Maм 29, 2018 23:18 Asia/Almaty

«Ахзаб» сүресінің 63-68 аяттарының тәпсірі:

«Ахзаб» сүресінің 63 аяты:

«یَسْأَلُکَ النَّاسُ عَنِ السَّاعَةِ  قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ اللَّـهِ وَمَا یُدْرِیکَ لَعَلَّ السَّاعَةَ تَکُونُ قَرِیبًا»

(Мұхаммед Ғ.С.) адамдар сенен қиямет мерзімін сұрайды. Оларға: “Оның білімі Алланың қасында; қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар” де. (63)

 

Қияметтің болмайтындығына дәлелдері жоқ кәпірлер мен мұнафықтар адамдардың арасында күдік-күмән тудырып, олардың ардақты пайғамбарға деген имандарын әлсірету үшін «Егер ол рас айтса, қиямет қашан болатынын айтсын» деген мәселені көтерді.

Бір істің болатын уақытын білмеу оның болмайтындығына дәлел емес. Біз, адамдардың барлығы бір күні өлетінімізді білгенімізбен, ешкім қай күні өлетінімізді білмейміз. Қашан өлетінімізді білмеу біз өлмейміз дегенге дәлел бола ма?

Мұнымен қатар, егер пайғамбар қиямет мың жылдан кейін болады дегенде пайғамбардың сөзін түсініп, иман келтіру үшін мың жылға дейін тірі қалар ма еді?

Аяттың жалғасы былай дейді: «Қияметтің болатын уақытын тек Құдай біледі. Пайғамбар біліп, оны жасыратындай болған жоқ. Маңызды жайт, ол әрбір мүміннің қияметті жақын санап, өзінің іс-әрекеттеріне абай болуы керектігінде».

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Қияметтің болатын уақытын білмеу оның болатын негізіне зиян келтірмейді. Мүміндер Құдайдың пайғамбары мен ол хазіреттің шыншылдығы мен оның болатындығына иман келтіруі керек.
  2. Әрдайым өлімнің келетіндігі мен Алланың дәргаһында құзыр табуға дайын болайық. Өлімнің уақытын білу маңызды емес. Өлімге дайындалу маңызды.

«Ахзаб» сүресінің 64-65-66 аяттары:

«إِنَّ اللَّـهَ لَعَنَ الْکَافِرِینَ وَأَعَدَّ لَهُمْ سَعِیرًا»، «خَالِدِینَ فِیهَا أَبَدًا لَّا یَجِدُونَ وَلِیًّا وَلَا نَصِیرًا»، «یَوْمَ تُقَلَّبُ وُجُوهُهُمْ فِی النَّارِ یَقُولُونَ یَا لَیْتَنَا أَطَعْنَا اللَّـهَ وَأَطَعْنَا الرَّسُولَا»

 

Расында, Алла кәпірлерге лағынет етті. Және оларға жалындаған тозақты әзірледі. (64)

Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. (65)

Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: “Әттең! Бізге не болды? Аллаға бойсұнып, Елшісіне көнген болсақ еді” дейді. (66)

Кәпірлердің күдік-күмән тудырғанын баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Діни сенімдерді, халықтың пайғамбармен байланысын әлсіретуді көздейтін адамдар һәм осы дүниеде Алланың рақымынан мақұрым қалады, Һәм ақыретте де азапқа душар болады».

Оның өзі «Әттең, Құдайдың діні мен пайғамбарына мұндай қатынас көрсетпегенімізде ғой...» деп өкінетіндей ауыртпалы азап. Алайда одан не пайда? Орнын толтыратын кез өтті, тәубеге келіп, оралатын мүмкіндік жоқ. Оларды құтқаратын немесе олардың азаптарын азайтатын ешкім жоқ.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Хақпен қырсығудан басталатын күпірлік пен теріске шығару осы дүние мен ақыретте Алланың қаһарына ұшыратады.

2. Бұл дүниедегі қоғамдық жүйеге қарсы ақыретте ешкім басқаға көмектесуге асықпайды, оны азаптан құтқара алмайды.

3. Осы дүние мен ақыретте құтқаратын жалғыз жол – Құдай мен пайғамбарға бағынуда. Бұл істен қапыл қалу ақыретте өкінішке ұрындырады.

«Ахзаб» сүресінің 67-68 аяттары:

«وَقَالُوا رَبَّنَا إِنَّا أَطَعْنَا سَادَتَنَا وَکُبَرَاءَنَا فَأَضَلُّونَا السَّبِیلَا»، «رَبَّنَا آتِهِمْ ضِعْفَیْنِ مِنَ الْعَذَابِ وَالْعَنْهُمْ لَعْنًا کَبِیرًا»

“Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой ұсындық та бізді солар адастырды” дейді. (67)

“Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мүлде аулақ қыл.” (68)

Азапты байқаған кезде күнәһарлардың тілдері сөзге келіп, адасушылықтарына себеп болған адамдарды лағынеттеп, қарғап-сілейді. Алайда, сөздері олардың күнәларын ақтай алмайды. Себебі, олар адасушылыққа ұрынбау үшін өздерінің үлкендері мен ата-бабаларына мойынсұнудың орнына пайғамбар мен ізгі адамдардың соңдарынан ере алатын еді. Оның үстіне қауымдарының басшылары оларды мойынсұнып, бағынуға мәжбүрлеген жоқ. Олар ата-бабаларының наным-сенімдерін қабылдамау еркіне ие болды. Күнәһарлар билік пен байлық иелері болған қауымдарының үлкендерінің орнына ғылым мен хикмет иелерінің соңдарынан ергенде құтқарылудан үміт болар еді.

Өздері илаһи лағынетке ұшыраған күнәһарлардың қауымдарының үлкендеріне екі есе азап пен қарғыс тілейтіндері қызық. Егер олардың өтініштері қабылданса, олардың да азаптарының екі есе артуына себеп болады. «Ағраф» сүресінің 38 аятында Құдай өздерінің үлкендеріне екі есе азап тілейтін адамдарға берген жауапта былай дейді: «Екі топ үшін де екі есе азап бар: күпірліктің жетекшілеріне халықты адастырғаны үшін, олардың соңдарынан ергендерге зұлымдықтың басшыларына көмектескені үшін».

Себебі, егер олар соңдарынан ермегенде күпіршіліктің басшылары өздерінің зұлымдықтарын жалғыз жалғастыра алмайтын еді.

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Күнәһарлар қияметте өздерінің қателіктерін ақтауға тырысып, оны басқалардың мойындарыа асып қоюға күш салады.
  2. Қоғамның үлкендерінің соңынан көзді жұмып еру ақыл мен шариғат тұрғысынан қабылдауға келмейді. Ол өкінішке себеп болады.
  3. Бұрыс әдет-ғұрыптарды қалыптастыратын адамдар басқалардың адасушылығына себеп болады. Олар адамдардың адасушылықтары мен салдарларына жауапты.

 

Тегтер