Ақп 27, 2019 10:30 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 37

АҚШ Иранды заманауи ғылымдарға қол жеткізбей, дамытпай артта қалдыру үшін кез келген әрекетті қолданды.

Иранды ғылыми қауымдастыққа қоспау үшін кедергі келтіріп, Иранмен ғылыми және университеттік қатынас орнатқызбау үшін басқа елдерге қысым жасау, Иранның ғылыми мақалаларын әлемдік деңгейдегі ғылыми сайттар мен журналдарда жариялауға тыйым салу, Иранның ғылыми делегацияларын халықаралық конференциялар мен семинарларға қатыстырмау АҚШ-тың Иранның ғылым саласындағы дамуының алдын алу үшін жасаған әрекеттерінің қатарын құрайды. 

Иранның жетістіктеріне қарсылық білдіру үдерісінде басқа салаларға қарағанда елді бейбіт мақсатты ядролық технологияға жеткізбеу ісі айқынырақ байқалды. 

Негізінде Ислам революциясының жеңісінен бұрын 1956 жылы Иран АҚШ-пен 11 баптан тұратын келісімге қол қойған болатын. Бұл келісімде Иранға бейбіт мақсатты ядролық энергияға ие болу құқығы берілді. Келісімнен бір жылдан кейін Иран Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне  мүше болып кірді. 1958 жылы ядролық қаруларды таратуға тыйым салатын келісімге қол қойып, 2 жылдан кейін Ұлттық Кеңес Мәжілісінде бекітіліп, Иранда Атом Қуаты Ұйымы құрылды.

Ислам революциясының жеңісінен кейін және Иранға қарсы соғыстың басталуымен ядролық энергия жобасы тоқталып, Батыс мемлекеттерінің бейбіт мақсатты ядролық энергия саласында ынтымақтас жасауға қатысты ұстанымы өзгерді. Негізінде олар АҚШ-тың басшылығымен бұл маңызды тақырыпты тоқтатқысы келгенімен Иран 1994 жылы Бушеһр атом стансасын жұмыстарын аяқтап, стансаны іске қосу саласында Ресеймен келісімге келеді. Сөйтіп, стансаның құрылысын ресейлік компаниялар жүргізіп, 2003 жылы Иранның сол кездегі президенті ирандық мамандардың күшімен атом стансасына қажет ядролық отынның шығарылғанын хабарлады. Бұл хабардан 3 жылдан кейін Иран уран байыту әлеуетіне ие болғанын жариялады. Санкцияларға қарамастан Иранның заманауи ғылымның бұл кезеңіне жетуі ел халқының ғылыми шыңдарға жетудегі мықты ерік-жігерін көрсетті. Иран ядролық отын шығару желісін толығымен жергіліктендірді. Ирандық ғалымдар Яздтегі «Сағанд» пен Бандар-Аббасқа жақын жердегі Ганчинде кеннен уран өндіріп, сары тотыққа айналдырды. Исфаһанда бұл өнімнен экзофлорид газын өндіріп, газды Натанз нысанындағы центрифугаларда пайдаланып, уран байытумен айналысады.

Ирандық ғалымдар ауылшаруашылығы бөлімінде науқастарды емдеу үшін қолданылатын радиоизотоптарды шығарады, өндіріс пен лазер салаларында жақсы зерттеулер жүргізіп, ауылшаруашылығы пен медицина салаларына көп көмек көрсететін маңызды жетістіктерге қол жеткізді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Алиакбар Салехи Euronews арнасына берген сұхбатында: «Біз еш уақытта атом бомбасын шығаруды көздемедік. Бұл туралы үкіметтік пәтуа бар. Біз ядролық өнеркәсіптің инфрақұрылымынан бастап, отын шығарудан зерттеу реакторларын жобалау мен ядролық өндіріске қатысты әртүрлі жабдықтарды жасауға дейінгі барлық кезеңдерден өттік. Біз негізінде ядролық өндірісі бар мемлекеттердің біріміз. Ядролық ғылым саласында Германия, АҚШ пен Ресей сияқты  деңгейде дамыған мемлекет емеспіз, бірақ ядролық өндірісті дамытуға қажет әлеуетке иеміз. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында бірқатар шектеуді өз еркімізбен қабылдадық. Бірнеше жыл өндірілген уранымыздың мөлшерін 300 килограммнан арттырмауға келістік. Бұл шектеулерді бірнеше жылға қабылдадық, бірақ оларды тоқтата аламыз. Қанша өндірсек, сонша сақтай аламыз. Біздің шектеулеріміз оңай алынатын шектеулер. Біз шектеулі уақытқа уранды 3,67 пайыздан жоғары байытпауды қабылдадық. Алайда, уран байыту мөлшерін арттыра аламыз.  Өйткені, уранды 3,67 пайызға байыту мүмкіндігіне ие болған соң, аздаған өзгерістер енгізіп, оны 5 және 20 пайызға байыта аламыз. Біз бұрынғы жағдайымызға ораламыз. АҚХА осы уақытқа дейін Иранның өз міндеттемелерін орындағанын сан рет растады. Біз міндеттемелерімізге қайшы әрекет еткен жоқпыз, келешекте де етпейміз. Бірақ, егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының күші жойылды деген шешім қабылданса, біз өз жұмысымызға оңай ораламыз. Бұл бос сөз емес. Біз хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1388 жылы 20 пайызға байытылған уран сатып алмақ болып, АҚХА-не хат жаздық. Олар бізге әртүрлі шарт қойды. Мен сол кезде Агенттіктің сол кездегі басшысы Әл-Барадеи мырзамен кездесіп, сөйлестім, Әл-Барадеи маған америкалықтар мен ресейліктер жазған бейресми хатты көрсетті. Олар бұл хатта бізге 20 пайызға байытылған уран беру үшін көптеген шарт қойды.  Мен сапарымнан оралған соң сол кездегі Иран президентіне олардың шарттарын мәлімдеп, бізге қажет уранды сатпайтынын айттым. Сондықтан біз жеңімізді түріп, 20 пайызға байтылған уранды өзіміз шығаруымыз керек болды. Кері жағдайда Теһран реакторы тоқтап, радио дәрілер өндірісі тығырыққа тірелетін болды. Президент жұмысты бастауды бұйырды. Біз жұмысымызды бастадық»,- деді.

Сол кезде «Иран босқа уәжденеді, уранды 20 пайызға байыта алмайды», «Иран 20 пайыздық ядролық отын шығара алмайды» деген сөздер айтылды.   Бірақ, Иран екі жылға жеткізбей бұл істі сәтті орындады. Қазіргі кезде Теһран реакторы 20 пайыздық отынмен жұмыс істеп тұр. 

2019 жылдың қаңтар айында Иран Атом Қуаты Ұйымының басшысы: «Иран бірінші рет Теһран реакторында қолданылатын 20 пайыздық заманауи отынның жобасын іске қосуды сәтті бастады»,- деп мәлімдеді.

Бүгінде жобаның дайындық шаралары басталды. Иран жергілікті технологияны пайдаланып, Теһран реакторы сияқты кез келген реакторды отынмен қамтамасыз ете алады.

Алиакбар Салехи Иранның ядролық ғылымды меңгергеніне тоқталып: «Ядролық ғылым мен өндіріс саласында басқалардың жобаларын пайдаланудың орнына өз күшімізбен жаңа отын жобалай аламыз. Бұл еліміз үшін үлкен жетістік болып табылады»,- деп қуаттады.

Иранның ядролық саладағы келесі үлкен жетістіктерінің біріне ядролық өндіріс ғылымын меңгеріп, ғылыми формулаларды деректерге айналдырып, компьютерлік бағдарлама ретінде шығарып, бұл жобаларды сынақтардан өткізгеннен кейін пайдаланатыны жатады.

Иран Атом Қуаты Ұйымының басшысы сондай-ақ, ирандық ғалымдардың ядролық жабдықтарда қолданылатын FDG деген шикізат шығарғанын хабарлап: «FDG – оттегі 18. Біз Аракта 95 пайыздық оттегін өндіру әлеуетіне жеттік. Егер гидролиз кезеңі соңына жетсе, бұл салада өзімізді толық қамтамасыз ете аламыз. Енді килограммы 25-30 мың доллар тұратын оттегі 18 импорттауды қажет етпейміз»,- деді.

Сканерлеу – ядоролық медицинадағы бейнелеу, соның көмегімен түрлі-түсті үшөлшемді суретке түсіріп, кейбір обыр ауруларын анықтау үшін қажет медициналық жабдықтардың бірі.

Иран бұл жетістіктеріне АҚШ елге   соққы жасап, бұл елдің бейбіт мақсатты ядролық бағдармасын тоқтатуды көздеген жағдайда жетті. Иранның ядролық ғылыммен айналысатын ғалымдарына қарсы лаңкестік әрекеттерді іске асыру, елдің ядролық жұмыстарына соққы беру үшін «Стакс нет» вирусын жобалап, қолдануы АҚШ пен Израильдің осы саладағы қастықтарының бір бөлігі болды.

Иран халқы өткен қырық жылда санкциялардан туындағын қиындықтармен бетпе-бет келуіне қарамастан қарсыласып, қиындықтардан еңсесін биік ұстап өте алатынын көрсетті. Иран халқының мыңдаған жылдық тарихы Иран мен ирандықтардың әр оқиғалардың дауылына қарсы тұрып, еш уақытта бағынбайтынын дәлелдеді.

 

 

Тегтер