Қаз 06, 2019 21:36 Asia/Almaty

Әділ Сот – адамдардың өз құқықтарына жетуіне жағдай жасап, құқық бұзушылықтардың алдын алу.

 

Ислам негіздеріне сүйенген әділет пен сот қауіпсіздігін орнату имам Хомейнидің көзқарасындағы ең маңызды тақырыптардың бірі. Сондықтан имам Хомейни заң алдында бірдей болу, барлық азаматтардың, тіпті айыпталғандардың құқықтарын сақтаудың қажеттілігі, әділетсіз артық кетушілік пен басқалардың құқықтарын бұзудан аулақ болу, абақтыдағылардың құқықтарын сақтап, олармен дұрыс қатынас орнату, сот және діни басшының шешімін қайта қарастыру мүмкіндігі тақырыптарына немқұрайдылық танытпай, оларды Ислам республикасы жүйесіндегі әділет пен сот қауіпсіздігінің факторлары санады. Бұл негіздер ИИР Конституциясында қарастырылды.

 

Иран Конституциясы

Әділ Сот адамдардың өз құқықтарына жетуіне жағдай жасап, құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Бұл Ислам революциясы кезіндегі халықтың мақсаттарының бірі әрі имам Хомейнидің әртүрлі сұхбаттарында қуатталған тақырыптардың қатарын құрады. Сондықтан ИИР Конституциясының бір бөлімі сот билігімен байланысты болып, осы бөлімде соттың әділдігінің негіздері мен оған жету механизмі туралы айтылды. Басқа бөлімінде азаматтардың құқықтары белгіленіп, үкіметтік барлық органдарға, соның ішінде Сот билігіне оны сақтау міндеттелді.  Бұл негіз басқа негіздермен бірге азаматтардың сот қауіпсіздігін қорғайды. Конституция бойынша, әділет жүйе негіздерінің бірі, барлық заң шығарушылар оған бағынуға міндетті.

 

ИИР Конституцияда соттың қауіпсіздігі мен әділет орнату Сот билігінің міндеті саналады. 156-шы негіз бойынша, Сот билігі  халықтың жеке және қоғамдық құқықтарын қорғайтын тәуелсіз билік. Ол өз мақсаттарына жету үшін шағымдар мен айыптарды қарастырып, дау-дамайды шешіп, шешім қабылдауы қажет. Имам Хомейни қоғамда әділ сотқа жету үшін сот істерін қарастырып, шешуге күш салатын адам ретінде исламтанушы адал адамды сайлау керек деп санады. Имам әртүрлі сұхбаттары мен өсиетнамасында Ислам республикасы жүйесінде сотта әділетке жетуді маңызды тақырып деп атап: "Сот билігі халықтың жаны, мүлкі және намысымен жұмыс істейді. Сондықтан сот билігі басшысын сайлау діни жетекші немесе оның кеңесінің міндетіне кіреді. Олар шариғатты білетін тәжірибелі, адал азаматты сайлауға талпынады",- деген. Осыған орай Конституцияның  57-ші негізінде: "Діни жетекші Жоғары Сот ретінде сот істерімен таныс, адал адамды сайлауға міндетті",- деп жазылған. Иран Конституциясының 158-ші негізінде Жоғары Сот міндеттерінің бірі ретінде сот міндеттеріне адал адамдарды сайлау туралы жазылған.  

Құқық ғылымының философиясы жалпы халық үшін сот қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамның азаматтарына ұлты, жынысы, діні немесе тағы басқа факторларды пайдаланып, басқаларға зорлық-зомбылық көрсетуге рұқсат етпеуді заң шығару философиясы деп атайды. Бұл тақырыпқа имам Хомейни де ерекше назар аударған. Сондықтан Конституцияда халықтың сот қауіпсіздігі заң шығарушылар назар аударатын мәселе ретінде  аталып, ол міндет сот билігіне жүктелді. Басқаша айтқанда, халықтың сот қауіпсіздігі үкімет қатты мән беретін азаматтық құқықтардың бірі. Сондықтан ИИР Конституциясынан халықтың құқықтары деген тәуелсіз бөлімді көруге болады. Барлық органдар осы құқықтарды сақтауға талпынады, Сот билігі оны бақылайды. Халықтың құқықтары туралы бөлімінде Иран халқының ұлттық айырмашылығына қарамастан тең құқыққа ие екені және түсі, ұлты, тілі немесе басқа нәрсенің артықшылық бермейтіні қуатталған. Сондай-ақ, келесі бөлімінде әйел мен ердің бірдей заңның қолдауына ие екені көрсетілді. Конституцияның 22 негізінде адамдардың жаны-мүлкі, құқықтары мен тұрған үйі және жұмыс орнының заңмен белгіленген жайттар  болмаса, қолсұқпаушылыққа ие екендігі көрсетілген.  

 

 

Азаматтардың құқықтары және сот қауіпсіздігімен тікелей байланысты тақырыптардың біріне ақида тұрғысынан қудаламау жатады.  Өкінішке орай, адамзат тарихында адамзаттың басты негіздері мен ахлақтық адами ерекшеліктеріне қайшы әрекеттер көп орын алды. ИИР Конституциясының 23-ші негізінде: "Ешкім наным-сенімге шабуыл жасай алмайды", 37-ші бабында: "Қылмысты әділ сот дәлелдемейінше ешбір адам қылмыскер саналмайды",- деп айтылған. 38-ші бапта мәліметтерді азап-қорлық жасап, алуға тыйым салынған. 39-шы бапта заң бойынша тұтқындалып, абақтыға қамалып, қудаланған адамға құрметсіздік көрсетуге тыйым салынғаны жазылған.

Конституцияның басқа негіздерінде де азаматтық құқықтар мен әділет және сот қауіпсіздігі жөнінде айтылған. Мәселен, 32-ші негізінде  Конституцияның баптарына сай шешім болмаса, ешкімді тұтқындауға болмайтыны көрсетілген. Сондықтан азаматтардың бірі қамауға алына салысымен оған себебі айтылып, 24 сағаттың ішінде іс-қағазы сотқа тапсырылуы керек. Сондай-ақ, 35-ші негіз бойынша, айыпталушы адвокатқа ие болу құқығына ие. Барлық соттарда қайшылыққа ие тараптар өздері үшін қорғаушы таңдай алады. Ондай мүмкіндігі болмаса, оларды қорғаушымен қамтамасыз етуге міндетті. Азаматтық құқықтар бұзылмас үшін және талан-тараждың алдын алу мақсатында шешім қабылдау мен оны іске асыру адал сотқа тапсырылады.

Иран Конституциясының кейбір негіздері мен баптарына жасаған шолу имам Хомейни құрметтеген әділет пен сот қауіпсіздігінің бұл елдің негізгі заңында қалыптасқанын көрсетеді. Шолуды әрі қарай жалғастыруға болады. Мәселен, Конституцияның 15-ші негізі бойынша, сот ашық түрде және саяси қылмыс жағдайында баспасөздің қатысуымен өтуі керек. Қорыта айтқанда, ИИР Конституциясы азаматтық құқықтарды қорғайтын және сот органдарын құқықтарды қорғаушы және әділет пен сот қауіпсіздігін орнатушы санайтын жарлық.