Қаң 26, 2019 17:36 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 52

Ислам үкіметі орнатылған алғашқы күндері Алла елшісінің тікелей бұйрығымен Мединеде қоғамдық орган ретінде мешіттің іргетасы қаланды. Бұл қасиетті мекенде 1400 жылдан артық тарихында көптеген оқиғалар өтті. Кейбір уақытта мешіттің сыртқы көрінісі патшалардың сарайларындай салтанатты көрінгенімен іші еш уақытта Аллаға ғибадат жасап, құлшылық ететін мекеннің пәктігінен айрылған жоқ.

Кейбір уақытта мешіттің сыртқы көрінісі патшалардың сарайларындай салтанатты көрінгенімен іші еш уақытта Аллаға ғибадат жасап, құлшылық ететін мекеннің пәктігінен айрылған жоқ.

 

Ән-Наби мешіті

Ислам қоғамның салтанаттығы мен әдемілігіне қарсы емес, бірақ Исламның киім, баспана, мініс малы, азық-түлікті тұтыну туралы ұсынған әртүрлі үлгілері Исламдағы маңызды факторлардың бірінің, яғни материалды байлықтардан алыстап, қарапайым болу керектігін көрсетті.  Көп қаржыны қажет ететін әшекейден тартынып, қарапайымдылықты сақтау мешітке жиналатын намазхандар санының артуына себеп болды.

Куфе мешіті

Ислам қоғамның салтанаттығы мен әдемілігіне қарсы емес, бірақ Исламның киім, баспана, мініс малы, азық-түлікті тұтыну туралы ұсынған әртүрлі үлгілері Исламдағы маңызды факторлардың бірінің, яғни материалды байлықтардан алыстап, қарапайым болу керектігін көрсетті.  Көп қаржыны қажет ететін әшекейден тартынып, қарапайымдылықты сақтау мешітке жиналатын намазхандар санының артуына себеп болды.

Куфе мешіті

Мешіттер басында өте қарапайым түрде салынып, олардың төбесі көбінде сабанмен жабылатын. Бірте-бірте мешіттердің алаңдарының төбесі ашық және тіректердің үстінде орналасқан аркаларымен салынатын болды.  Құрылыста балшық қолданылып, тіректер бірдей салынды. Кейін ғимараттың құрылысына өзгерістер енгізіліп, балшықтың орнына кірпіш қолданылып, тіректер де бір-бірінен өзгеше салынатын болды. Кірпіштен салынған ғимараттар суреттермен, гипс және кафельдермен, сондай-ақ, «куфелік» және «насх» стильдеріндегі жазбалармен безендірілетін болды. Кейін патшалар өздерінің күш-құдыреттерін көрсету үшін биік күмбездері бар зәулім ғимараттар мен аспанмен таласқан мұнаралар салатын болды. Олар мозаикаларында гипс пен кірпіш бөлшектерін, гүл мен гүлшанақтың әдемі суреттері салынған ақшыл көк плиткаларды, «куфе» және «насх» жазбаларын пайдаланды. Сөйтіп, мешіт өнер туындыларына айналып, мұсылмандардың ең маңызды өнер туындылары дүниеге келетін мекен ретінде танымал болды.

Шираздағы Насир ал-Мулк мешіті

Бүгінде мешіттердің сәулеті исламдық өнер саналады. Бұл өнерден рухани кеңістік, иман мен Құран тағылымдары анық көрінеді. Сондықтан өнерпаздар ислам өнерінің шынайы түсінігіне сәйкес бұл өнерді өз сәулеттерінде қолданды. Исламдық өнерпаз әртүрлі тарихи кезеңдерінде әлемді өнер мен сұлулығы араласқан Алланың көрінісі санап, мешітті құпия-сырлары мен қажеттіліктері үйлескен мекен ретінде салады. Мешіттің ғимараты төртбұрышқа негізделген. Имам Джафар Садық (ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Қағбаның төртбұрышты болуы Қағбаның «Бейт әл-Мамурге» (періштелер ғибадат жасайтын аспандағы үй) қарама-қарсы орналасуына байланысты. «Бейт әл-Мамурдың» төртбұрышты болуы ғаршының алдында, ғаршының төртбұрышты болуы Исламның төрт негізге сүйенетіндігімен байланысты.

Мешітке адам намаз оқу үшін кірген кезде төрт бағыт пен төрт шектеу оған бұл дүниедегі өмірдің өте шектеулі екенін білдіреді. Бірақ, михрабқа қараған кезде ақылы оны бірте-бірте материалдық шектеуден алыстатып, рухани кеңістікке енгізеді. Хадистерінің бірінде Исламның ұлық пайғамбары: «Миғрадж оқиғасы кезінде аспанға көтерілген кезде төрт тіректе орналасқан ақ түсті үлкен күмбезді көрдім. Әр тірегінің бетінде «Фатиха» сүресінің бірінші сөзі, яғни    بسم، الله، الرحمن و الرحیم деп жазылған еді»,- деп айтқан болатын. Сондықтан мешіттің сәулетін илаһи кеңістіктің жалғасы деп айтуға болады.

Делидің Орталық мешіті:   

Делидің Орталық мешітіндегі Ораза айт намазы

 Делидің орталық мешіті немесе «Жаһаннама» Делидегі мұсылмандардың ең маңызды ғибадатханасы, жиырмасыншы ғасырдың соңына дейін әлемнің ең ірі мешіті саналды. Марокконың танымал саяхатшысы Ибн Батуте сапарнамаларының бірінде Делидің Орталық мешітін  дүниежүзінің ең үлкен мешіті деп атады. Бұл әдемі ғимарат қызыл тас, құм және мәрмәрдан салынған.

Делидің Орталық мешіті

Үндістанның ең үлкен жұма намазы өтетін болғандықтан бұл мешіт Орталық мешіт деп аталады.  «Үндістандағы парсылардың рөлі» кітабына сәйкес, Делидің Орталық мешіті 1650-1656 ж.ж. Тадж Махалды салған Үндістанның Жаһан шаһ императорының кезінде салынып, қамари күнтізбесі бойынша 1066-шы жылғы Ораза айт күні ашылды. Бұл мешіт – Делидің көне бөлімінде орналасқан, халық көп қатынас жасайтын Үндістандағы діни мекен. Мешіттің құрылысына 5000 жұмысшы қатысып, ол алты жыл бойы салынды. Бұл мешіт Үндістанда «Жаһаннама» мешіті деп танымал. 31 жыл Үндістанның басшысы болған Жаһан шаһ парсы өнерін, сәулеті, поэзиясы мен әдебиетін жақсы көрді. Үндістан тарихында ешбір патша Жаһан шаһ секілді сәулет пен өнер саласына еңбек сіңірген жоқ. Ол әлемге танымал Тадж Махалдан басқа Делидегі Қызыл қамал, Агра қамалының үлкен бөлімі мен Лахурдегі Вазирхан мешітін және Пәкістандағы Жаһаншаһ мешітін салды.

Дели Орталық мешіті

Делидің Орталық мешіті Батысқа қарайды. Оның үш жағынан аркаларды көруге болады. Мешіттің ұзындығы шамамен 800 метр, ені 27 метр, төбесінде үш күмбезі бар. Күмбездер қара және ақ мәрмәрмен қапталған.

Дели Орталық мешітінің күмбезі

Мешіттің биіктігі 40 метрлік екі мұнарасы бар. Оның 130 баспалдағы ақ мәрмәр және қызыл құмтаспен төселген. Мешіттің артқы жағында алдындағы мұнараларға ұқсас төрт кішкентай мұнара орналасқан. Күмбездердің астында Батысқа шығатын жеті есігі бар. Мешіттің қабырғалары ортан беліне дейін мәрмәрмен қапталған. Ол жерден бір зал көзге түседі.  Бұл залдан басқа мешітте намаз оқитын 27 текше метр және жеті есігі бар басқа бір зал бар. Кіреберістердің үстінен ұзындығы 2,1 метр, ені 76 сантиметр жазбаларды көруге болады. Жазбаларда мешіттің салынған тарихы мен Жаһан шаһтың ерекшеліктері жазылған.

Дели Орталық мешіті

Мешіттің едені қара және ақ мәрмәрмен төселген. Намазхандар сәжде жасайтын жерлер мәрмәр тастармен белгіленген. Жалпы мешіттің еденінен қара мәрмәрмен белгіленген  сәжде жасайтын 899 жер анықталды.


 

Дели Орталық мешітінде де бұл түбектің басқа мешіттеріндегідей парсы тілінде жазылған жазбалар бар. Бұл жазбаларды Нуролла Ахмад «сулс» стилінде жазған. Олар Тадж Махалдың жазбаларына ұқсас. Бұл жазбалардың арасынан терінің бетінде жазылған Құран аяттарын көруге болады.

 

 

    

 

 

Тегтер