Әлемдегі су дағдарысы 1
Қазіргі кезде әлемде тұщы су ресурстары азаюда, су тапшылығы мен оның ластануы миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндіруде. Егер адамзат бұл мәселе туралы ойланып, оны шешетін шара қолданбаса, келешекте су дағдарысы апатқа айналып, келешек буындар шынайы қоқан-лоққымен бетпе-бет келеді.
Су жаратылған әлемді құрайтын төрт элементтердің бірі ретінде әрқашан аңыз, ертегі, поэзия мен прозаның және тіпті музыкалық шығармалардың шабыт көзі болды. Шынайы өмірде тірі адамдардың тіршілігі осы маңызды элементке байланысты. Су - жаратылыстар үшін қажет ауадан кейінгі ең маңызды компонент. Су – қоршаған ортаның маңызды қайнары, сондықтан адам, өсімдік және хайуандар өмірі оған қатты байланысты. Жер құрлығының ¾ пайыздан астамын су құрайды. Бірақ сулардың көбі -тұзды. Сондықтан бүкіл су қорының тек бір пайызы тұщы және пайдалануға жарамды. Жер бетінде өмір сүретін бүкіл адамдар, өсімдіктер және жануарлар барлық қажеттіліктерін қамту үшін судың осы мөлшерінен пайдаланады. Жер құрлығы тұрғындарының санының артуы судың пайдаланылуының күрт өсуіне себеп болды, сондай-ақ температураның көтерілуіне байланысты қар мен жаңбыр азайды. Тұщы судың мөлшері аз болғанымен, оның өзі дұрыс пайдаланылмайды. Адамдар суды босқа және өз қажеттіліктерінен артық қолданады, сонымен бірге оның ластануына себеп болады. Осы кезде әлемнің көптеген жерлеріндегі құрғақшылық – шындық. Бұл жерлердің басты мәселесі судың тапшылығы болып табылады. Егер судың тапшылығымен бірге оның ластануы, халық санының артуына көңіл бөлсек, тұщы судың қандай қауіп-қатерлермен бетпе-бет келуін түсінеміз.
Жаңа мәліметтер бойынша, әлем бойында төрт миллиард адам су тапшылығымен бетпе-бет келіп, су тапшылығы мәселесі дүниежүзінің ең қатерлі дағдарысының бірі саналады. Тіпті бұрын болжанған жағдайдан қатерлілеу болуда. Жаңа зерттеулер, сондай-ақ әлем халқының 500 миллионының бір жылдық жаңбыр суы мөлшерінен екі есе артық суды тұтынатын жерлерде өмір сүреді. Үндістан мен Қытай халықтары, сондай-ақ басқа кейбір мәліметтер бойынша, Американың орталық және батыс штаттары және Аустралия, сондай-ақ тіпті Лондон қаласы тұщы суы аз жерлер саналады.
Нидерланды Твенте университетінің профессоры және су дағдарысына жаңа баға берген профессор Арьен Хоэкстра: «Егер қоршаған орта проблемаларына шолу жасасақ, су тапшылығының ең маңызды мәселе екенін түсінеміз»,- деді. Ол өз зерттеулерінде 1 миллиард 800 миллион халықтың кемінде жылдың жартысын су тапшылығына байланысты азап-қорлықта өткізетіндері туралы нәтижеге жетті.
Ауылшарушылығы - судың ең ірі тұтынушысы. Әлем халқы санының артуы азық-түлікті көбірек қажет етеді. Сондай-ақ халық кірісінің артуына байланысты ет тағамдарын көбірек пайдаланатын болды. Азық-түлік режимінің өзгеруі судың тұтынуын арттыруда. Бір килограмм сиыр етін өндіру үшін 15000 литрден артық су қолданылады. Сондай-ақ сиырға қажет жем-шөпті өсіру үшін де шамамен осындай мөлшер су қажет. Ауылшарушылығы судың басқа салалардан көбірек қажет етеді. Ауылшарушылығы мен мал шаруашылығы суға тәуелді. Орта есеппен әлем бойында ауылшарушылық саласына шамамен 70 пайыз су қажет.
Ауылшарашылығынан басқа күн сайын өнеркәсіп өнімдерін шығаруға миллиондаған литр су жұмсалады. Электрстансаларда құбырлары мен құралдарды суытудан бастап, жуып-шаю және зауыт қалдықтарын тазартуға су қажет. Химиялық құрамдардың көбі де суға мұқтаж. Тоқыма, қағаз өндірістері 100 пайыз суды қажет етеді. Әлемдік өндіріс және қоршаған орта конфеернциясының қуаттауы бойынша, кіші-гірім және орташа өндірістер қоршаған ортаның ластануына ірі зауыттардан көбірек әсерін тигізеді. Негізінде барлық өнеркәсіптік бірліктер ластаушылар саналады. егер зауыдтардың қалдықтары суға түсіп, оның ластануына, әртүрлі аурулардың таралуы мен балықтардың улануына себеп болады. Қалдықтар мен қоқыстар қоршаған ортаны әсіресе тұщы су мен теңіздердің ластайтын ластаудың маңызды факторлар болуы мүмкін. Сондықтан қала мен ауылдардағы және өндіріс жерлердегі қалдықтар мен қоқыстарды жинап, кәдеге жарату өзендерді таза ұстауға көмектеседі. Халық өзендер мен теңіздер жағалауындағы азық-түлік, пластик, шыныларды жинап, жағалауларды қорғауға көмектеседі. Қалдықтар мен қоқыстар, химиялық құрамдар суды ластауымен бірге балықтар мен жануарлар үшін қатерлі. Теңіздер мен мұхиттарды ластайтын құрмадардың бірі мұнай саналады. Мұнаймен ластанған су өте қатерлі.
Су адамзат өмірі үшін ерекше маңызды, сондықтан су – өмірдің негізі деп босқа айтылмаған. Жазғы күндері су тоқтап қалған кезде, оның адамның өміріндегі қажеттілігі айқын байқалады. Адам тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алса, бірақ сусыз өмір сүре алмады. Сусыз бір күн өмір сүре аламыз ба? Суды таза және қажет мөлшерде қолданасыздар ма? Барлық жерде адам үшін су жеткілікті ме? Суды дұрыс пайдалану үшін қандай шаралар қолдану қажет?
Адамзат өміріндегі судың маңыздылығы, су мен өркениет, су – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші, су және тұрақты даму, құрғақшылық және экологиялық қауіп, ирандықтардың тарихтың өткен кезеңдеріндегі бұл саладағы құдық қазу сынды жұмыстары бұл бағдарламаның ең маңызды кейбір тақырыптары болып табылады.