Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 44
Мешіттің дін, білім, саясат, мәдениет, экономика және тәрбие салаларында атқаратын маңызды рөлін теріске шығаруға болмайды. Мешіттің исламдық қоғам құрып, оны дұрыс жолға нұсқаудағы орны да айқын.
Тарих бойында мешіт тек ғибадат жасайтын мекен ғана болған жоқ. Өйткені, ғибадат мұсылмандардың көзқарасы бойынша тек діни міндеттерді орындаумен ғана шектелмейді. Үстемшіл үкіметтер мен тәкфиршіл топтар Исламды әлсіретуді көздеп отырған жағдайда мешіттің маңызды жұмыстарының бірі саяси ағартушылық болып табылады.
Бүгінде мешіттерді қиратуға тәкфиршіл-сионистік ДАИШ тобы үлкен үлес қосып отыр. ДАИШ лаңкестік тобы өткен бірнеше жылдағы лаңкестік әрекеттерінде зорлықшыл үкіметтердің қолдауымен ислам әлемінің жағдайын бұзуға күш салып келеді. Олар осы кезге дейін Ирак пен Сирияда жүздеген мешітті қиратты.
Мешітпен күресу тек оның ғимаратын қирату ғана емес, кейбір лаңкестік топтар оның рухымен де күреседі. Мәселен, қазір Берлинде шариғатқа толығымен қайшы әрекет ететін мешіт бар. Мешіттің қамқоршыларының бірі бұл мешіт пен оның жұмысы туралы: "Бұл мешіт либералдық мекен болғандықтан оған келген әр адамға "қош келдіңіз» дейді. Ол жерде барша тең құқыққа ие болады. Мешітте әйелдер хиджаб киюге мәжбүр емес; олар азаншы немесе жамағат имамы бола алады. «Ибн Рушд-Гете» мешіті деп аталатын бұл мешітте әртүрлі мұсылмандар, соның ішінде біржыныстылар, зайырлылар, шиіттер мен сүнниттер, хиджабсыз әйелдер ғибадат жасай алады. Бұл мешіттің атауы орта ғасырлардағы философ Мұхаммад бен Ахмад Рушд Андаласи мен неміс жазушы Иоганн Вольфганг Гетенің атынан алынған",- деді. Айта кететін жайт, ол бұл мешітті лаңкестікпен күрес жолының басталуы, сондай-ақ, мәдениеттердің өзара алмасуының факторы санайды. Негізінде, Ислам діні ғана емес барлық илаһи діндер біржынысты қатынасты үлкен күнә санайды. Ислам – қоғамдық дін. Бұл дін мұсылмандардың өмірінің бір сәтіне де немқұрайдылық танытпайды. Жұма намазы бен басқа да жамағат намаздары – қажылық сияқты Ислам дінінің қоғамдық болуы мен секуляризм секілді құбылыстарға қарсы екенінің ең үлкен көрінісі.
Хиджаб – ислам дінінде уәжіптердің бірі. Сондықтан мешітке хиджабсыз кіру күнә саналады. Сондай-ақ, Ислам шариғаты бойынша, әйелдер ер адамдардың жамағат намазының имамы бола алмайды. Сол себепті Берлиннің аталмыш мешіті Ислам мен иманды таратуға көмектеспек түгілі, Исламның шынайы тағылымдары мен мешіттің сындарлы рөлін бұрмалап отыр. Кейбір еуропалық және америкалық мемлекеттердегі Ибн Рушд-Гете "мешітіне" ұқсас "мешіттер" Исламның ұлық пайғамбары Исламның бастапқы кезінде бұзып, мұсылмандар оның қалған бөлшектерін қиратып, орнын қоқыс тастайтын мекенге айналдырған «Зарар» мешітінен де жаман. Бұл мешіт "Тәубе" сүресінің 107-ші аятында айтылғандай мүміндердің арасында күпірлік, іріткі және қайшылық тарату мақсатында салынған. Берлин "мешіті" сияқты мешіттердің күпіршілікті таартып, Исламның бұйрықтарына қарсылық білдіруден басқа мақсаттары жоқ.
Сүлеймение мешіті – Түркияның ең әдемі мешіттерінің бірі әрі Стамбұл қаласының екінші үлкен мешіті. Бұл мешіт Осман империясының Сұлтан Сүлейман бірінші патшасының бұйрығымен салынған Синан сәулетшінің үлкен ғимараты болған. Оның құрылысы 1550-ші жылы басталған. 3500 адам құрылыс жұмыстарын жеті жылда аяқтаған. Синан сәулетші Айя София мешітіне қарағанда бұл мешітті қарапайым жобалап, безендіру жұмыстарын да азайтқан. Мешіттің қарапайымдылығы халыққа көбірек әсер етеді.
Сұлтандардың мешіттерінің көбі сияқты емес, Сүлеймение мешіті тек намаз оқу үшін ғана салынған жоқ. Бұл ғимараттың құрылысының маңызды ерекшеліктерінің біріне елдің түкпір-түкпірінен әкелінген құрылыс материалдарының қолданылуы жатады. Мешіттің кейбір негізгі тіректері бастапқы мекендерінен алынып, Стамбұлға жіберілді. Мәселен, төрт тіректін бірі Искандариеден, екеуі Византияның көне сарайларынан, бір тірек Балбектен әкелінді.
Сүлемание мешітінің бір негізгі және қосалқы екі күмбезі бар. Күмбез мешіттің ішінде акустикалық заңдар сақталатындай жобаланып, мешіттің ішіндегі ауа мен ауа ағындарын қамтамасыз етеді. Сәулетші Синан мешітінің ішіне ауа салқындатқыш орнатқан. Электр тоғы ашылмай тұрып мешіттің кеңістігінде үлкен 275 пілте шам жағылатын. Сондықтан мешіттің ауасы түтінмен ластанатын. Сәулетші пілте шамдардың түтіндері мешіт пен жамағат намазына қатысатын адамдарға зиян келтірмеуі үшін кішкентай бөлме салды. Мешіттің әртүрлі бұрыштарында орналасқан каналдардың түтіндері кішкентай бөлмеде жиналатын. Айта кететін жайт, «түтін бөлмесі" деп танымал болған бөлмеде Синан сәулетші ауаны ылғалдайтын жүйе орнатқан. Нәтижесінде бөлмеде жиналған түтінді айдау арқылы оның ішінде ең жақсы ауа қалады. Бұл мешіт каллиграфия немесе басқа да өнер туындыларымен бейнеленген. Сулеймение мешітінің жер асты бөлігінде мешіт пен оның қосымша құрылымдарына қажет су қоймаларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін көптеген канал қазылған.
Бұл мешітте 72 метрлік қарапайым төрт мұнара бар. Сонымен қатар кішкентай мұнаралар да бар. Жалпы мешіттің 10 мұнарасы Сұлтан Сүлейменнің Осман империясының оныншы сұлтаны болғанын білдіреді. Стамбұлдың Сүлеймение мешіті күмбезінің биіктігі 53 метр, диаметрі 25 метрден асады. Күмбез тіреліп тұрған тіректер қабырғаның ішіне көрінбейтіндей етіп салынған. Мешіттен 24 тіректің үстінде орналасқан 24 кішкентай күмбезді көруге болады. Кіреберіс есікке жақын орналасқан екі тірек порфир тасынан жасалған. Басқа тіректері сары мәрмәр мен ақ мәрмәрдан салынған. Мұнаралары мен күмбезінің үйлесімділігі Сүлеймение мешітінің әсемдігін арттыра түседі.
Мешіттің жері ақ мәрмәр тастармен төселген. Тек мешіттің кіреберісіндегі дарбазаның алдында екі метрлік төртбұрыш қара тас орнатылған. Мешітке келген адамдар қара түсті порфир тастан өтіп, ішіне кіреді.
Сүлеймен мешіті де басқа тарихи ғимараттар секілді көптеген апаттарды бастан өткерді. 1660-шы жылы мешіт өртеніп, Сұлтан Мұхаммад ІV-ші оны жөндеуге бұйырды. 1766-шы жылы мешіт күмбезінің бір бөлімі жерсілкінісі салдарынан бұзылып, 19-шы ғасырдың ортасында қайтадан жқндеуге қажет жұмыстар жасалды. Бірінші Дүниежүзілік соғыста мешітте сақталатын кейбір нәрселер өртеніп, мешітке тағы нұқсан келтірілді. 1956-шы жылы мешіт қайта жөндуден өткізілді. Сондай-ақ, 2008-ші жылдан бері жөндеу жұмыстары көбірек жасалып келеді.