Әлемдегі су дағдарысы 2
Су – тіршілік пен дамудың ең маңызды қайнары. Бұл өмірдің бастауы және барлық жаратылыстың негізі.
Эволюция теориясы бойынша су, метан және аммиак – атмосфераның негізгі құрамы. Олар аминқышқылын құрайды. Бұл құрам жануарлар тіршілігінің бастамасы. Әрбір тірі жасуша салмағының жоғары пайызы су болып табылады. Адам денесінің қомақты бөлімін су құрайды. Су болмаса, тіршілік болмайды. Адамзат өркениетінде су өте маңызды. Көне Иранда су жер, жел, от төрт негіздің бірі саналды. Су – жер бетіндегі ең көп кездесетін сұйықтық. Су қатты күйде, сұйық және газ түрінде кездеседі. Адам басында суды ішуге және жеке қажеттіліктері үшін пайдаланды.
Су және су техникасын пайдалану тарихы ежелгі дәуірден, алғашқы адам өмірінен басталды. Алғашқы қалалар өзендер мен көлдердің жағалауында құрылды. Сумен жабдықтау және суару әдістері табылып, адамның тұрмысы үшін өте маңызды болды. Басында адам судың мөлшеріне көңіл аударды. Бұрынғы кезде судың сапасы салыстырмалы түрде жоғары болғандықтан өндірістің дамуы мен басқа нәрселер судың ластануына онша әсерін тигізбеді. Халықтар өзендердің жағалауы мен құнарлы жазықтардың қасында орналасты. Тигр мен Евфрат өзендерінің аңғарындағы Ирак, Нил жазығындағы Мысыр, Ирандағы Хузистан жазығы мен Үнді түбегіндегі Синд пен Пенджаб жазықтарындағы өркениеттер – өзендерге жақын жерде құрылған өркениеттер. Қазіргі кезде де өмір сүретін жаңа аймақтар үшін өзендерге жақын жерлер таңдалады.
Егер Жер құрлығына жоғарыдан қарайтын болсақ, көк түсті құрлық болып көрінеді. Өйткені оның үлкен бөлігінде мұхиттар мен теңіздер орналасқан. Жердің бүкіл мөлшері 510 миллион км² болса, оның 361 миллион км² су құрайды. Сумен қамтамасыз ететін әртүрлі көздер бар. Жер құрлығындағы судың 97,2% мұхиттар мен теңіздерде, тек 2,8% өзендер, мұздар, атмосфера мен жер және жерасты сулары болып табылады. Бұл сулар бұлттарға жиналып, жаңбыр, қар және бұршақ түрінде жауып, жерастына жетеді. Су булары бұлттарға жиналып, желмен жылжиды. Жаңбыр мен қар жауып, судың жаңа көздері пайда болады. Жауған қар мен жаңбырдың бір бөлігі бұлақ, өзен және көлдерге себеп болады. Бұл су ауыз су, ауылшаруашылық және өндіріс үшін қолданылады. Жауған жаңбыр мен қардың бір бөлігі бөгеттер сынды су қоймаларына қарай нұсқалады. Жер бетіндегі сулардың сапасы дауыл, жылдың әртүрлі кезеңдеріндегі ауаның өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Жалпы жер үстіндегі сулардың ластануы жерасты суларынан жоғары.
Адам тіршілігі үшін тұщы суды қажет етеді. Тұщы су – құрамындағы тұздардың мөлшері өте төмен су. Теңіздер мен мұхит сулары тұзды болғандықтан оларды пайдалану үшін суды тұщылайтын құралдарға қаржы жұмсау қажет. Әлемде тұщы су полярлық және тау мұздықтарында шоғырланады. Сондықтан осы кезде көбінде өзендер мен көлдер және жер асты тұщы суларын пайдаланады. Жыл сайын 40000 км³ су табиғат айналымына қатысады. Адам осы кезде ғылым мен технологияны пайдаланып, судың 25000 км³ қолдана алады.
Адам денесінің 75 пайызы мен Жер құрлығының 70 пайыздан астамын су құрайды. Бірақ тұщы сулар қолы жалпы су қорының тек 2 пайызын құрайды, басқа сулар құрамындағы әртүрлі тұздарға байланысты ішуге жарамайды.
Судың химиялық формуласы Н20. Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір оттек атомынан тұратыны мәлім.
Су – жер бетіндегі қатты, сұйық және газ күйінде кездесетін жалғыз табиғи құрам. Су мұзға айналған кезде суық суға қарағанда мұздың тығыздығы азаяды. Сондықтан мұз су бетінде жүзеді. Судың беткі кернеуі өте жоғары. Басқаша айтқанда, су жабысқақ және серпінді және шашырағаннан гөрі қысылып, тамшылауға бейім. Табиғатта мұзға айналған кезде көлемнің өзгеретіні туралы мәселе өте маңызды. Таза судың иісі, дәмі немесе түсі жоқ. Судың өсімдіктер үшін маңызды болуын теріске шығаруға болмайды. Өсімдіктердің өсуі сумен байланысты. Су – халал; ол еріткіш те, өсімдік ішіндегі заттарды тасымалдайтын құрал да. Су тапшылығы өсімдіктердің өсуіне теріс әсер етіп, бұл тапшылықтың жалғасуы өсімдіктің қурауына себеп болады. Бұл құбылыс булануы жоғары ыстық және құрғақ жерлерде жиі кездеседі. Суды пайдалану деңгейі әр түрлі өсімдіктерде түрлі болады. Өсімдік өсіп келе жатқанда, үнемі топырақтан суды сіңіріп, оны жапырақтардан буландырады. Жапырақ бетінен буланған судың мөлшері ауа ағыны мен температурасына және басқа ауаның салыстырмалы ылғалдығы мен т.б. факторларға байланысты болады. Күн жапырақ бетінен судың булануына қажет энергияны қамтамасыз етеді. Егер судың сіңірілуі мен булануы арасында теңдік болса, өсімдіктердің барлық процесі табиғи түрде орын алады.