Ұлы тұлғаның алдында 96
Ислам діні барлық адамдар үшін мықты үлгілерді ұсынды. Адам сол теңдессіз тұлғалардан үлгі алып, өзін тәрбиелеп, даму үшін көмек ала алады. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның өмірі әсіресе әйелдер үшін ең жақсы үлгі әрі ең жақсы сабақ бола алады.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның сұлулықтарының біріне әкесінің хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның бұл бануға ерекше көңіл бөлінуі жатады. Алла елшісі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) туралы: «Қызым Фатима – басынан соңына дейін әлем әйелдерінің басшысы. Ол менің тәнімнің бір бөлігі, жанарымның нұры, жүрегімнің жемісі, адам бейнесіндегі хор қызы. Ол ғибадат жасау үшін Ұлы Жаратушының алдында михрабта тұрған кезде аспандағы жұлдыздардың нұры жердегілерге жарық түсіретіндей оның нұры да аспандағы періштелерге жарық түсіреді. Сол кезде Алла Тағала: «Періштелерім! Менің алдымда тұрып, шын жүрегімен ғибадат жасап тұрған әлем әйелдерінің көшбасшысы Фатимаға қараңдар. Сендерге ант етемін, оның жақтастарын тозақ отынан аман алып қаламын»,- деген.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) терең әрі шексіз теңіз сынды»,- деп айтқан болатын. Аятолла Хаменеидің пікірінше, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) туралы айтуға сөзіміз жетпейді. Алла елшісі мен пайғамбардың ұрпағынан шыққан пәк имамдардың бұл үлгілі бану туралы сөздері ардақты банудың ұлылығының тек бір бөлігін ғана көрсетеді.
Ислам революциясының жетекшісі «Біз белгілерге иеміз. Исламның ұлық пайғамбарының «әкең құрбаның болсын» дегенінің өзі бір белгі. Рауаяттардың бірінде хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) пайғамбардың үйіне немесе хазірет отырған мекенге кіріп келген кезде пайғамбардың орнынан тұрып, алдынан шығатыны туралы айтылған.
Бұл да бір белгі, мұның барлығы – айбындылық. Барлық ғұламалар мен ойшылдардың әртүрлі наным-сенімдерге ие болуына қарамастан, бір орталықты мадақтауы да бір үлгі. Әртүрлі рауаяттар бойынша хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның жасы 18-22 жастан аспаған. Имам Әли (ғ.с.)-ның оған көрсеткен құрметі және басқа пәк имамдардың рауаяттарындағы ол туралы айтылған сөздер мен көрсетілген құрметтен адам хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның айбыны мен ұлылығын түсінеді. Барлық пәк имамдар хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның сарқыраған бұлағынан шөлдерін қандырған. Бұл Кәусар бұлағы – хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның берекесі»,- деген болатын.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) бала кезінен қиындық көріп, олардың ауыртпалықтарының не екенін түсінді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) сегіз жыл Меккеде әкесімен бірге Исламды таратуға талпыныс жасады. Ол Алла елшісінің Ислам дініне шақыруы кезінде әкесі және анасымен бірге адам төзгісіз қиындықтардан өтті. Алла елшісі мен мұсылмандар «Абиталеб аңғары» деген аңғарда үш жыл қоршауда қалған кезеңде өте ауыр жағдайда өмір сүрді. Теңдессіз бану сол кезде барлық ауыртпалықтарға төзді. Исламның ұлық пайғамбары мүшіріктерден азап-қорлық көріп, жарақат алып немесе зардап шеккен кезде хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әкесіне қамқоршы болып, хазіреттің жарақаттарын емдеген. Хазірет оны «умма Абиха», яғни «әкесінің анасы» деп атаған. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әрқашан әкесіне әдеп пен қарапайымдылық білдіретін. Әкесі екеуінің арасында мейірім мен махаббатқа толы досық қарым-қатынас орнатылып, ол әрқашан әкесін құрметтеген.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) сөздерінің бірінде: «Алла елшісіне оны пайғамбар деп атау керек деген аят жіберілген кезде мен оға «Уа, әке!» деп айта алмай қиналып, «Уа, Алланың елшісі!» деп атадым. Бірақ хазірет менен теріс бұрылды. Мен бірнеше рет шақырдым, бірақ әкем маған бұрылмады. Содан соң: «Қызым, бұл аят сен және сенің отбасыңа қатысты емес. Өйткені, сен менен, мен сененмін. Бұл аят тәкаппар, өздерін мақтайтын адамдар үшін жіберілген. Сен «Уа, әке!» деп айта бер. «Әке» деп шақырғаның менің жүрегіме жағымды әрі Жаратушының ризалығына себеп болады»,- деді.
Имам Садық (ғ.с.): «Алла елшісі дүниеден озған соң хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) қайғыға батты. Сондықтан хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күніне дейін Жебірейіл күн сайын қасына келіп, пайғамбар (с.ғ.с.) мен хазіреттің перзенттерінің келешегі туралы хабарлады»,- деп айтқан болатын.
Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы бұл рауаятқа сілтеме жасап: «Ұлы пайғамбарлардан басқалар үшін былай айтылмағанына күмәнданбаймын. Жебірейілдің келуі туралы мәселе қарапайым мәселе емес. Жебірейілдің әр адамның қасына келуге рұқсаты бар деп ойламаңыздар. Жебірейіл келетін адамның рухы мен Жебірейілдің дәрежесі арасында орында байланыс қажет. Мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) туралы айтылған қадір-қасиеттерді жоғары қадір-қасиеттер деп санаймын»,- деген болатын.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өзінің теңдессіз рухани кемелдігі, жағымды ахлағы, сөзі және амалдарымен басқалардың ерекшеленіп, өзінің құнды ерекшеліктерімен арабтардың надандығын оқшаулауға талпыныс жасады. Бұл әйгілі үлгілі бану уаһи әулетінің мақтан тұтарлық тұлғасы болды. Ол күннің көзі сияқты қараңғыда жарқырап, Алла елшісі мен хазіреттің пәк әулетінің біртуар тұлғасы болды. Аятолла Хаменеи бұл банудың қадір-қасиеттерінің бірі туралы: «Жас әйел кейбір рауаяттар бойынша рухани тұрғыдан періштелермен сөйлесіп, олар оған шындықты айтатын, яғни періштелер онымен сөйлесетін деңгейге жеткені»,- деген. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) шыңның биіктігінде тұрып, барлық әйелдерді жоғары көтерілу жолын өтуге шақырды.