Там 29, 2019 22:39 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде 5

Имам Хомейни сот жүйесінің міндетін халықты қорғап, әділет және құқықтық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету деп білді.

Имам Хомейнидің сот және сот үкімі туралы пікірлері «Тахрир әл-Василе» деген кітабында көрсетілді. Имам бұл кітапта қылмыстық құқық бөлімін Исламдағы  үкім тақырыбына арнап, Исламдағы сот пен сот үкіміне байланысты көзқарасын баяндады. Әрине имамның бұл тақырыпқа байланысты пікірі тек аталмыш кітаппен шектелмеді. Өйткені имам Хомейни діни құқы мен діни билік орнатуымен бірге он жыл бойы исламдық үкіметті басқарып, діни құқыны іске асыруға талпынып, тікелей немесе тікелей емес сот мәселелерін әртүрлі тұрғыларын басқарды. Имам бұл кезеңде жаңа мәселелерге байланысты иджтихад жасап, уақыт жағдайына қатысты жаңа пәтуалар ұсынды. Имам Хомейни сот мәселелеріне байланысты теорияларымен қатар оларды іске асыру және басқару мәселелеріне де назар аудартты. Имам Хомейнидің сот пен сот үкімі көзқарастарының негізгі тақырыбы – әділет тақырыбы. Имам Хомейни исламдық үкіметтегі сот үкімін әділет тұрғысынан сараптап, бірнеше негізгі назар аудартты. Біріншіден, имам діни басқарумен бірге сот органың исламдық үкіметтін негіздерінің бірі деп білді. Екіншіден, сот қоғамдық салада илаһи ахкам қалыптасатындай жүрігізілуі керек, яғни билік талпыныстарының арқасында халықтың тұрмысында шариғат қалыптасуы қажет.

Имам Хомейнидің сот жүйесіне қатысты үшінші негізі халықты қорғап, оларды   әділет және құқықтық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. Имам Хомейнидің ой-пікірі Ислам діні, Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдарының (ғ.с.) сүннеті мен тарихына сай. Имам Хомейни Ислам мен исламдық үкіметтегі сот мәселесін өте маңызды тақырып деп санап, Ислам республикасының келешегін бұл елдегі сот билігінің адалдығына байланыстырды. Имам бұл салада: «Сот мәселесі – маңызды мәселе. Адам жұмысының халық өмірі, халық мүлкі және халық намысына байланысты екені туралы білгендері жөн. Мұның бәрі сот билігінің қарауында.  Егер сот лайықсыз, дұрыс емес болса,  егер ол көпшілікке үстемдік етсе, не болатыны белгілі. Ислам сот билігін маңызды санайды. Осы кезде революция прокуратурасы мен соттары Ислам республикасы мен Исламның абыройын қорғауда. Сот билігінің дұрыс болмауы халықты бұл орган мен Ислам республикасы жүйесіне үмітсіздендіріп, діни адамдарға күмәнденуіне себеп болады»,- деді. Имам Хомейни сот билігінің маңызына ерекше көңіл бөліп, Конституцияны бекітіп, үкіметтің негізін құрған соң сот биілігін тағайындап, оның әртүрлі аспектілерін қарастырып, сәйкесінше тиісті органдарға ескертулер жасады.  

Имам Хомейнидің көзқарасынша, мұсылман халықтың ішінде сот ісін жүргізіп, үкімін шығару Алланың тарапынан Исламның ұлық пайғамарына, содан соң хазірет арқылы пәк имамдарға (ғ.с.) және олар жоқ кезеңде діни заңгерлерге тапсырылған ауыр міндет. Сондықтан адал, моджтахед, барлық шарттарға сай діни заңгер ғана сот үкімін шығара алады. Сейед Джавад Амоли, марқұм Кашеф әл-Ғетат, Сейед Әли Табатабаи сынды діни заңгерлер - төрелік ету мүмкіндікке иелер.  Имам исламдық ережелерге сай әділетті сақтауды исламды жүйедегі сот жүргізудін шарты деп біліп: «Егер біздің соттарымыз исламдық негіздері мен әділетке қайшы амал ететін болса, біздің мектебімізге зиян келтіреді»,- деді. Имам Хомейни исламдық соттың адалдығы мен бейтараптығының маңыздылығын қуаттады. Соттың ұрыс-керіс тараптарына бірдей қарауы, соттың тәуелсіздігі мен алдында тұрған адамың лауазымына көңіл бөлмеуі, айыпталған адамға тіл тигізбеуі мен адамның жеке өміріне араласпауына ерекше назар аудартты.

«Заң алдындағы теңдік» - имам Хомейнидің  қағидаларының бірі. Бұл имам Хомейни қабылдап  қуаттаған  үкіметтік жүйелердің маңызды негіздерінің бірі болды. Құқықтық тұрғыдан алғанда теңдіктің екі мағынасы бар. Біріншіден, нәсіліне, тіліне, дініне, нанымына, саяси көзқарасы немесе жынысына қарамай адамдардың теңдігін білдіреді. Өйткені барлық адамдардың жаратылысы мен қадір-қасиеті бірдей, сондай-ақ олар құқылар мен міндеттерге ие. Екіншіден,  заң алдындағы теңдік барлық халықтар мен азаматтардың құқықтық тұрғыдан тең қорғалуларын және заңның ешбір кемсітусіз орындалатын білдіреді. Заң алдындағы теңдік  - құқықтық жүйелердегі әділеттілік негіздерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлер өз еркімен, заңдар мен ережелерді елемей, кейбір адамдарға ұпайлар бере алмайды. Заң алдындағы теңдік, заңның барлық адамдарға бірдей қарайтындығын білдіреді. 

Заң алдындағы теңдік қағидатын қабылдай отырып, имам Хомейни тәуелсіздікті сот пен сот органының маңызды белгілерінің бірі санады. Өйткені егер сот тәуелсіз болмаса, қоғамда әділет орнату мүмкін болмайды. Имам Хомейни сот билігіне тәуелсіздік пен азаттығын сақтап, төрелік етуді насихаттады.  Барлық адамдар заңның  алдынды тең болып, ақша мен лауазым соттың алдына келген адамдарға тең қарауға кедергі болмауы керек. Имам Хомейни: «Исламдағы тәуелсіз сот биілігіне ие сот ауыр міндетке ие. Сот барлық тұрғыдан бейтарап болуы керек. Ол үшін президент пен қарапайым жұмысшының айырмашылығы болмауы қажет»,- деді. Билік басында діни қызметкерлердің болуына байланысты және Ислам республикасында бұл мәселенің теріс пайдаланылуының алдын алу мақсатпен имам Хомейни хиджри-шамси күнтізбесінің 1358 ж. екінші айында діни қызметкерлер үшін арнайы  сот құруды бұйырды. Имам Хомейни бұл туралы: «Исламда қылмыскерлерді жазалау мәселесінде топтар арасында ешқандай айырмашылық жоқ және заң алдында бәрі бірдей. Сондықтан діни қызметкерлердің киімдерін кигендер де жазалануы керек»,- деді.

Сот әділетің орнату, сот қауіпсіздігі мен ааматтық құқыларды қорғау – имам Хомейнидің сот билігіне байланысты көзқарастарының басқа негіздері. 

 

Тегтер