Әлемдегі су дағдарысы 3
Су – мөлдір сұйықтық, тіршілік пен берекенің көзі. Ежелден осы кезге дейін жер бетіндегі барлық халықтар суға ерекше назар аударды. Жердің кез келген жеріндегі барлық халық оны құрметтейді. Су – өмірдегі бейнет пен бақытсыздықты жоятын табиғи сұйықтық.
Судың қадір-қасиеті, адамзаттың өмірі мен тарихындағы адамның оған деген қажеттілік, суға қол жетімділік Иран мейрамдары мен қуаныштарының бірі бөлігі болып келді. Ирандағы судың қасиеттілігіне қатысты поэтикалық сезімдер суға деген өзіндік рухани көзқарасты білдіреді. Иран мәдениеті мен ежелгі ирандықтардың наным-сенімдері бойынша, су жаратылыс пен тарихтағы жақсылық пен жамандық арасындағы күресте маңызды рөл атқарды. Сондықтан ирандық діни сенімдерде ерекше орынға ие болды. Ежелгі ирандықтар үнді-еуропалық елдердің арилік тобына жатады. Діни және лингвистикалық деректер бойынша, су олардың өмірінде маңызды рөл атқарған. Үндіеуропалықтар үшін судың ерекше маңызды әрі қасиетті болғаны туралы көптеген дерек бар. Олар суды құрметтеді. Үндіирандықтар ежелгі діни мәтіндерінде суды мадақтады.
Арийлердің үндіеуропалық тілдерінде жазылған көне кітаптарынан суды мадақтайтын өлеңдерді оқуға болады. Олар суды ана, Исида әйел құдайы және жас жесір түрінде бейнелеп, оларға табынатындармен олар үшін құрбандық шалушыларға ұзақ өмір мен денсаулық тіледі. Осы мәтіндер бойынша, су – ластықтар мен күнәлардан тазартатын, емдік қасиетке ие сұйықтық.
Ирандықтардың көне көзқарастары бойынша, су екінші жаратылған нәрсе. Ормазд әлемге тіршілік беріп, жел, жаңбыр, тұман, қар мен бұлттарды жарату үшін аспаннан суды жаратты. Сондай-ақ, Иран әңгімелерінде жаратылыстың өзгерісі саналатын әлемнің ортасында, Иранның құрлық жерінде Даити өзені бар. Бұл әңгімелерде судың жаратылысы 16 урдибехешттен 11 тирге дейін созылған. Су туралы діни наным-сенімдер бойынша, су ирандықтардың өмірі мен наным-сенімдерінде маңызды орынға ие болып, тазару мен тазартудың факторы саналады. Ежелгі жазушылар ирандықтардың суды құрмет тұтатындығын көп жазды. Мәселен, Геродот: «Ирандықтар ағынды суды ешқашан нәжіспен ластамайды, қол жумайды және басқаларға да ластауға рұқсат етпейді. Ағын суды құрметтейді»,- деп жазады. Судың тазарту рөлі ежелден оның дұрыс пен бұрысты, шындық пен өтірікті ажырату үшін пайдаланатын құралдардың бірі болуына себеп болды. Су арқылы күнәһар мен келісімді бұзушыны анықтайтын. Үндіирандық дәуірде келісімді немесе уәдесін бұзумен айыпталған адамды суға батырып қояды. Сол кезде садақшы жебе атады. Жүйірік адам садақ атылған жерге жүгіріп барып, оны алып келеді. Ол қайтып оралғанша, айыпталаған адам судың астында қалады. Егер тірі қалса жазықсыз, өлсе күнәһар болғаны.
Ежелгі ирандықтардың көзқарасынша, құрғақшылық – Ахриманның, құнарлық пен су – Ахураның белгілері. Олар суды материалдық жаратылыстың негізі санап, кемпірқосақ жаңбырдың жаууына тосқауыл болады деп ойлады. «Шаһнамада» Фердоуси Кейхосров пен Кикавустың отқа табынатын Азарскасб жеріне кіріп, құдайларына сиынатыны туралы айтады. Олар бұл жерге кірер алдында толығымен жуынады.
Абанган – су және су періштесі мерекесі. Парсылар бұл күні бұлақтардың басына барып, діни өлеңдерін айтып, сиынатын. Олар қуанып, ішіп, тазартып және тағы басқа қажеттіліктері үшін пайдаланатын бұл үлкен нығмет үшін Құдайға алғыс айтқан. «Асар-е әл-Бақия» еңбегінің авторы Абурейхан Буруни «Абанган» абан айының оныншы күні деген болатын. Бұл күні Тахмасбтың ұлы Зев билік басына келіп, халыққа құдық қазып, су құбырларын жөндеуді бұйырды. Бұл күні жеті елге Ферейдунның Беорасбты (Захакты) басып алып, патшалыққа жетіп, адамдарға үйлері және өмірлеріне қайтадан иеленіп, өздерін үй иелері деп атауды бұйырғаны туралы хабар жетті. Өзі де өз үйі мен отбасын басқаратын болды. Бұдан бұрын бүкіл ирандықтар үй мен отбасыларысыз өмір сүрді.
Географ Страбо өзендердің қасиеттілігі жөнінде: «Ирандықтар өзендерде жуынбайды, өзендерде шомылмайды»,-деп жазды. Олар жуыну үшін күннің астында тұрған суды пайдаланды. Яғни, олар ағын суларды тікелей қолданбайтын, оларды ластамайтын.
Доктор Меһрдад Баһардың айтуы бойынша, археологиялық қазба жұмыстары кезінде суды сақтау немесе оны ішу үшін қолданылған ыдыстар мен көзелердің бетерінде жылан, гүл, өсімдік пен адамның суреттері салынған. Егер географиялық жағдайына байланысты Иранда су аз болғанымен, Иран мәдениетінде судың рөліне ерекше назар аударылып, су көп мадақталды. Барлық жақсылық сумен байланыстырылды.
Ирандықтар Исламды қабылдаған соң ирандық мәдениетке ислам тағылымдары әсер етіп, суға көңіл бөлу екі есе артты. Сондықтан ирандық мәдениетте тіршілік судан басталып, оның жалғасуы да сумен байланыстырылады. Осы көзқарас бойынша, алғашқы су аспаннан пайда болып, жер бетінде тіршілікке жағдай жасады. Жаратылыстан бұрын аспан мен жерді су құрады. Су – тіршіліктің негізі. Табиғаттың сұлулығы сумен байланысты. Адамның азығы суды қажет етеді. Су адамдардың гигиенасы мен өсімдіктерге қажет жердің құнарлығына әсерін тигізеді. Сол себепті адамдар суды құрметтейді. Судың қасиеттілігі ирандықтар арасында кең таралған; олар сумен ант етеді. Ирандықтар «ағынды сумен», «мөлдір сумен» деп ант береді.
Ирандықтардың арманы – мәңгілік өмірге жету. Аңыздар мен тарих ирандықтардың үнемі мәңгілік өмірге жету жолын іздегенін көрсетеді. Мәңгілік өмірге жету, яғни өлімнен қашу үшін «әбілхаят суын» тауып ішу керек. Аңыздар бойынша, әбілхаят суы – зұлмат жерінің қараңғы түнегіндегі бұлақ. Оны ішкен немесе онымен басы мен денесін жуған адам мәңгі өмір сүреді. Өлместікке ұмтылған кейіпкерлердің ішінде Гильгамеш – Вавилонның эпикалық кейіпкері. Рухтың батыры Есфандияр да мәңгіліктің бір түрі. Ескендір бұл суды таба алмады, ал Қызыр оны тауып, мәңгі тірі қалды. Сондықтан әбілхаят су «Қызыр суы» деп де аталады.