Жел 02, 2019 15:03 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде 9

Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, саяси-әлеуметтік азаттықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі – университеттер мен студенттердің іс-әрекетіндегі еркіндік.

Иран Ислам революциясының жетекшісі діни қағидаларға сүйеніп, ислам үкіметіндегі азаттықты түсіндіріп, діни-этикалық мәселелер мен заңды негіздерді ұмытпай, сыбайлас жемқорлық  пен жүйеге қарсы астыртын әрекеттердің қоғамның мүддесіне нұқсан келтірмеуін қадағалады.

 

Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, саяси-әлеуметтік азаттықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі – университеттер мен студенттердің іс-әрекетіндегі еркіндік. Ислам революциясының жеңісіне дейінгі жылдары жоғары оқу орындары қоғамдастығы шаһқа қарсы наразылықтары мен күрестерінің басты орталарының бірі ретінде жұмысты қатаң қауіпсіздік жағдайда атқарып, наразылық білдіруші  студенттер үкіметтің қатаң реакцияларымен бетпе-бет келді. Шаһ режимінің саясатына қарсы шыққан студенттер оқу орындарынан шығарылып, азғаниай себептермен абақтыға жабылып, қатты азапталды. Университтер кеңістігі үрей мен алаңдау орны болды. Тіпті, егер   ұстаздар һ шаһтың өзін немесе режимнің саясатын сынаса, олар дереу қудаланатын. Имам Хомейни бұл жағдайды сынап, университеттерде азат кеңістік қалыптастырып, ұстаздар мен студенттердің құрметі мен университеттің тәуелсіздігін сақтауға шақырды. Ол Ислам революциясының жеңісіне  дейінгі жылдардағы университеттердің жағдайы  жөнінде: «Егер университеттер дұрыс университет болғанда, бұл жерде шындықты айтқысы келген жастарымыз қысым көрмейтін еді.  Бірақ бұл жерде қыз-жігіттерді ұрып-соғып, түрмеге жабатын. Тек бір адам басқаратын университет университет емес. Ғылыми орта еркін болуы керек»,- деген болатын. (1356/10/19).

Демократиялық режимдердің белгілері діни, этникалық, тілдік  аз санды топтардың азаттық пен азаматтық құқықтарына ие болуы саналады. Ислам революциясының жеңісінен кейін имам Хомейнидің ерекше назар аударған мәселелердің бірі  Ислам республикасындағы   діни аз санды топтардың жағдайы болды. Саяси сарапшылар мен халықаралық бақылаушылар бұл революцияның діни сипаты мен оны шиіт ғұламасы басқаруына еркше көңіл бөлді. Иран қоғамы мен билігіне діни адамдар әрқашан әсер еткенімен, Ислам революциясының жеңісімен діни тұлғалар  бірінші рет саяси билікті өз қолына алды. Бұл революцияның идеологиялық болмысы және Ислам діні мен шиіт мазхабын идеологиялық-саяси жүйенің негізі ретінде таңдауы көптеген сарапшыларды алаңдатып, олардың Иранда діни тұлғалардың билік басына келуімен аз санды діни топтардың құқықтары жөнінде ойлануына себеп болды. Имам Хомейни «Ислам республикасында діни аз санды топта үшін орын бола ма?» деген сұраққа: «Шаһ режимі дін аз санды топтарға мұсылмандардан артық қараған жоқ. Біз басқалардың сенімдерін құрметтейміз. Диктатура құлатылып, еркін жүйе орнатылған соң, мұсылмандар мен аз санды діни топтар үшін жағдай жақсарады»,- деп қуаттады.(1357/7/22). 

Ислам республикасы билігінде діни аз  санды топтардың  діни міндеттерін орындау бостандығы туралы сұрағандарға имам Хомейни: «Діни аз санды топтар діни міндеттерін орындау құқығына ие. Ислам мемлекеті оларды  мүмкіндігінше барынша толық қорғайды»,- деді. (1357/8/17).  

 

Имам Хомейни сионизм идеологиясын яһуди дінінен бөліп, ирандық еврейлерді мұсылмандар билігі аясында толық тыныштыққа ие, құқықтарын пайдаланып отырған отандастар деп атап: «Ирандағы яһудилерге ешкімнің шабуыл жасауға құқығы жоқ. Олар Ислам мен мұсылмандарды пана тұтып, өмір сүріп жатыр. Егер Құдай қаласа, әділ үкімет құрылса, біз Иранда өмір сүрген бүкіл еврейлерді отандарына оралуға шақырамыз. Ислам мемлекеті  оларға жақсы қарайды»,- деді. (1357/10/1). Имам сионистік режим мен сионистердің жағдайын Иранның еврейлерінен бөліп: «Иран Израильмен қатынасын үзеді. Бірақ еврейлер Иранда қалып, шаһ билігі кезінен еркінірек кеңістікте өмір сүреді. Өйткені Ислам бүкіл мазхабтарды құрметтейді»,- деді. (57/10/24).

Ирандағы аз санды діни топтардың  азаттығын сүннит мұсылмандардың құқықтарынан байқауға болады. Ислам революциясы  шиіттердің сеніміне сүйенді. Сол кезде кейбір сүннит дінбасылар шиіттерді мұсылман емес, тіпті кәпір санады. Сондықтан имам Хомейнидің ірі шиіт ғұлама, сондай-ақ6 шиіт мазхабына негізделген Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы ретіндегі ұстанымы өте маңызды әрі тағдырды шешетін ұстаным болды. Көптеген діни адамдар шиіт ғұламалары қолына түскен билікті пайдаланып, сүнниттерге қарсы тұрып, шиіт мазһабын таратады деп ойлады. Бірақ имам Хомейни үлгі боларлық қырағылығымен шиіт пен сүннит мұсылманарды діни бауырлар, олардың арасындағы қайшылықты Ислам  дұшпандарының ісі деп атап: «Біз сүннит мұсылмандарға бауырластығымызды жариялаймыз. Исламның дұшпандары бізді өз бауырларымызға қарсы қойғысы келеді»,- деді. Имам мұсылмандар бірлігін   дұшпанның қастықтарын залалсыздандыру, сондай-ақ шиіттер мен сүнниттердің бірлігін уәжіп санап: «Егер мұсылмандардң арасында бірлік болғанда, ешкім бізді билей алмайтын еді. Басынан бастап надан адамдар себеп болған мұсылмандар арасындағы қайшылықтар осы күні де жалғасуда. Барлық мұсылмандардың бірігуі ­­­­­- уәжіп »,- деді. (57/11/17).

Сайлау мен сайлану бостандығы  халықтың саяси белсенділігі мен демократиялық жүйенің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Көптеген батыс ойшылдары сайлау бостандығы мәселесін маңызды санап, демократиялық жүйенің тағдырымен байланыстырды. Басқаша айтқанда, ойшылдар демократиялық жүйенің демократиялық емес жүйеден айырмашылығын сайлау бостандығында санады. Имам Хомейни діни халықтық демократия жүйесіндегі халықтың сайлау азаттығының маңыздылығынан хабардар болып, халық референдумын өткізіп, халық 98 пайыз дауыспен Ислам республикасы жүйесін құрды. Ол халық сайлауына ерекше назар аударып, ең ауыр жағдайларда, тіпті Ирактың Иранға қарсы соғысы кезіндегі бомбалардың астында да сайлаудың өткізілуін талап етті. Имам Хомейни революция жеңісіне бір ай қалған кезде азат сайлау өткізуді келешек үкіметтің ең маңызды міндеті атап: «Біз дер кезінде тиісті бағдарламаны жариялаймыз. Бірақ келешек үкіметтің ең маңызды міндеті тездетіп, азат сайлау өткізу»,- деді. Бір аптадан кейін басқа бір жерде сөйлеген сөзінде: «Шаһ үкіметі құлаған соң билікті қолдарына алатындардың ең маңызды басты міндеті - азат сайлау өткізу. Сайлау кезінде ешбір тап пен топтың күш көрсету құқығы жоқ»,- деді. (57/10/18).

 

Әйелдердің саяси бостандығы, азаматтық құқықтарын нақты пайдалануы мен шешім қабылдауға қатысуы - имам Хомейнидің азаттық жөніндегі ойының келесі көрінісі. Имам Хомейни Мұхаммад Реза шаһ тұсындағы әйелдерге жасалған қысымға сілтеме жасап, Исламның әйелдердің қоғам мен саясатқа қатысу рөлін көрсететін  негіздеріне  сүйеніп, кейбіреулердің «шиіттер билігі  әйелдерді саяси және әлеуметтік салаларда оқшаулайды» деген пікірлерін теріске шығарып: «Шиіттер әйелдердің қоғамдық белсенділігіне тыйым салмауымен қатар олардың қоғамдағы рөліне ерекше көңіл бөледі»,- деді. (57/8/24).  «Келешек ислам билігіндегі әйелдердің рөлі қандай болады?» деген сұраққа: «Әйелдер көптеген істерге еркін қатыса алады. Олар шаһ кезіндегіндей емес, шынайы азаттыққа ие болады»,- деп жауап берді. (57/10/20).