Қар 28, 2018 11:47 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 30 (Соңы)

Бұл мақалалар топтамасында тәкфиршіл және лаңкестік ағымдарды әртүрлі тұрғыдан талқылауға талпынып, тәкфиршіл топтар, әсіресе ДАИШ-тың негіздері, ой-пікірлері мен қатігез әрекеттерін қасиетті Ислам дінінің әділет пен бейбітшілік талап ететін және адам тәрбиелейтін тағылымдарымен салыстырдық.

Салыстырулар Құран Кәрім, Алла елшісі мен хазірет әулетінің сүннетіне сүйеніп жасалды. Радикалды салафиттердің әртүрлі түсініктеріне сүйенген тәкфиршіл ағымдар өздерімен пікірлес емес мұсылмандарды діннен безгендер деп айыптайды. Тәкфиршіл мұсылмандар әрқашан ислам қоғамына теріс әсерін тигізді. Олар тәкфиршіл негіздері бойынша күпіршілік білдірді деген айыппен күнәсіз адамдарды өлтірді. Бүгінде әлемдіктер тәкфиршіл ағымдардың Ирак, Сирия, Йемен, Ауғанстан мен кейбір африкалық елдерде мұсылмандар мен басқа да жазықсыз адамдарды өлтіруіне куә болып отыр. Тәкфиршілердің тауһид туралы түсініктері мұсылмандардың көбінің кәпір саналуына себеп болды. Тәкфиршілер Құран мен хадистерді бұрмалап, дұрыс өмір сүру мен адамгершілікті үйрететін ақылға сай Исламды ақиқатқа сай емес деп таныстырады. Тәкфиршілердің идеологиясы ақыл мен ғылымға сай негіздерден кенде.

Тәкфиршіл ағымдардың басшыларының бірі Абу Омар Шабшани

ДАИШ пен басқа тәкфиршіл топтарды ислам әлемінің сұранысы бойынша құрылған топтар деп айтуға болмайды. Әртүрлі деректерге сай бұл ағымдар ваххабизм сияқты Батыстың стратегиясының бір бөлігі түрінде ислам әлемінде қайшылықтар мен жік тудыру үшін құрылып, ислам әлемінің географиясына әсер етпек  болды. Бұл саясаттардың мақсаттары – қарсыласу шебін әлсіретіп, географиялық шекараларды өзгерту, билікқұмарлардың мүдделеріне сай мұсылман елдерін әлсіретіп, сионистік режимді қолдау. Негізінде, мұсылмандардың қақтығыстарынан ең көп пайда көретін ел – сионистік режим. Тәкфиршіл топтар – Батыстың Исламнан үркіту саясатының бір бөлімі. ДАИШ-тың зорлық-зомбылықтарының жалғасуы Батыс ақпарат құралдарының Исламға қарсы шабуыл жасауы үшін жағдай тудырады. Олар Исламның атымен жазықсыз адамарды бауыздап жатқан бейнематериалдарды көрсетіп, Ислам діні осындай деп, Исламнан үркіту саясатын үлгерілетуге үлес қосып жатыр.

Тәкфиршіл ағымдар ақпарат құралдары арқылы қатігез әрекеттерін таратады

ДАИШ тиражы жоғары бірнеше тілдегі газет шығарып, оларды өз бақылауына алған барлық аймақтарда таратады. Бұл  топ деректі фильмдер мен күшті, әрі қызықтыратын бағдарламалар дайындайды. Апталық "Шпигель" басылымы өз мәлімдемесінде еуропалық компаниялардың спутниктік жүйелері арқылы Ирак пен Сирияда ДАИШ-тың ғаламторды пайдалануына мүмкіндік жасайтынын әшкере етіп: "ДАИШ Сирия мен Иракта еуропалық жерсеріктері операторларын пайдаланады. ДАИШ басып алған аймақтарда лаңкестік топ мүшелерінің ғаламтор арқылы үгіт-насихаттарын жүргізіп, мәліметтермен алмасу үшін жүздеген спутниктік жабдық орнатты. ДАИШ-тың спутниктік байланыс орнататын орталықтары еуропалық компаниялармен, соның ішінде Британияның Avanti Communications , Францияның Eutelsat компанияларымен қарым-қатынас орнатуда",- деп жазды. ДАИШ ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылықты таратып, басқа мақсатына жетуді көздейді. Мәселен, өз жеңістерін зорайтып көрсетіп, қарсы жақтың рухын әлсіреткісі келеді. Тәкфиршіл топтар мұсылмандардың басқа топтарын жақын дұшпандары ретінде таныстырып, Батыстың артық талап етушілігі мен сионизмнің сұм жобаларына қарсы күресудің орнына өздерімен келіспейтін мұсылмандарға қарсы күресіп жатыр. Негізінде Батыс тәкфиршілерді ислам қоғамын бір-біріне  қарсы қойып, Батыс пен сионизмге қарсы күресті күн тәртібінен шығару үшін пайдалануды мақсат етеді.

Тәкфиршілер

Мұсылман елдерінің барлық мазхабтарының ойшылдары мен ғұламалары Исламның шынайы жүзін теріс көрсетіп отырған тәкфиршіл топтардың үрейлі әрекеттерінің салдарларына қарсы тұру сияқты маңызды да ауыр міндетке ие. Тәкфиршіл топтардың әрекеттері бір мазхабпен шектелмейді. Тәкфиршіл топтардың әрекеттері мұсылмандардың  бүкіл қоғамына әсерін тигізуде. Еуропа мен АҚШ-тағы Ислам дініне қарсылар әр мазхбатың мұсылмандарын нысаналарына алады. Сондықтан тәкфиршіл топтарға қарсы тұру үшін қайшылықтарды қойып, ортақ мәселелерімізді қуаттап, бүкіл мүмкіндіктер мен барлық мұрсаттарды Исламды бұрыс көрсететін тәкфиршілердің әрекеттерінің салдарларына қарсы пайдаланған жөн. Тәкфиршілердің ислам мазхабтарының арасына жік салу әрекеттерінің бірі – мазхабтардың, әсіресе шиіттердің наным-сенімдері туралы өтірік тарату. Әртүрлі отырыстар мен ақпарат құралдары арқылы бұл өтіріктерді әшкерелеу сүннит және шиіт мазхабтары ғұламалары мен ойшылдарының міндеті. ДАИШ пен соған ұқсас басқа топтар ауқымды түрде Исламды үрейлі және қатыгез дін ретінде көрсетті. Олар Исламның ұлық әрі рақым  пайғамбары хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) соғысқұмар, хазіреттің үкіметін қанішер үкімет ретінде таныстырды. Тәкфиршілердің мұндай үгіт-насихаты тәкфирлік мұсылман топтарының зорлық-зомбылықтарын ақтауда. Сондай-ақ, мұсылман еместер де Батыс ақпарат құралдарының алдын ала  жоспарланған жобалары арқылы Алла елшісін діни лаңкестіктің теоретигі санайды. Сондықтан Пайғамбардың (с.ғ.с.) шынайы болмысын көрсету – қажет мәселе. Тәкфиршіл ағымдардың әйелдер мен олардың қоғамдағы рөліне деген көзқарастары ең қатыгез көзқарас саналады.  ДАИШ өз бақылауынға алған аймақтардан жыныстық құлдық пен «никаһ жиһады» деген құбылыстарды көруге болады. «Никаһ жиһады» – тәкфиршілердің әйелдерге қатысты ең ұят әрі надан көзқарасы. Батыс ақпарат құралдары дәл осы мәселелерге сүйеніп, Ислам дінін әйелге қарсы деп таныстырады. Құран аяттары мен рауаяттар және Исламның ұлық пайғамбарының өміріне сүйеніп, Ислам дінінің әйелге деген шынайы көзқарасын көрсету қоғамдық пікірдің Ислам туралы дұрыс мәліметтерге ие болуында маңызды рөл атқара алады. Батыста Исламға қарсы әрекеттер күшейгенімен тәкфиршіл ағымдар  Ирак пен Сирияда басып алған жерлерінің көбінен айрылды. Бірақ Батыс әлі де тәкфиршіл топтарды мұсылман мазхабтарының арасына жік салып, Исламның шынайы жүзін бұрыс көрсету үшін пайдаланғысы келеді. Сондықтан мұсылман ойшылдар мен ғұламалар, ислам ұйымдары ұлттық және халықаралық деңгейде, сонымен қатар мұсылман елдерінің үкіметтері тәкфиршіл ағымдарға қарсы ынтымақтастық жасайтын бағдарламалар дайындауы керек. Өйткені, тәкфиршіл ағымдардың дамуы бүкіл ислам әлеміне қауіп тудырады.

 

Тегтер