Әлемдегі су дағдарысы 5
Су ресурстары көптеген өркениеттердің құрылуы мен қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Салт-дәстүрлерде суға ерекше назар аударылды. Дүниежүзі өркениеттері сумен тығыз байланысты. Су өркениеттердің құрылуы мен құлдырауына маңызды үлес қосты.
Адамзат қоғамдары мен олардың табиғи ресурстарының өзара байланысын түсіну – әлеуметтік тарихтағы ең маңызды мәселелердің бірі. Өркениеттердің пайда болуы, өзгерістері, тіпті құлдырауы олардың табиғи ресурстарына қалай әсер етеді. Алайда тек табиғи ресурстар өркениетті не құра, не бұза алған жоқ. Өркениеттің адам топтарының әлеуметтік ұйымы ретінде өзінің әлеуметтік жүйесіне, институттары мен мәдениеттеріне материалдық ресурстарды өндіру және көбейту тәсілдеріне қалай сүйенетіні маңызды. Басқаша айтқанда, әрбір өркениет өзінің материалдық және материалдық емес ресурстарын, интеллектуалды және эмоционалды жүйесі мен сол ресурстарды пайдалану механизмдерін білдіреді. Егер бұл географиялық детерминизм мен шикізаттық материализм тарихи болып қалмаса, өркениеттердің қалыптасуы мен оның табиғи ресурстармен байланысын маңызды көрсете алады.
Осы саладағы салыстырмалы зерттеулер көптеген жағдайларда қоғам мен су ресурстары арасындағы теңдіктің бұзылуының дағдарысқа қана емес, көптеген өркениеттердің жойылуына себеп болғанын көрсетеді. Өркениеттер мен су ресурстары байланысы саласындағы маңызды жұмыстардың бірі – Лусеро Дж.Лизаның «Су және салт-дәстүрлер: классикалық майя билеушілерінің көтерілуі мен құлдырауы» кітабы. Бұл кітапта Лусеро мая өркениетінде биліктің су мен су ресурстарына деген сенімі деңгейі олардың саяси билігінің әсері мен ықпалына тікелей әсер еткенін баяндады. Майялықтардың қоғамдық-саяси жағдайлары біртіндеп осы аймақтың ормандарының су тапшылығына ұшырауына, сондай-ақ, су мәселесінің тек тұрғын үйлерге ғана емес, ауылшарушылыққа да әсерін тигізді.
Су бақылауы және билік пен әскери күштердің артуы билік басындағыларды су ресурстары мен ауылшаруашылық жерлеріне көбірек тәуелді етті. Бұдан кейінгі кезеңдердегі оқиғалар су дағдарысының биліктен айырылуы мен диқандардың басқа аймақтарға көшуіне соқтырды. Нәтижесінде су ресурстарының өзгеруі аймақтағы өзгерістер мен халықтың қоныс аударуына себеп болды. Бірақ су дағдарысы алдымен ауылшаруашылығы жерлерін су ресурстары мен жұмыс орындары тапшылығына тіреп, соңында өркениеттер мен үкіметтерді таратты. Лусеро өз кітабында майя өркениеттің басынан өткергені мен су ресурстарына тәуелді болғанын көрсетті. Ол су ресурстарын қалай бақылауға алып, оны қорғайтын технологиялардың қажеттілігіне тоқталды.
Әлем тарихында көптеген өркениеттер пайда болып, жастық, орта және кәрілік деген үш кезеңнен өтіп, шарықтап, құлдырады. Бұл өркениеттердің тарихы олардың өсуі мен құлдырауының тек табиғи жағдайларға ғана емес, басқа тұрғыларға де байланысты болғанын көрсетеді. Бүгінде адамның көші-қоны мен әлеуметтік өзгерістердің климаттың өзгеруімен тығыз байланысты екендігі және климаттың өзгеруі өркениеттердің дамуы, тәрбиеленуі, сондай-ақ жойылуына ықпал ететіні анықталды. Теһран университетінің география факультетінің ұстазы, доктор Қасем Азизи «өркениет» деген ортақ анықтама жоқ деп санайды.
Өркениеттердің шарықтаулары мен құлдырауына жасаған шолу зерттеушілердің тек соғыс, бәсекелестерден артық болу, аумақтың кеңеюі мен осындай факторларға көңіл бөлетінін көрсетеді. Соғыс, бәсекелестерден артық болу, аумақтың кеңеюі мен климат өзгеруінің арасындағы терең байланысты байқауға болады. Шумер өркениеті оңтүстік құнарлы жерлері, оңтүстігінде суару жүйелерінің дамуымен, саяси ұйымдарды кеңейтуге және жұмысшылардың мамандандырылуына көңіл бөлді. Құрғақшылық кезеңінің тәжірибесі астық пен суды сақтау технологияларын жақсартуға мүмкіндік берді. Құрғақшылық кезі мен одан кейінгі жетістіктер орталыққа шоғырланған халықтар мен топтастырылған қоғамның пайда болуына себеп болды. Біздің заманымыздан 2300 жыл бұрын қазіргі Бағдадқа жақын жерде әлемнің алғашқы империясы Аккад қаласынан бастап дамыды. Климаттың өзгеруі өркениеттердің өмір сүруіне әсер етті.
Батыс Еуропа өркениеті мен мәдениетінің пайда болуы ортағасырлық климат аномалиясымен байланысты болды. Мәселен, Солтүстік Атлантикалық тербеліс ұзақ уақыт бойы оң әсерін тигізіп, климаттың өзгеруі феодалдар деп аталатын еуропалық буржуазияның басқаруында маңызды рөл атқарды. Егер Еуропаның өркениеттік дамуына біз ауылшаруашылық тұрғысынан қарайтын болсақ, климаттың өзгеруінің өркениеттің дамуына үлкен әсер еткенін байқаймыз. Осылайша, ғасырлар бойы су жолдары үлкен ауылшаруашылығы, инвестициялардың және тіпті ұлы империялар күшінің қайнар көзі болды деп қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар өзендер де адамдардың әңгімелері мен әндерінен көрініс тауып, сенімдерінде маңызды рөл атқарды. Су жолдарының көптеген құпиясы бар. Су мәдениеттен бастап, аймақ тұрғындары мен тағамдарына де әсерін тигізді. Кейбір өркениеттер тұрақтылығының маңызды себебі олардың суға қолжетімділігі болды. Су оларды ішуге жарамды сумен қамтамасыз етуімен бірге ауылшаруашылығы, сауда, көлік және қорғаныс салаларында маңызды рөл атқарды. Рим империясы, Египет өркениеті және Венеция империясы сияқты өркениеттердің барлығы суға жақын жерлерде құрылды. Суға қолжетімділігі олардың кеңеюі мен өмірлерін жалғастыруға мүмкіндік берді.
Иранда Парс өркениеті сияқты ұлы өркениеттер Сиванд және Кор немесе Шуш өркениеттері Дез және Карун өзендерінің жанында орналасқан. Тарих өркениеттер үшін судың маңызды екені жөнінде көптеген дәлелге ие. Сондай-ақ, алдын-ала жасалған болжамдар адамзаттың үшінші мыңжылдықтағы дамуы үшін судың өмірлік маңызға ие екенін көрсетті. Адамдардың қоныс аударуы мен қарым-қатынастардың қоғамдық өзгерістері климаттың өзгеруімен байланысты. Шындығында, адамның дамыған технологияларсыз өмір сүруіне қоршаған орта қатты әсер еткен. Осы кезде дамыған технологиялардың арқасында өте қымбатқа түссе де, адам тіпті Антарктида да өмір сүре алады.