, Батыстағы әйелдің құқықтарына назар аударылмауының келесі үлгілеріне әйелдің мүлкі мен ақшасына немқұрайдылық танытылу жатады.
Аятолла Хаменеи батыстықтардың құжаттарындағы Батыс әйелдерінің бұзылған құқықтары туралы «Еуропалық мәдениетте әйел өзінің бүкіл мүлкімен тұрмысқа шығып, жұбайының үйіне енген кезде, оның физикалық болмысымен бірге, тіпті оның барлық мүлкі күйеуіне көшеді. Бұл – батыстықтар теріске шығара алмайтын шындық. Бұл – Батыс мәдениетінде қалыптасқан жайт. Батыс мәдениетінде әйел жұбайының үйіне барған кезде негізінде оның жаны да ердің ықтиярына түседі. Сондықтан, сіздер Батыс дастандары мен еуропалықтардың өлеңдерінен күйеуімен араларындағы бір қайшылық үшін өлтіргені және ешкімнің оны айыптамайтыны туралы оқисыздар. Әкесінің үйінде де қыздың құқығы жоқ. Олардың қойылымдарынан тұрмыс құруға мәжбүр болған қызды, жұбайының қолынан өлген әйелді, әйелге қысым көрсетілетін жанұяны көреміз. Бұл – Батыс әдебиеті. 19-шы ғасырдың соңында «әйелдердің азаттығы» деген ағым басталғанымен, бұл мәдениет әлі жалғасуда»,- деді.