Ұлы тұлғаның алдында 95
Иранның Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін шынайы пікірталасқа ие болған мәселелердің бірі әйел тақырыбы, яғни олардың қоғамдағы құқықтары мен орындары туралы мәселе болды.
Ислам революциясы заманауи секулярлық идеологиялар мен әртүрлі мектептер негіздері мен мақсаттарына сай әйелге әртүрлі ұстаным білдірген жағдайда жеңіске жетті. Алайда Ислам революциясы адамзатқа бұл мәселеге қатысты жаңа көзқарас ұсынды. Бұл жаңа көзқарас аятолла Хаменеидің айтуынша, әйелге деген үшінші көзқарас, яғни, Шығыс пен Батыстың үлгісінен өзге үлгі болды.
Ирандағы Ислам революциясыынң жеңісінен кейін бұл елдің әйелдері революция мен Саддамның Иранға қарсы сегізжылдық соғысы кезінде үшінші үлгінің бар екенін дәлелдеді. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, ирандық мұсылман әйел әлем әйелдерінің алдында жаңа тарихты бастап, хиджаб киген, қарапайым және абыройлы әйелдің маңызды мәселелердің ортасында бола алатынын дәлелдеді. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, ирандық мұсылман әйел отбасы кеңістігін таза ұстауымен бірге саяси-қоғамдық салаларда да үлкен жетістіктерге жете алады. Ислам революциясының жетекшісі шығыстық көзқарас бойынша, әйел тарихта еш рөл атқармайтын шетте қалған адам, Батыстың көзқарасы бойынша, әйелдің адам болуынан гөрі оның жыныстық жаратылысына көбірек көңіл бөлініп, ерлердің жыныстық құралы және жаңа капиталистерге қызмет ететін жаратылыс деп санайды. Алайда, шынайы Исламның үлгісінде әйел екінші деңгейдегі, шетте қалған немесе басқалар пайдаланатын құрал емес.
Батыс әйелді пайдалануға қарай итермелесе, Ислам революциясы әйелді өзін тану, пәктігін қорғау және тек әйелдердің қолынан келетін, сондай-ақ, оны кемелдікке жеткізетін міндеттерін орындауға жігерлендірді. Аятолла Хаменеи Ислам революциясы әйелдерге қатысты жаңа анықтама ұсынды деп санайды. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасына сәйкес, илаһи негіздерге сүйенген мұсылман әйелдердің үлгісінде әйел өзінің әйелдік күш-қуатын иман және пәктікпен біріктіреді. Пәктік – әйелдер үшін ең маңызды фактор, олардың құрметінің себебі. Діни жетекшінің пікірінше, пәктік – Батыс бірте-бірте әйелдерден алыстатқан маңызды фактор. Расында әйелді оның негізгі міндетінен айырып, оған зұлымдық жасалды. Аятолла Хаменеи: «Әйел Алланың оның болмысында қалыптастырған әйелдік күшімен және терең иманымен Аллаға сүйеніп, пәктігін сақтап, қоғамда ерекше рөл атқара алады»,- деді.
Ислам революциясы әйелге Батыстан өзгеше ұстаным білдірді. Батыс мәдениеті әйелдер мәселесінде теңсіздікті ұстанып, бұл тапты әртүрлі істерге пайдаланылатын құрал ретінде қалыптастырды. Бұл теңсіздіктен пайда көретін тарап ер адам болса, зиян шегетін жақ – әйел. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, бұл сұм көзқарасты батыстықтар бірте-бірте, әртүрлі тәсілдер, әртүрлі үгіт-насихаттарымен көптеген жылдар бойы Батыс қоғамында таратты. Содан соң басқа қоғамдарға да ұсынып, әйелдің қоғамдық рөлі мен орнын қате таныстырды. Аятолла Хаменеи сонымен бірге осы кездегі климат, энергетикалық тапшылық және жердің ысу дағдарысын адамзаттың маңызды мәселелері болғанымен, олардың ешбіреуі адамзаттың негізгі проблемасы емес деп санап: «Адамзаттың негізгі проблемалары болып руханият, адамның ахлағы, адамдардың өзара қоғамдық қатынастары, әйел мен ердің қарым-қатынасы, әйелдің қоғамдағы рөлі мен орыны сынды мәселелер саналады. Бұлар шын мәніндегі дағдарыс»,- деді.
Батыстың өз әйелдері үшін дұрыс үлгісі болмай, оларды дағдарысқа тіреген жағдайда Ислам діні әйелдер үшін үлкен үлгілерді ұсынады. Ислам әйелге әйел болып жаратылуы, нәзіктігі және мейірімімен рухани байлыққа ие, сондай-ақ саяси-қоғамдық салаларда маңызды рөл атқаратын үлгіні ұсынады.
Мұндай теңдессіз тұлғалардың бірі имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) қызы, имам Хусейннің (ғ.с.) қарындасы хазірет Зейнап болды. Аятолла Хаменеи бұл бану туралы: «Хазірет Зейнап – дана, жоғары білімге ие және онымен кезіккен әр адам оның даналығы мен рухани байлығының алдында бас иетін үлкен тұлға»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі бұл бануды мұсылман әйелдер мен мұсылман ерлер үшін мәңгілік үлгі деп таныстырады. Аятолла Хаменеи хазірет Зейнапты үлгі ретінде таныстыруын жалғастырып: «Ашура сынды оқиға хазірет Зейнаптың еңсесін түсіре алмады. Язид пен Абдолла бен Зияд сияқты залымдардың сыртқы сән-салтанаты хазірет Зейнапты кемсіте алмады. Хазірет Зейнап ұлылығы қалыптасқан Мединеде, басынан көптеген қиындық өткен Кербалада, Язид пен Абдолла бен Зиядтың сарайында өзінің рухани айбынын сақтап қалды. Оның алдында басқалар өздерін кем санады. Өз замандарының тәкәкаппар залымдары Язид пен Абдолла бен Зияд тұтқынға түскен, қолы байланған әйелдің алдында өздерін бейшара сезінді. Хазірет Зейнап әйелдік мейірімі, мүмін адамның ұлылығы мен табандылығы, Алла жолындағы жанкештілігі, өткір тілі және терең мағрифатымен жиналғандарды таңғалдырды. Хазірет Зейнап өзінің батылдығымен сабақ беріп, халықты хабардар етіп, өз заманының имамы, яғни хазірет Саджадты (ғ.с.) аналық мейірімімен жұбатып, әкесінен айырылған бауырларының балаларын қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Сондықтан, хазірет Зейнап – жан-жақты тұлға. Ислам әйелді осы бағытта жігерлендіреді»,- деді.
Мұсылман әйелдің болмысы иманы және илаһи көмектің арқасында ұлылыққа жететіндіктен, үлкен оқиға оның алдында кішкентай көрінеді. Аятолла Хаменеидің хазірет Зейнап туралы сөзінен әйелдер ақылдары және пәктігін сақтап, өз құдыреті, батылдығы, мейірімі, рухани байлығы және табандылығымен барлық адамдармен көрке қарым-қатынас орната алады деген нәтижеге жетуге болады. Олар отбасы ортасында жұбайы мен перзенттері үшін махаббат шырағын жарық ұстап, жанұяны өздерінің махаббаты мен мейірімінің дастарханының басына жинап, саяси-қоғамдық салаларда пәктігі мен қарапайымдылығын сақтайды. Иә, мұның барлығы – Ислам таныстыратын мұсылман әйелдің ерекшеліктері.
Аятолла Хаменеидің пікірінше, дін мен рухани байлықты пайдаланбайтын адамдардан олар хазірет Зейнап пен ислам тарихындағы басқа үлгі болатын әйелдерді түсінеді деп күтуге болмайды. Әйелді ерлердің ойыншығы деп санайтындар Исламны қисыны мен исламның көзқарасындағы әйелдің болмысын түсіне алмайды.