Жел 17, 2018 16:47 Asia/Almaty
  •  Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 37

Мешіт – діни ой-пікірлерге сүйенген ең маңызды мәдени орталық. Мешіт жеке адам мен ислам қоғамының өмірінде маңызды рөл атқарады. Мешіт – діни мәдениетте құлшылық етіп, ғибадат жасайтын, саяси және ғылыми орталық.

Мешіт Ислам тарихының басынан саяси жұмыстардың орталығы болды. Исламның ұлық пайғамбары халыққа бұл діни орталықтың жоғары мүмкіндіктерін көрсетті. Сөйтіп, іс жүзінде Ислам дінінің біржақтылығын теріске шығарды. Мұсылмандар кез келген жұмыс үшін мешітте жиналатын. Саясат пен мешіттің бірге болуы Алла елшісінің тәсілінен ғана емес, хазіреттен кейін  де айқын байқалды.

Хиджридің 7-ші ғасырының тарихшысы Ибн Аби әл-Хадид былай деп жазды: «Үшінші халифадан кейін халық хазірет Әлиге (ғ.с.) жаппай бият еткен кезде  хазірет қабылдамады. Бірақ, халықтың  шынайы сұранысы имам Әлиді (ғ.с.) билікті қабылдауға мәжбүрледі. Хазірет Әли (ғ.с.): «Егер менің билігімді қабылдағыларың келсе, бұл іс жасырын болмауы үшін мұсылмандардың қалауымен көпшіліктің алдында, мұсылмандар жиналатын мекен мешітте жасаңдар",- деді. Содан соң имам орнынан тұрып, халықтың қаумалауымен мешітке кірді. Халық мешітте хазіреттің билігін қабылдап, серт берді».  

Еуропалық исламтанушылардың бірі  Марсель Бойсард мешіттің мәдениет, экономика, саясат және мұсылмандардың бірлігіндегі рөлі туралы: «Мешіт – әлем мұсылмандарының бірлігі мен ынтымақтастығының күшті факторы. Сондықтан оның қоғамдық және мәдени маңыздылығына, әсіресе мұсылмандардың Исламның басындағы көңіл-күйі таралған заманауи кезеңде немқұрайдылық танытуға болмайды» деп жазды. Мешіттер мұсылмандардың зорлық-зомбылық пен билеп-төстеушілікке қарсы тұратын орталығына айналып, біртіндеп, Исламның бастапқы кезіндегі көңіл-күйге ие болды. Мешіттердің ішінде кітапханалар мен қоғамдық орталықтар құру Ислам дінінде мешіттің тек уәжіп намаздарын оқитын мекен ғана емес, Исламның саяси және маңызды орталықтарының бірі екенін көрсетті.

 

Исфаһанның Сейед мешіті

Замануи ғасырда ислам әлемінде әртүрлі қоғамдық және саяси қозғалыстар болып жатыр. Бұл қозғалыстар ислам өркениетінің бірнеше ғасырлық ұйқыдан оянуы мен жаңғыруын көрсетеді. Бұл қозғалыстарда мешіттер  қоғамдық-саяси жұмыстар жүргізетін шынайы орталықтарға айналды. Өйткені, қозғалыстардың басшылары арқылы үгіт-насихат жүргізіп, белсенді күштерді тартып, білім беру, ең маңыздысы діни сенімді пайдаланудың арқасында зұлымдыққа қарсы тұруға болады. Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейни ислам әлеміндегі саясат пен діннің біртұтастығын жаңғыртуда теңдессіз рөл атқарды. Хазірет: «Михраб – шайтан және дінсіздікпен күресетін соғыс мекені. Уа, халайық! Қозғалыстар нәтижеге жету үшін мешіттеріңді сақтаңдар»,- деген болатын.

 

Мешіт – исламның айқын көрінісі. Намазхан  мүмін адам әртүрлі қоғамдық-саяси кезеңдерден өтеді. Шын мәнінде  өткен бірнеше онжылдықтағы саяси-қоғамдық салалардағы дағдарыстар мешіттердің саяси мекенге айналып, елдің ішіндегі мәселелерді шешуге  көмектесетін орталық болуына жеткізді. Жамағат намазының имамдары уағыздарында елдің ішкі мәселесі мен барлық мұсылмандардың жағдайына тоқталады. Мешіттердің ірілі-ұсақтығына қарамастан уағыздарында Исламның басындағы тарихи оқиғалар мен Құран аяттары, хадистер айтылады. Сондай-ақ, ислам  әлемінің ішкі дағдарыстарын шешіп, құндылықтарды сақтау туралы тақырып қозғалып, халықаралық дағдарыстар мен Батыс пен АҚШ-тың күнделікті Исламнан үркіту саясатына қатысты хабарлары талқыға салынады.

        ***************************

Исфаһанның Сейед мешіті:

Сейед мешіті Исфаһанның Чаһарбағ көшесіне жақын жерде орналасқан. Бұл мешіттің  құрылысы хиджри қамаридің 12-ші ғасырының соңында басталып, 16-шы ғасырдың ортасында аяқталды.

Бұл мешіт «Сейед» деп танымал болған Сейед Мұхаммад Бақер Шифтидің бақылауымен  салынды. Сейед қамари жыл санағы бойынша 1245-ші жылы (1829 ж.) мешіттің  бірінші қазығын жерге қақты. Қаджар кезіндегі Иран сұлтаны Фатхали шаһ мешіттің құрылысына Сейед Мұхаммад Бақердің қаржы мүмкіндігі жетпейді деп санап, Сейедке мешітті салуда серіктес болу туралы ұсыныс жасады. Бірақ, Сейед қабылдамағанда шаһ: «Сіздің мұндай құрылысты салатын күшіңіз жоқ»,- дейді. Сонда Сейед: «Менің қазынам – әлемнің Жаратушысының қолында»,- деп жауап береді. Сөйтіп, шаһ мешітті салуға қатыспаған. Айта кететін жайт, Сейед Мұхаммад Бақер Шифти өмір бойы  мазлұмдарға көмектесіп,  зұлым шаһтарға қарсы тұрған. Сондықтан өміріне сан рет өліммен қоқан-лоққы жасалды. Бірақ оны өлтіру мақсатындағы қастандықтар сәтсіздікке ұшырады. Ол 1844-ші жылы 85 жасында  дүние салды. Ол өзі дайындаған мекенде, Исфаһанның Сейед мешітінің солтүстік-шығысында жерленді.

Сейед мешітінің көлемі 8075 текше метр. Оның екі үлкен шабистаны, екі үлкен және кішкентай күмбезі, екі қырық тірегі, үш аркасы, діни шәкірттерге білім беретін үлкен медресесі, 45-тен астам бөлмесі, діни шәкірттер өмір сүретін басқа да көптеген бөлмесі бар. Мешіттің негізгі дарбазасы саналатын солтүстік есігі жеті түрлі кафель және гүл мен гүлшанақтармен безендірілді. Сондай-ақ, Құран аяттары жазылған жазбаларды көруге болады. Жазбаларды сол ғасырдың  танымал каллиграфы Мұхаммад Бақер Ширази жазды.

Сейед мешіті төрт аркалы мешіттердің қатарына жатады. Оның солтүстік аркасы жеті түрлі кафель, гүл және гүлшанақтармен әшекейленген. Оңтүстік арқасы шабистанның алдында, күмбездің астында орналасқан. Шығыс және батыс аркалары мешіттің қысқы шабистанының алдында орналасқан. Аркалардың айналасында діни ғылымдарды оқып, зерттейтін шәкірттер өмір сүретін кішкентай бөлмелер бар.  Исфаһанда баршаға танымал мешіттің үлкен сағаты оңтүстік арканың үстінен көрінеді. Шифтидің сабақ берген орны – мешіттің маңызды мекендерінің бірі. Бұл мешіт ғимаратының құрылысы 40 тірек идеясынан алынды. Мешіттің солтүстік-шығысында Сейедтің қабірі орналасқан. Кіреберістің үстіне Сейедтің қайтыс болған күні жазылған.

 

 

 

Тегтер