Қаз 09, 2019 09:53 Asia/Almaty
  •  Алланың есімдері 1

Құран «Ағраф» сүресінің 180 аятында: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» дейді. Біз де «Хақтың есімдері мен сипаттары» деген бағдарлама топтамасында солармен танысу арқылы Құдаймен жақын байланыста болуымыз үшін Құдайдың ізгі есімдерінің кейбіреуін түсіндіреміз.

Құрметті достар! Мейірімді Құдайдың есімін атап, өзін еске алу арқылы «Алланың есімдері» атты жаңа бағдарламамыздың жиынтығын бастаймыз. Сіздердің көңілдеріңізден шығады деп үміттенеміз. Бұл жинақта Алланың есімдері туралы баяндаймыз.

Адам әрдайым ақиқатқа жол табуды көздейді. Сол ақиқат талап ету сезімі адамды әлемнің Пәруәрідгерін тану үшін талпыныс жасауға итермелейді. 

Құдайды тануға жету жолдарының бірі илаһи есімдерге көңіл бөлуде. Шындығында Құдайға құлшылық ету жолында қадам басқысы келетін адам Құдайды оның есімдері мен сипаттары арқылы таниды.

Құдайдың көркем есімдері әрдайым үлкен үлемдер мен тәпсіршілердің және хадисшілердің назарында болған. Оның негізгі себебі де Құдайдан, пайғамбар мен дін жетекшілерінен осы салада бізге жеткен аяттар мен рауаяттарда.

Құдай «Ағраф» сүресінің 180 аятында былай деген:  

وَلِلَّهِ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَىٰ فَادْعُوهُ بِهَا ...

 

«Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар».

Сонымен қатар «Исра» сүресінің 110 аятында:

" قُلِ ادْعُوا اللَّهَ أَوِ ادْعُوا الرَّحْمَٰنَ ۖ أَیًّا مَا تَدْعُوا فَلَهُ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَىٰ

«(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мейлі «Алла» деп немесе «Рахман» деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән” де. 

 

Бұл көркем есімдер Құдайдың толық сипаттарын еш кем-кетіксіз қамтиды. Мысалы, Құдайдың "Алим" деген есімі оның толық ғылымын білдіреді. Барлық нәрсені қамтитын кең ауқымды ғылымына байланысты жәһілдіктен ада, ешқашан ұмытылмайтын есім.

Құдай Құранның «Анғам» сүресінің 59 аятында былай деген:

 

 "  وَعِندَهُ مَفَاتِحُ الْغَیْبِ لاَ یَعْلَمُهَا إِلاَّ هُوَ وَ یَعْلَمُ مَا فِی الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَمَا تَسْقُطُ مِن وَرَقَةٍ إِلاَّ یَعْلَمُهَا ...

Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар. (59)

 «Тағабун» сүресінде илаһи есімдердің ауқымдылығын баяндаған: :"  یَعْلَمُ مَا فِی السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَیَعْلَمُ مَا تُسِرُّونَ وَمَا تُعْلِنُونَ ۚ وَاللَّهُ عَلِیمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ

 

Ол көктер мен жерде болған нәрселерді біледі. Сондай-ақ жасырғандарыңды да әшкерелегендеріңді де біледі. Әрі көкіректегілерді толық біледі. (4)

 

Илаһи есімдер бізді болмыстың басталуының мәйегін, яғни илаһи есімдердің есімі болып табылатын "Алланы» тануға жақындатады. Себебі Құдай шексіз. Біз адамдар шектеуліміз. Оның теңдессіз болмысын танитын жолымыз жоқ.

Тек оны өзінің белгілерінің көмегімен тануға болады. Ондай белгілер «есім» деп аталады. Сол себепті Ұлы Құдай да өзін есімдері мен белгілері арқылы таныстырған.

Есім иесінен хабар береді. Сондықтан Құдайдың есімдері Құдайдың өзі емес, тек одан хабар береді.

Құдай «Саффат» сүресінің 180 аятында былай деді:

سُبْحَانَ رَبِّکَ رَبِّ الْعِزَّةِ عَمَّا یَصِفُونَ

Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк. (180)

Ұлы Құдайдың есімі өте көп. Пайғамбардан жеткен бір рауаятта: «Құдайдың тоқсан тоғыз есімі бар. Оны осы есімдермен шақыратын адамның дұғасы қабыл болып, жұмаққа барады» деген.

Құраннан, рауаяттар мен дұғалардан  барлық көркем есімдер мен сипаттардың Құдайға тиесілі екенін байқаймыз. Көркем есімдер мен сипаттардың саны рауаятта айтылған 99 есімнен әлдеқайда көбірек.   

Шын мәнінде пайғамбардың мақсаты илаһи сансыз есімдердің арасындағы ерекше 99 есімді атап, оларды санау адамды жұмаққа ұлы Құдайға жақын жеткізеді деген ой болған.  

Бұл жерде сіздер үшін Құдайдың көркем есімдерін санау деген оларды атау, тілге тиек етіп, оқып, есте сақтау ма деген сауал туындауы мүмкін.

Есімдерді оқудағы мақсат адам солардың нұры мен сәулесін өз жаны мен рухынан көріп, илаһи есімдер мен сипаттарға ұқсай түсу.

Тілтанушылардың пікіріне сәйкес, «тахаллоқ» біреудің мінез-құлқын қабылдап, соның мінез-құлқына ұқсас әрекет етіп, мінез тұрғысынан соған ұқсау. Сол себепті Алланың есімдерін оқу соларға ұқсау дегенді білдіреді. Яғни, адам солардың дәлеліне айналады.

Жомарт әрдайым мұқтаж жан одан сұрамай тұрып-ақ, оның қиындығын шешеді. Орнына ештеңе сұрамайды. Бұл әрекеті Құдайдың «Джавад» деген есіміне біршама ұқсас. Сілтеме жасайтын келесі мысал – «Хай» «Тірі» деген есім. Құдайдың еркімен хазірет Исаға сол есім беріліп, ол өлгендерді тірілтті.

Шын мәнінде Құдай өзін басқаларға таныту үшін илаһи есімдер түрінде көрініс тапты. Бұл есімдер Құдай мен әлемнің тіршілік иелері арасындағы дәнекер. Мысалы, баршаның ырзығы «Раззақ» есімі арқылы беріледі. «Шафи» есімі дәрі мен дауа әсер етіп, науқасқа шипа болу үшін дәнекер.

«Һади» деген есім адамдарға жетекшіліктің құралдары мен дәлелін дайындайды. Сол себепті әрбір адам Пәруәрдігердің алдында өзінің қажеттіліктерін Құдайдың тиісті есімдерімен атап, сұрауы керек.

Мәселен, егер науқастың жазылуын сұраса, оны «Шафи» деп атау керек. Құдайдан зұлымның жазалануын  сұраса, оны «Монтағем» деп шақыру керек. Егер көп ырзық сұраса, «Реззақ» деген Құдайдың есімін атау керек.

Бір қызығы, бұл есімдер көптігімен бір-бірінен ғана емес, сонымен қатар Құдайдың болмысынан да бөлек емес. Қарапайым бір мысал арқылы шексіз мұхит пен ондағы жасырын толқындарға сілтеме жасау керек.

Адам алыстан мұхитқа қараған кезде оны тыныш сияқты көреді. Бірақ жақындаған кезде қысқа және үлкен толқындарды жақсы байқап, олардың айырмашылықтарын түсінеді.

Құрметті оқырмандар, жоғарыда айтылғандар «Алланың есімдері» тақырыбы үшін жасалған кіріспе болды. Сол есімдерді тану арқылы және соларға ұқсауға талпыныс жасау Құдайдың дәргейіне жақындауға лайықтылықты әзірлеп, илаһи жетекшілік пен тәрбиені қамтиды. Илаһи есімдердің мағрифаты мен оларды білудің маңыздылығы айтуға тұрарлықтай көлемде.  

Хақтың есімдері мен сипаттарынан таным неғұрлым көбірек болған сайын адамның жетекшілікке түсуінің мөлшері де арта түседі.

Алланың есімдерінің әрқайсын танып, оның жаратылыс әлеміндегі рөлін түсіну адамды ізгі іс жасауға ынталандырып, керісінше күнә жасаудан бойды аулақ салуына себеп болады.

-------------------------------------

*اِسْمُ اَللَّهِ غَیْرُهُ وَ کُلُّ شَیْ ءٍ وَقَعَ عَلَیْهِ اِسْمُ شَیْ ءٍ فَهُوَ مَخْلُوقٌ مَا خَلاَ اَللَّهَ فَأَمَّا مَا عَبَّرَتْهُ اَلْأَلْسُنُ أَوْ عَمِلَتِ اَلْأَیْدِی فَهُوَ مَخْلُوقٌ وَ اَللَّهُ غَایَةٌ مِنْ غَایَاتِهِ وَ اَلْمُغَیَّا غَیْرُ اَلْغَایَةِ وَ اَلْغَایَةُ مَوْصُوفَةٌ وَ کُلُّ مَوْصُوفٍ مَصْنُوعٌ وَ صَانِعُ اَلْأَشْیَاءِ غَیْرُ مَوْصُوفٍ بِحَدٍّ مُسَمًّى لَمْ یَتَکَوَّنْ فَیُعْرَفَ کَیْنُونِیَّتُهُ بِصُنْعِ غَیْرِهِ وَ لَمْ یَتَنَاهَ إِلَى غَایَةٍ إِلاَّ کَانَتْ غَیْرَهُ لاَ یَزِلُّ مَنْ فَهِمَ هَذَا اَلْحُکْمَ أَبَداً وَ هُوَ اَلتَّوْحِیدُ اَلْخَالِصُ فَارْعَوْهُ وَ صَدِّقُوهُ وَ تَفَهَّمُوهُ بِإِذْنِ اَللَّهِ مَنْ زَعَمَ أَنَّهُ یَعْرِفُ اَللَّهَ بِحِجَابٍ أَوْ بِصُورَةٍ أَوْ بِمِثَالٍ فَهُوَ مُشْرِکٌ لِأَنَّ حِجَابَهُ وَ مِثَالَهُ وَ صُورَتَهُ غَیْرُهُ وَ إِنَّمَا هُوَ وَاحِدٌ مُتَوَحِّدٌ فَکَیْفَ یُوَحِّدُهُ مَنْ زَعَمَ أَنَّهُ عَرَفَهُ بِغَیْرِهِ وَ إِنَّمَا عَرَفَ اَللَّهَ مَنْ عَرَفَهُ بِاللَّهِ فَمَنْ لَمْ یَعْرِفْهُ بِهِ فَلَیْسَ یَعْرِفُهُ إِنَّمَا یَعْرِفُ غَیْرَهُ لَیْسَ بَیْنَ اَلْخَالِقِ وَ اَلْمَخْلُوقِ شَیْ ءٌ وَ اَللَّهُ خَالِقُ اَلْأَشْیَاءِ لاَ مِنْ شَیْ ءٍ کَانَ وَ اَللَّهُ یُسَمَّى بِأَسْمَائِهِ وَ هُوَ غَیْرُ أَسْمَائِهِ وَ اَلْأَسْمَاءُ غَیْرُهُ .

 

 

 

 

Тегтер