Ақп 24, 2019 17:51 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 56 (Соңы)

Мешіт мұслымандардың бірлігі мен біртұтастығын тұрақтандырып, қоғамдағы таптарды көбірек біріктірген сайын Алланың талап-тілектеріне жақындай түседі. Әртүрлі мазхаб жақтастарының бір мешітте жиналуы наным-сенім мен басқа діни мәселелерге қатысты қайшылықтардың мұсылмандардың сапына жік салып, оларды ыдырата алмағанының белгісі.

Мешіт ислам мәдениетінде әрқашан қасиетті мекен саналады. Бұл қасиетті мекен Алланың пенделері кездесетін мекен болуымен бірге, ең революцияшыл және ең саяси шешімдер, тіпті, әскери кеңестер өтетін мекен. Мешіт – сондай-ақ, мұсылмандар жиналып, олардың бірлігі мен біртұтастығын көрсететін орталық. Бірлік – әрбір қоғамның саулығы мен негіздеріне табандылық білдіру үшін қажет фактор. Мешітте әртүрлі адамдар –  әйелдер мен ерлер, кәрі-жас пен әртүрлі көзқарас иелері жиналып, бір сапқа тұрады.

 

Жамағат намазы – мұсылмандар бірлігінің көрінісі

 

Мешіт ислам мәдениетінде әрқашан қасиетті мекен саналды. Бұл қасиетті мекен  – Алланың пенделері кездесетін жер болуымен бірге ең революцияшыл және ең саяси шешімдер, тіпті, әскери кеңестер де өтетін мекен. Мешіт сондай-ақ, мұсылмандар жиналып, олардың бірлігі мен біртұтастығын көрсететін орталық. Бірлік – әрбір қоғамның саулығы мен негіздеріне табандылық білдіру үшін қажет фактор. Мешітте әртүрлі адамдар, әйелдер мен ерлер, үлкен мен кіші, әртүрлі көзқарас иелері жиналып, бір сапқа тұрады.

Мешіт мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығын тұрақтандырып, қоғамдағы таптарды көбірек біріктірген сайын, Алланың талап-тілектеріне жақындай түседі. Әртүрлі мазхаб жақтастарының бір мешітте жиналуы наным-сенім мен басқа діни мәселелерге қатысты қайшылықтардың мұсылмандардың сапына жік салып, оларды ыдырата алмағанының белгісі.

Мешіттің міндеттерінің бірі ислам қоғамының бірлігін нығайту болғандықтан намазхандар басқа мұсылмандарға жанашырлық білдіріп, кекті ұмытып, дұшпандарға мұсылман қоғамының бірлігін көрсетуі  керек. Сондықтан Алла Тағала өз Пайғамбарына ислам қоғамының бірлігіне зиян келтіретін мешітте намаз оқымауға, тіпті бұл мешітке кірмеу  туралы ескертті. Алла елшісі Зерар мешітінің мұсылман қоғамының бірлігіне зардап келтіретін мекен екенін түсінген кезде оны қиратып, өртеп жіберуді бұйырды.

Қазіргі таңда да де ислам үмбетінің дұшпандарымен қарсыласуды көздейтіндер ислам мазхабтарының бірлігін дұшпандарға қарсы күрестің факторларының бірі санап, шиіт және сүннит мұсылмандардың бірілігі туралы ойлайды. Бұл көзқарасты аятолла Мұса Садрдің ойларынан анық көруге болады. 1987 жылы ұрланып, осы күнге дейін тағдыры белгісіз бұл әйгілі ғұлама мұсылмандардың бірлігіне ғана емес, хазірет Ибрахимге қатысты барлық діндердің бірлігіне сенімді болды. Сондықтан шиіттер мен сүнниттер мешіттермен қатар шіркеулерге де барып, жексенбі күндері сөз сөйлейтін. Ол кісі Ливанда өмір сүрген кезде көбінесе, әсіресе мұсылмандардың Құрбан айт пен Ораза айт сияқты ортақ мейрамдарында сүнниттердің мешіттеріне барып, шиіттер  мен сүнниттер арасындағы қайшылықтарға мән бермейтінін білдіріп, сүнниттердің жамағат намаздарына қатысатын. Сондай-ақ, мұсылмандар діни мәселелерге қатысты қайшылықтарына қарамастан, ислам әлемінің үлкен мәселелеріне қатысты ынтымақтастық жасай алады деп санайтын.

 

Сүнниттер мен шиіттер бір сапта

Ирандағы Ислам революциясының ерекше көңіл-күйі бүкіл жерге таралған алғашқы күндері шиіттер мен сүнниттер өмір сүретін Заһедан сияқты қалаларда  намазхандар бір аптада жұма намазын шиіт ғұламаларының бірі марқұм аятолла Кафаамидің, келесі жұманың жамағат намазын сүнниттердің мешітінде сүннит ғұламаларының бірі марқұм Моулави Абдолазиздің артында тұрып оқитын. Шиіт және сүннит мұсылмандардың бірге намаз оқу рәсімі өте жақсы жолға қойылып, ешбір адам фикх саласындағы қайшылықтар туралы ойламайтын. Имам Садық (ғ.с.) рауаяттарының бірінде  жақтастарына мұсылмандар арасындағы бірлікті сақтау туралы: «Сүннит бауырлардың жамағат намазына қатысып, бірінші сапта тұратын адам қылышты қынабынан шығарып, Алланың жолында шайқасуға дайын адам секілді»,- деп айтқан. («Усул Кафи», 3 том). Имам Садықтың (ғ.с.) бұл сөзінің сыры толығымен айқын. Өйткені, мұсылмандардың бірлігі  мен бір-біріне деген жанашырлығын көрсету Алла елсшісінің арманы болды. Оның құны Алла дінінің  дұшпандарымен соғысудан кем емес.  

ИИР-ның ең маңызды діни орталықтарының бірі саналатын Мешхед қаласында сүннит мұсылмандардың жұма намаздарын өткізетін төрт мекені бар. Солардың ішіндегі ең үлкені – әл-Фаруқ мешіті. Бұл аймақта үш мешіт орналасқан: сүннит мұсылмандардың әл-Фаруқ, Әли бен Абиталеб мешіттері мен шиіттердің Әбу әл-Фазли мешіті. Бұл аймақтың халқы арнайы күндері, әсіресе «Бірлік аптасы» кезінде бір-бірінің жұма намаздарына қатысады. Мұндай қарым-қатынас шиіттер мен сүнниттердің арасында қайшылық тудырғысы келетін ырымшыл жеке адамдардың істерін залалсыздандырады. Әртүрлі мазхаб мұсылмандарының бір-бірімен араласпауы олардың наным-сенімдерін қате түсінуге, бір-біріне күдіктеніп, бір-бірін дұшпан санауына соқтыруы мүмкін. Бірақ мешіттерде орнатылған қарым-қатынас олардың бір-біріне жылы қарап, құрметтеп, бір-бірінің қасында бауырлардай өмір сүруіне көмектеседі.

 

Хорасан мешітіндегі шиіттер мен сүнниттердің бірлігі

 

ИИР-ның астанасы Теһранда сүннит мұсылмандарының 100-ден астам мешіті бар. Садеқие мешіті, ән-Нәби және Теһранпарс мешіттерінде Айт намаздары мен жұма намазы күндері жүздеген сүннит бауырлар жиналады.  Теһрандағы Садеқие мешітінің сүннит жамағат имамы Мамоста Азиз Бабаи Иран қоғамындағы шиіттер мен сүнниттердің бірлігіне тоқталып: «Мен Иранның солтүстік-батысындағы Ардебил облысындағы Халхол ауданындағы ауылдардың бірінде дүниеге келдім. Біздің ауылымыздағы мұсылмандардың көбін сүнниттер құрайды. Ауылымыз бен басқа ешбір аймақтың  шиіттерімен  мәселеміз жоқ. Біздің арамызда исламдық бірлік қалыптасқан, бірақ Исламның дұшпандары арамызға жік салғысы келеді»,- деді.

 

Теһрандағы сүннит мұсылмандардың мешіті

 

Мамоста Азиз Бабаи Теһрандағы сүнниттердің мешіттерінде екі мыңнан астам рет, сондай-ақ, шиіттер мешіттерінде де сөз сөйлеп, 6 жыл бойы Құмның университеттерінде жұмыс істеді. Ол сүнниттердің арасында шиіттер жайлы, керісінше шиіттердің арасында сүнниттер туралы қате түсініктердің бар екендігіне тоқталып: «Осы уақытқа дейін сан рет, тіпті Сауд Арабиясындағы Ханбар мазхабының ғұламалары Ирандағы шиіттердің Құранының өзгешелігі туралы сұрақтар қойылды. Мен сан рет бұл адамдарға Иранда шығатын Құранның Мекке мен Мединеде шығатын Құраннан еш айырмашылығы жоқ екені туралы жауап бердім. Бірақ олардың бұл тақырыпқа сенуі қиын. Бұл мәселе әртүрлі ислам мазхабтарына қарсы бөгделердің кең ауқымды үгіт-насихаттарының салдары.  Осындай жағдайда біз ақпарат құралдарын пайдаланып, дұрыс мәліметтер таратып, ырымшылдардың теріс ойларын өзгертуіміз керек.  Алланың көмегі және Иран үкіметінің талпыныстарымен сүннит мұсылмандар бұл елде жақсы жағдайға ие. Ислам дұшпандарының талпыныстарына қарамастан Иранның сүннит мұсылмандары елді өркендету ісіне белсенді түрде қатысып жатыр»,- деді.     

 

 

Иранның Систан-Балучистан облысындағы Хаш Орталық мешіті:

Хаш Орталық мешіті

 

Систан-Балучистан облысындағы көне Хаш Орталық мешіті – шиіттер мен сүнниттер бірлігінің айқын көрінісі. Жергілікті қарт адамдардың айтуы бойынша, бұл аймақтың сүннит және шиіт халқының көбі ежелден бірігіп, бұл мешітте намаз оқыған. Хаш қаласының жұма намазының имамы Мұхаммад Хосейн Миридің айтуынша, шиіттер мен сүнниттердің бірлігінің көрінісі саналатын бұл мешітте күнделікті бес уақыт намаз оқылады. 

 

Хаш жамағат намазы

Мешіттің бірінші ғимараты хиджри шамси жыл санағы бойынша 1307 жылы 247 текше метр іргетаспен жобаланды. Бұл құрылысқа мешіттің негізгі ғимараты мен қосылған мұнарасы кіреді. Мешіттің шабистанына жеткілікті жарық түсу үшін әрбір екі бағанның арасына терезе орнатылған.

 

Хаш Орталық мешіті

Хаш Орталық мешітінің мұнаралары бұралмалы цилиндр пішіндес. Мұнараның бетінде "لا اله‏ الا الله"  деген жазу бар. Мұнараның құрылысына кірпіш, қыш, құм, әк және гипс тектес материалдар  мен бір-біріне жабыстырылған кірпіштер пайдаланылған.

 

Хаш мешітінің мұнарасы

Ең әдемі архитектуралық безендіру өнері мұнараның төменгі,  ортаңғы және жоғарғы бөліктеріндегі    кірпіштердің бұрмаланған түрде қалануынан        көрінеді.  Басқа миниатюралық элементтерден әсемдік пен ерекшелік тудыратын мұнара бағанасындағы жазбаны атауға болады.

 

 

Тегтер