Нау 11, 2018 20:58 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 92

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің пікірінше, Батыс әдебиетіндегі әйелге деген зұлымдық пен Батыс мәдениеті мен әдебиетіндегі қате түсініктер тарихтың ешбір кезеңінде кездеспеген.

 Иран Ислам революциясының жетекшісі  өзінің еуропалық қоғамға жасаған зерттеулерінің нәтижесі бойынша қызық әрі өкініш тудыратын мәселелерге тоқталды. Батыс мемлекеттеріндегі әйелдер бір кездерде  мүлікке ие болмай, оларға ата-анасының мұрасы тимейтін. Кейін қоғам әйелді қажет еткен кезде әйелдің мүлікке ие болу құқығы туралы мәселе көтерілді. Бұл әйелге деген зұлымдықтың келесі бір түрі болды. Аятолла Хаменеи: "Жаңадан ашылған зауыттар Батыста жұмыс күштерін қажет ететін жаңа технологиялар мен өндірісті кеңейтті. Бірақ, жұмысшы саны аз болғандықтан, олар жұмысшылардың санын арттырғысы келді. Сондықтан, зауыттарға әйелдерді алуға мәжбүр болды. Бірақ, олар әйелдерге төменірек жалақы төледі. Содан соң әйелдің мүлікке ие болу құқығы бар екенін жариялады. Бұл – Батыс пен Еуропадағы әйелге деген қате әрі зұлым ұстанымның үлгісі",- деді.

Аятолла Хаменеи

Бірақ, әйелдердің құқықтарына мұндай немқұрайдылық таныту олардың реакциясына тап болды. Мұндай жағдайда әйелдердің мүддесін қорғайтын қозғалыстың пайда болуы табиғи мәселе. Осыған орай Батыс пен Еуропа тарихының әртүрлі кезеңдерінде бірнеше онжылдық бойы асыра сілтеушілердің бұзақылық пен тұрақсыздықты әйелдердің азаттығы деп уәжденгендігіне куә болдық. Мұндай уәждер Батыс ойшылдарының өздерін алаңдатты. Бүгін Батыс мемлекеттерінің жанашырлары, ақылды азаматтары мен жігерлі белсенділері қалыптасқан жағдайға наразы болғанымен, бұл жағдайдың алдын ала алмайды. Экстремистік топтар, соның ішінде феминистер әйелге қызмет еткісі келгенімен,  феминизм олардың өміріне үлкен соққы берді. Өйткені, тұрақсыздық пен бұзақылық әйелдің шексіз азаттығына әкеліп, Батыстағы отбасы негіздерін құлдыратты.

Еуропадағы жұмысшы әйел

Әйелдің абсолютті азаттығы және әйел мен ердің барлық салалардағы теңдігін қолдайтын феминизм қозғалысы шамамен екі ғасыр бұрын пайда болды. "Феминизм" немесе "феминист" деген терминдер  бірінші рет Франция мен Голландияда 1872 жылы қолданылып,  бұл қозғалыстың бірінші топтары әйелдердің ерлермен бірдей азаматтық және саяси құқықтарға ие болуын көздеді. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін басталған бұл қозғалыстың екінші кезеңі әсіре экстремистік ұрандарға ие болды. Бұл кезеңдегі феминистік қозғалыстың көшбасшылары әйел мен ердің азаматтық, қоғамдық, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы құқықтарының теңдігін талап етіп, отбасы шекаралары мен перзент тәрбиелеуді жоюды мақсат етті.

Жыныстық қатынастарды бала туудан бөлек санап, әйелдердің жыныстық қатынастарына толық азаттық беру, отбасы құру мен бала тууды төмендету, керісінше ажырасуды көбейту, әйелдердің жоғары саяси және экономикалық лауазымдарға ие болуын арттыру феминистердің бұл кезеңдегі негізгі мақсаттары болды. Бұл кезең шамамен соңғы онжылдықтарға дейін жалғасты. Аталмыш қозғалыс асыра сілтеу жолын жалғастырып, "әйел демократиясы" теориясын қалыптастырып, саяси, құқық, қоғамдық салаларда әйелдің ерден озуына себеп болып, тіпті әйелдің болмысын теріске шығаратын ұрандарға сеебп болды. Келесі кезеңде кейбір әйелдер бұл қозғалыстың асыра сілтеушіліктерін қабылдамай, өздерінің негізгі болмыстарына оралып, отбасы құрып, бала тәрбиелеуді әйелдің ең маңызды міндеттерінің бірі санады.

Батыстағы әйелдер

Сондықтан жылдар бойы әйел мен ердің теңдігі туралы ұран айтқан Батыс әйелдері феминистік ұрандардан алыстап, әйелдің шынайы құқықтары мен болмысына жету үшін сенімді панажай іздеуде.

Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, Батыс пен Еуропадағы әйелді қолдау және адамгершілік туралы барлық жанжалдар мен уәждерге қарамастан, өкінішке орай, еш уақытта әйелдің шынайы орны мен рөлі әлі дұрыс танылған жоқ. Қазірге кезеңде де әйелге деген кемсітушілік көзқарастар байқалады. Бірақ, олардың түрлері өзгеріп, заманауи бейнеге ие болды. Сөйтіп, әйел Батыс мәдениетінде үгіт пен ләззат алу үшін пайдаланатын құралға айналып, әйелдің шынайы орны мен беделінен өте алыс қалды.

Алайда Ислам дінінің көзқарасы бойынша, әйел – үйі мен қоғамның кеңістігінде маңызды құқықтар мен құрметке ие жаратылыс.   Исламның әйел туралы көзқарасы әйел мен ердің жаратылу мақсаттары мен олардың кемелдікке жетуі үшін қажет нәрселерге сүйенеді. Исламның көзқарасын нақты біліп, соларға сай әрекет етудің көптеген қиындықтарды шешетіндігіне күмән тумайды.

Ислам діні әйел мен ерді адам болып жаратылуы тұрғысынан бірдей санайды.  Бірақ,   олардың міндеттерін жыныстық және психикалық айырмашылықтарына назар аударып, белгіледі. Ислам діні адамзат мүшелерінің арасында әділеттің сақталуын өте маңызды санайды. Аятолла Хаменеи бұл тақырыпқа қатысты: «Ислам діні адамның кемелдікке жетуін қолдайды. Ислам үшін әйелмен ердің арасында ешбір айырмашылық жоқ. Бұл дін бір жерде ер туралы айтса, келесі бір жерде әйел туралы айтады. Бір кезде әйелді мадақтаса, басқа жерде ерді мадақтайды. Өйткені, олар – адамзаттың екі бөлігі. Адами және илаһи тұрғылар бойынша олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ»,- деді.

Ислам әйел туралы «әйел демократиясы» деп артық кетпейді, феминистер сияқты ерді артық әрі қажет емес санамайды. Басқа жақтан әйелді өте әлсіз санап, оның құқықтарына немқұрайдылық танытпайды. Бұл илаһи дін әйелге қатысты ортаны ұстананды. Әйелге зұлымдық жасауға рұқсат бермей, әйел мен ердің табиғатын назарға алады. Исламның көзқарасы бойынша, адамзат қоғамындағы барлық жұмыстарға әйел мен ер бірдей рұқсатқа ие. Әйелдер күш-қабілетке ие болса, барлық қоғамдық міндеттерге ие бола алады.

Ислам әйелдің маңыздылығын оның өзі, жұбайы және перзенттері үшін рухани даму мен білімін арттыруға мүмкіндік жасауы мен қоғамы мен елінің тағдырына әсер етуінде деп санайды.  

Аятолла Хаменеи Исламдағы әйелдердің құқықтарының маңыздылығы туралы: «Исламның әйелдердің құқықтарын қорғауының мақсаты әйелді зорлық-зомбылықтан сақтап, ердің өзін әйелдің басшысы деп ойлауына рұқсат етпеу болып табылады. Жанұя ортасында әйел мен ердің құқықтары әділ белгіленген. Исламның атымен бірақ дінге қатысты емес және қате нәрселерді қорғамаймыз. Исламның негіздері мен құндылықтары маңызды. Олар отбасы ортасында әйел мен ердің құқықтарын тең сақтайды»,- деді.

 

Тегтер