Қаң 03, 2019 16:36 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 47

Мешіт ең басынан бастап, ғибадат мекені болуымен бірге мұсылмандардың істерін ұйымдастырып, жобалайтын орталық та болды.

Исламның ұлық пайғамбары илаһи бұйрықтары мен қоғамдық кеңестерінің көбін, сондай-ақ, үкіметті басқару жұмыстары мен әскери саясаттарын, мәдени жұмыстары мен ғибадатын мешітте іске асырды. Негізінде, Исламның басында мешіт мәдени, қоғамдық, саяси, экономикалық жұмыстардың, сот және білім беретін орталық саналды.

 

Жамағат намазы

Жамағат намазы

Бүгінгі күні де әлемнің түкпір-түкпіріндегі мешіттер Исламның негізгі жүзін көрсететін рухани базалар саналады. Мешіт – адамның діни байлық пен рухани қажеттіліктеріне жететін биік баспалдақ. Мешіт өзі ие еркшеліктерімен илаһи есімдер мен сипаттардың көрінісі әрі адамдарды тәрбиелейтін, Жаратушымен қарым-қатынас орнататын қасиетті мекен. Бұл рухани мекен адамның тәрбиеленіп, дамуы мен кемелдікке жетуіне, сондай-ақ, жеке адам мен қоғамның мәдени және рухани өзгерістерінің басталуына себеп  болады.

 

Франциядағы de Givors мешіті

Өткен жылдары еуропалық елдерде Ислам діні кең таралып, мешіттердің артуына байланысты оларға қарсы дұшпандық та көбейді. Еуропада кейбір адамдар мешіттердің құрылысына қарсылық білдіріп жатыр. Негізінде жеке адамдар мен  топтардың, әлеумет арасындағы мәдени, діни, нәсілдік және басқа айырмашылықтардың заңдылығын мойындау, басқа адамдардың түр-түсі мен бет-әлпетіндегі,  мінез-құлықтары мен жан-дүниелеріндегі өзшгешеліктерге төзімділікпен қарау, яғни толеранттық негіздер мешіттердің діни рәсімдерді орындайтын, діндер арасындағы пікірталас, сондай-ақ, мәдениетпен алмасатын орталық болуына рұқсат етуі керек. Мұсылман емес адамдар Исламға қарсы үгіт-насихатқа сенбей, мешіттерге барып, мұсылмандар мен олардың ғибадаттарымен жақыннан танысып, олардың сенімдері туралы сөйлесе алады.

Париджің үлкен мешіті:

Париждің үлкен мешіті

Париждің үлкен мешіті

Париждің үлкен мешіті Францияның ең маңызды әрі басты, ал Еуропадағы үшінші үлкен мешіт саналады. Бұл үлкен мешіт бірінші Дүниежүзілік соғыста Франция халқын қорғап, қаза болған мұсылмандардың құрметіне салынған.

 

Париж мешіті

1895-ші жылы Африкадағы франциялық колониялар комиссиясында бірінші рет Париж қаласында мешіт салу туралы   ұсыныс жасалды. Бірақ қаржының аздығынан ұсыныс іске асырылмады. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін қасиетті мекендерді уақыф ету ұйымын басқару міндетіне ие болған Марокконың мұсылмандарының бірі Сейед Каддур бен Қебрит Франция үкіметіне Паижде бір мешіт салуды ұсынды. Франция үкіметі де Германия шабуыл жасаған кезде франциялық күштермен бірге соғысқан мұсылмандарға алғыс білдіріп, мешіт салуға келісті. Сөйтіп, 1922-ші жылы Франция Мәжілісінің шешімімен Париждегі Өсімдіктану бағының қасынан мешіттің құрылысы үшін 7500 текше метр көлем жер мен 500000 франк бөлінді. Франция үкіметі мен аймақтағы мұсылмандардың көмегінен басқа Алжир, Тунис және Марокко мешіттің құрылысына қажет қаражат берді.

 

Париждің үлкен мешіті

1926-шы жылдың қаңтар айының 15 күні Францияның сол кездегі  Президенті Гастон Думерг Париждің үлкен мешітін ашып, дәл сол күні бірінші жамағаты намаз оқылды. Париждің үлкен мешітінің бірінші жамағат намазының имамы Ахмад әл-Әлави болды. 1957-ші жылға дейін Париждің үлкен мешітін франциялықтар басқарды. 1957-ші жылы мешітті басқару міндеті негізі алжирлік Хамзе Абубакр деген адамға тапсырылды. Ол зейнетке шыққан кезде мешіттің басқаруын Алжир үкіметіне тапсырды. Франциялықтар бұл шешімді бөгде елдің араласуы санап, наразылық білдірді. Нәтижесінде 1992-ші жылы мешітті басқару міндеті франциялық азаматқа жүктелді.

Париждің үлкен мешіті бір жағынан қаланың басқа мешіттерін басқаратын исламдық ұйым болып табылады. Бұл мешіт Исламды таныстыратын сабақтар өткізеді. Бұл ислам орталығының қарамағындағы Ғазали орталығы шариғат үйретеді. Франция мешіттерінің жамағат имамдарының көбі осы орталықтан білім алып шыққан.  Париждің үлкен мешіті белсенді жұмыс жасайды. Үйлену мен ажырасу, ақыл-кеңес беру, намаздар өткізіп, қажылыққа апару, малды дұрыс бауыздауды бақылау, мұсылмандарды жерлеу, мақұрымдар мен қамқоршыларынан айрылған отбасыларына көмектесу бұл мешіттің айналысатын жұмыстарының қатарын құрайды. Сондай-ақ, аталмыш ислам орталығы отырыстар мен таухидтік діндер арасында пікірталастар өткізу, кітапхана қызметін ұсыну және Құран тәпсірі, хадис, фикх, Ислам тарихы мен өркениеті сабақтарын өткізіп, қасиетті Ислам дінін көбірек тарату үшін талпыныс жасайды.

 

Париж мешіті және ислам орталығы

Париждің үлкен мешіті сондай-ақ, мәдени-саяси орталық саналады. Бұл мешіт мұсылман және мұсылман емес елдердің үкіметтері және саяси өкілдерімен қарым-қатынас орнатуымен бірге өз  есігін франциялық және басқа азаматтардың алдарынан ашық ұстайды. Париж мешіті Еуропа мешіттерінің көбі секілді әл-Қаиданың Париж супермаркеттерінің біріне жасаған шабуылының жылдығында  "бір шыны аяқ шәй" деп аталған бастамасымен есіктерін мұсылман еместердің алдарынан ашып, оларды Ислам туралы пікір алмасып, бұл илаһи дінмен  көбірек танысуға шақырды.

 

Париж мешітінің кітапханасы

Париждің үлкен мешіті – Франциядағы үлкен діни ғимараттардың бірі. Оны Еуропада Ренессанс кезеңінің басталуы саналатын  XII-XV  ғасырларда  Испания мен Португалияда мұсылман сәулетшілері кең таралған керемет сәулет тәсілімен салды.

 

Париждің үлкен мешіті

Мешіттің негізгі ғимаратына үлкен шабистан, екі алаңы мен құбылаға қарсы жақта орналасқан мұнарасы кіреді. Шабистанның көптеген мәрмәр тірегі бар. Тіректер бір-бірімен аркалар арқылы қосылған.

 

Париждің үлкен мешіті

Шабистан геометриялық пішіндес суреттермен безендірілген. Күмбездердің ішіндегі сегіз бұрыштары, симметриясы, көгілдір мозаикасы, ішіндегі жарқыраған алтын жұлдыздары адамдарды қызықтырады. Мешіттің үлкен алаңы бар. Намазға келгендердің саны артқан күндері олардың жартысы алаңда намаз оқиды. Алаңның айналасындағы қабырға өте нәзік жұлдыз бен гүлдің суреті бар кафельмен көркемделген.

 

Париждің үлкен мешіті

Бұл алаң испаниялық бақтардың үлгісімен салынған. Оның есігі мен адамдар ыстықта бас сауғалайтын мекені Құран аяттары жазылған тастардан жасалған. Париждің үлкен мешітіндегі медресе, кітапхана, конференц-зал, ресторан, шайхана, Құран және намаз оқитын  жерлер  барша үшін ашық.

 

Париж мешітінің рестораны

Франция үкіметі мұсылмандарға қарсы көп қысым жасап, шектеу қойған еуропалық мемлекеттердің бірі және батыстың Исламнан үркіту базларының бірі саналады. Бұл елдің жоғары оқу орындарында хиджабқа тыйым салатын заңның жүзеге асырылуы мен Исламның ұлық пайғамбарын келеке еткен суреттердің Францияның көптеген журналдары мен газеттерінде салынуы 65 миллион халқы бар Франция мемлекетінің Исламға қарсы әрекеттерінің қатарына жатады. Бірақ, соған қарамастан Францияда  мешіттер саны шіркеулерден көбірек.

Сондай мешіттердің бірі – Париждің Кретей аймағындағы Сахабе мешіті. The New York Times газеті бұл мешіт туралы: "Париждің ортасында  "Исламға бет бұрушылардың мешіті" деп аталған салтанатты ғимарат орналасқан. Мешітте жыл сайын шамамен 150 француз Ислам дінін қабылдайды. Бұл мешіт "Сахабе" деп аталады» деп жазды.

Франциядағы келесі мешіттердің бірі – de Givors мешіті. Бұл мешіт – Франциядағы шиіттер мен сүннитер бірлігінің көрінісі.

Иран Ислам революциясы жеңісінің алғашқы жылдары Марокконың бір шиіт азаматының жігерімен  Лион оңтүстік аймағында көбісі мигранттардың екінші буыны болған мароккалық жастар Иранның Ислам революциясынан әсер алып, шиіт мазхабына бет бұрды. Олар сүннит мазхабты әкелерінің de Givors мешітін жөндеп, оны шиіттер мен сүнниттредің бірлігінің көрінісіне айналдырды.

 

de Givors 

Қасиетті Рамазан айларында сүннит әкелері тауариқ намазын оқып, шиіт ұлдары түнді ғибадат етумен ояу өткізіп, Құран оқитын. Бүгін олардың жамағаттарының саны артып, олардың қатарына перзенттері қосылды. Олардың шиіт мазхабына бет бұруына бұл мазхабпен Иран революциясы арқылы танысуы себеп  болды. Ал перзенттерінің шиіт мазхабын таңдауына алдынғы буыннан көрген тәлім-тәрбиелері себеп болды. Бұл орталық Франциядағы шиіттердің бірінші мешіті саналады.

 

 

Тегтер