Ұлы тұлғаның алдында 97
Мейірімді амалдары мен ата-анаға деген құрметі, жұбайына қызмет етуі, перзент тәрбиелеу тәсілі, ең маңыздысы Аллаға құлшылық етіп, ғибадат жасауы, барлық жұмыстарын Жаратушының ризалығына ие болу ниетімен орындауы хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның берекелі өмірінің тағылымдарына жатады.
Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның орны туралы: "Негізінде, хазірет Фатима-Захра (ғ.с.) – имамат пен велаят және набават жұлдыздары шыққан жарқыраған қайнар. Ол велаяттың жарқыраған жұлдыздары орналасқан биік аспан. Барлық пәк имамдар оны құрметтеп, мадақтады",- деді.
Исламның ұлық пайғамбары әулетінің хазірет Фатима-Захра (ғ.с.) туралы сөзінен бұл банудың рухани байлық пен жарқыраған нұрдың бұлағы болып, ғибадатына байланысты құнды лақап аттарға ие болғанын түсінеміз. Имам Реза (ғ.с.)-ның зияратнамасынан хазірет Фатима-Захра (ғ.с.) туралы: "Бұл пәк, ешбір кемшілігі жоқ, барша жақсы көретін қарапайым әйел",- деп оқимыз. Ислам революциясы жетекшісінің пікіріне сәйкес, хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның өмірі біз үшін пәк өмір сүріп, дұрыс ғамал етудің сабағы. Хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның қарапайым, пәк әрі талпыныс және жиһадпен бірге өткен өмірі адамды өмірдің дұрыс жолына нұсқап, оны кемелдікке жеткізе алады.
Хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның теңдессіз ерекшеліктері оның қысқа, бірақ жарқыраған өмірінде адамзат тарихындағы біртуар әрі үлгілі әйелге айналдырды. Мейірімді амалдары мен ата-анаға деген құрметі, жұбайына қызмет етуі, перзент тәрбиелеу тәсілі, ең маңыздысы Аллаға құлшылық етіп, ғибадат жасауы, барлық жұмыстарын Жаратушының ризалығына ие болу ниетімен орындауы хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның берекелі өмірінің тағылымдарына жатады.
Аятолла Хаменеи хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның теңдессіз ерекшеліктерінің барлығының арасынан құлшылық етіп, ғибадаттарын орындауын ең артық ерекшелігі санайды. Рауаяттарда айтылғандай, хазірет Фатима-Захра (ғ.с.) отбасы мен жұбайының алдындағы міндеттерін жақсы орындауымен бірге ғибадат михрабында аяқтары іскенше, намаз оқып, Жаратушымен сырласатын. Мұқтаждарды тамақтандырып, оларға көмектесу хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның келесі айқын еркшеліктерінің бірі болып табылады. Құран Кәрімнің «Дахр» немесе «Инсан» деп аталатын сүресі хазірет Фатима-Захра (ғ.с.) мен оның жұбайы имам Әли (ғ.с.) мен перзенттеріне жіберілді. Бұл сүренің жіберілуі туралы Ибн Аббас: «Хасан мен Хусейн науқастанып қалады. Бірнеше адаммен бірге олардың халін білу үшін келген пайғамбар (с.ғ.с.) Әли (ғ.с.)-ға перзенттері жазылу үшін назр жасауды ұсынады. Хазірет Әли, хазірет Фатима және қызметшілері Фазе балалар жазылса, үш күн ораза тұту туралы назр етеді. Перзенттері де бұл назрға қатысып, ораза ұстайтындықтарын жариялайды. Имам Хасан мен имам Хусейн жазылған соң, хазірет Фатима-Захра (ғ.с.) жұбайы және перзенттерімен бірге үйлерінде тамақтың болмауына қарамастан ораза тұтады. Хазірет Әли (ғ.с.) бір адамнан қарызға шамалы арпа сұрап алады. Хазірет Фатима-Захра (ғ.с.) арпаның үштен бір бөлігінен ұн тартып, бес бөлік нан пісірді. Ауыз ашар уақыт келген кезде олардың үйіне бір кедей адам келіп: «Сәлем сіздерге пайғамбар әулеті! Мен кедей адаммын, маған тамақ берсеңдер, Алла Тағала сендерге жаннаттың тамағын сыйлайды»,- дейді. Олар кедейді тамақтандырып, сол түні судан басқа еш нәрсе ішпейді. Екінші күні де ораза тұтып, ауыздарын ашуға дайындалған кезде үйлеріне жетім келеді. Олар тамақтарын соған береді. Үшінші күні ауыз ашар уақыты кезінде үйлеріне тұтқын адам келіп, олар тамақтарын соған береді. Таңертең имам Әли (ғ.с.) Хасан мен Хусейнді атасы пайғамбардың қасына ертіп барады. Хазірет олардың аштықтан дірілдеп тұрғанын көріп: «Сендерді мұндай халде көру мен үшін оңай емес»,- деп, орнынан тұрып, олармен бірге хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның үйіне барады. Үйге кірген кезде қызының михрабта намаз оқып тұрғанын көреді. Оның да аштықтан қарыны қабысып, көзі шүңірейіп, ішіне кіріп кеткенін байқайды. Дәл сол кезде Жебірейіл келіп: «Уа, Мұхаммад, мыа сүрені ал. Алла Тағала мұндай жанұяң үшін саған жаннатты сыйлайды, деп «Дахр» («Инсан» сүресін) оқыды.
Аталмыш сүренің 8-ші аятында: «Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді»,- деп айтылған.
Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Хазірет Фатима-Захра (ғ.с.), оның жұбайы мен перзенттері туралы «Дахр» сүресі түсірілді. Кедей мен мақұрымдарға көмектесу үшін аш қалу... біз де осылай жасауымыз қажет. Бұл тұлғалар нандарын бір күн емес, үш күн бойы кедейге берді. Біз олардың өмірлерін өз өміріміз үшін үлгі етуіміз керек»,- деді.
Сенімді рауаяттар бойынша, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның перзенті имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) анасы туралы: «Түндердің бірінде анам таң атқанша ғибадат жасады. Ол таң атқанша ғибадат жасап, дұға оқыды. Ол мүміндер үшін, халық үшін, ислам әлемінің қоғамдық мәселелері үшін дұға жасады. Таңертең мен анамнан басқаларға дұға жасағандай неге өзі үшін де дұға жасамағаны туралы сұрадым. Анам «Балам, әрқашан бірінші көршің, содан соң өзің мен отбасың туралы ойла» деп жауап берді»,- есіне алатын. Бұл барлық адамдар үшін үлкен сабақ. Бұл – адамды тек өзі туралы ойлаудан алыстатып, басқалар туралы ойландыратын тақуалық пен жоғары сана-сезімнің өзі, яғни, адамды өзінен бұрын басқалар туралы ойлауға жігерлендіретін сенім.
Аятолла Хаменеи хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның ұлылығы туралы: «Хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның өмірі барлық тұрғылардан еңбек, талпыныс және жоғары сана-сезімге толы өмір. Оның жұбайы әрқашан соғыс майданында болды. Бірақ өміріндегі қиындықтарға қарамастан хазірет Фатима-Захра (ғ.с.) халық, әсіресе мұсылмандар жиналатын орталық сынды болды. Ол – Исламның ұлық пайғамбарының қызы. Ол беделді өмір сүрді. Имам Хасан мен имам Хусейн және хазірет Зейнаб сынды перзенттерді тәрбиелеп, имам Әли (ғ.с.)-дің әйелі болып, әкесі пайғамбар (с.ғ.с.)-ның ризалығына ие болды. Мұсылмандар жеңіске жетіп, соғыс олжалары қолға түскен кезде пайғамбардың қызы басқа бойжеткендер мен әйелдер сияқты ешбір мүлік, дүниелік ләззат пен сән-салтанат туралы ойламады. Хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның ғибадаты үлгі болатын ғибадат болды. Тарих бойында көне надандық немесе 20-шы ғасырдың надандығы кезінде әйелді кемсітіп, оны тек әшекей, алтын және сәнді бұйымдар туралы ойлаушы етіп көрсетуге талпынғандар және әйелді бос сеңделіс өмірге мәжбүрлегендердің қисыны қар мен мұз сынды хазірет Фатима-Захра (ғ.с.)-ның рухани байлығының ыстығының алдында еріп, жойылады»,- деді.