Жел 10, 2019 18:02 Asia/Almaty
  • Әлемдегі су дағдарысы 8

"Brexit, экономикалық дағдарыстар мен демократияны АҚШ-тың байлары, тіпті президенті құлдыратуы үлкен мәселе емес. Ешбір тақырып адамзаттың болашағына қауіп төндіретін мәселелерден маңызды емес. Бүкіл адамның тамағы қайдан келеді? Су дағдарысы болашақтағы азық-түлік қауіпсіздігіне қаншалықты әсер етеді?" ("The Guardian" газетінің шолушысы Джордж Монбиот).

Бұдан бұрын судың бұрыннан әлемдегі ең маңызды даму факторы болғаны жөнінде айттық. Тіршіліктің басында адамдар өзендер мен басқа су көздерінің қастарына қоныстанып, ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын. Бірақ су ресурстарының 97% тұзды болып,  адамдар оның өте шектеулі мөлшерін тікелей пайдаланады. Сонымен қатар жердегі судың 76,1% не кристалданған, немесе өзендер мұз болып қатып қалған, ал қалған бөлігі жер астында сақталады.  

Ауыл шаруашылығының заманауи әдістері мен суды оңтайлы пайдалану халық саны өсіп келе жатқан әлемде азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатына жетудің маңызды факторлары болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (FAO) бағалауы бойынша, алдағы 30 жылда әлем 60 % көбірек азық-түлікпен қамтамасыз етілуі керек.

Бұл мәселе суаруды қажет ететін жерді азырақ пайдалану, бірақ көбірек өнім шығаруды қажет етеді. Осыған орай су ресурстарына байланысты бәсекелестік адамзаттың негізгі дағдарысы болады. Сондықтан осы кезден бастап азық-түлік өндіру  үшін суды қалай тиімді пайдалану жөнінде ойлану қажет. 
Ауылшаруашылығы өндірісін жақсарту ауылшаруашылығы саласында тұтынатын су ресурстарының   өнімділік деңгейін көтерудің алғашқы шешімі. Өндірісті жақсарту мен су ресурстарын оңтайлы пайдалануға бір уақытта тұқымдарды жақсарту, топырақ құнарлылығын жақсарту мен тағы басқа жаңа ауылшаруашылық әдістері арқылы қол жеткізуге болады. Осыған байланысты суарудың тиімді әдістерін қолдану мен су алу әдістерін жетілдіру маңызды. Ауылшаруашылығы – қол жетімді сулардың 70 пайыздан астам мөлшерін пайдаланатын ең үлкен тұтынушы. Егінді алу үшін едәуір су қажет. Мәселен, бір кг күріш алу үшін 1-3 текше метр су керек.

 

FAO-ның 93 дамушы мемлекетте жүргізген зерттеулерінің нәтижелері бұл елдерде су ресурстары қорының азайып бара жатқанын көрсетті. Бұл ресурстарды басқамен ауыстыру мүмкін емес. 10 мемлекеттің жағдайы өте нашар, яғни олар ауылшаруашылығы бөліміне қажет сумен қамтамасыз ету үшін бүкіл су қорларының шамамен 40 пайызын тұтынуды қажет етеді. Келесі 8 мемлекет сумен қамтамасыз ету тұрғысынан шынайы қиындықтармен бітпе-бет келіп отыр. Бұл мемлекететр бүкіл су қорының 20 пайызын ауылшаруашылығы бөлімінде пайдалануға мәжбүр.   Дамушы елдер өздерін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін суармалы және құрғақ егіншілікке ұмтылғанымен, ауылшаруашылығы өнімнің қомақты бөлігі суармалы жерлер арқылы қамтамасыз етілуі керек. FAO-ның болжамдары  бойынша, 2030 жылға дейін дамушы елдерде су жерлері 20 пайызға артады. Өсімдіктің тығыздығының артуымен егін жерлерінің көлемі 250 млн гектардан 320 миллионға артты.  Сумен қамтамасыз ету үшін оның әр тамшысын дұрыс пайдаланған жөн. Азық-түлік пен су қауіпсіздігі мен олардың тапшылығы мәселесі жерден басталады. БҰҰ баршаны алаңдатқан мәлімдемесінде жердің құнарлығының аяқталғанын мәлімдеді. Бұл ұйым мамандарының зерттеулері қазіргі үдерістің жалғасуымен азық-түлік өндіру үшін қолданылатын жерлердің бұл іске тек алдағы 60 жылда ғана жарамды болатынын көрсетті. Яғни, әлемде ауылшаруашылығы өнімінің 20 пайызы жердің құнарлығының төмендеуінен азаяды. Бүгінде біз жердің құрлық аймақтарында әртүрлі дағдарыстарды көріп отырмыз. Теңізде пластмассадан басқа еш нәрсе қалмады. Балық аулау құралдары күннен күнге дамып, үлкен кемелер балық аулау үшін теңіздерге шыққанына қарамастан аквакультура жылдан-жылға бір пайызға төмендеп келеді. Су тіршіліктері кең көлемде құрып барады. Кішігірім фермерлердің жер учаскелерін иелену үдерісі теңіздерде де жалғасуда. Алпауыт компаниялар кішкентай балықшылардың орнын басып,  балықты  мұқтаж адамдар үшін емес, ақшасы көп бай адамдар үшін экспорттайды. Әлемнің шамамен 3 млрд халқы ағзасына қажет ақуызды теңізден қамтамасыз етеді. Қазіргі үдеріс жалғастын болса, кейін теңізден алатын азықты қайдан аламыз?

 

Мал шаруашылығының өндірістік өнімділігі төмен. "The Guardian" басылымы әлемдегі мәліметтерге сүйене отырып, есепте өсімдіктерден, әртүрлі бұршақтардан бір грамм ақуыз алу үшін 1 см² жер қажет деп мәлімдеді. Ал бір грамм ақуызды малдан алу үшін 1 м², яғни 100 есе жер қажет. Мал бағуға пайдаланылатын жерлердің көбі ауылшаруашылығы үшін қолайлы бола қоймас. Бірақ бұл факторлар жабайы табиғатты қорғап, экожүйені тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Тоғандар құрғап, ағаштар кесіліп, көшеттер тамырынан қазылуда. Жыртқыш аңдар ауланып, шөпқоректі аңдар табиғатта құрып барады. Соның салдарынан аймақтардың көбінде жабайы табиғат зардап шегуде.  Мадагаскар мен Бразилиядағы жаңбыр мол жауатын орман алқаптары сиыр етін өндіруге жер босату үшін жойылуда. Қазірдің өзінде қажет азық-түлікті өндіретін жеткілікті жеріміз жоқ. Әлемдегі кедейлерді тамақтандыра алатын жерді ет өндіретін фермаларға айналдыру негізінде бұл әлемдегі кедейлердің аузын тамақтан қағу болады.

ХХІ ғасырдың басынан Иран жерінің жартысындай жер көлемі кедей адамдардан тартып алынып, өндірістік жерлерге айналды. Бұл жерлер аймақ халқына қажет азық-түлікті өндірудің орнына бай мемлекеттердің сұраныстарын қамтамасыз ететін ауылшаруашылығы өнімдерді өндіреді. Әрине, мұның барлығы жойқын дағдарыстар. Бірақ бұл мұнымен шектелмейді. Бүкіл әлем бойынша кірістердің өсуіне байланысты көптеген адамдардың диеталары өсімдік негізіндегі тағамнан жануарлардан алынатын ақуызға ауысуда. Ет өндірісі соңғы жарты ғасырда төрт есе өсті, бірақ кедей және бай елдердегі адамдар арасында көптеген айырмашылық байқалады. Осыншама азық-түлік қайдан қамтамасыз етіледі?

Жер халқының саны тұрақты болып қалады деп болжаған жағдайда да азық-түлік режимінде өзгерістер болатындықтан ол тұрақты болып қалмайды. Енді халық санының өсуін  ойлайтын болсақ, ет тұтыну көлемі артуының көптеген адамдарды аштыққа әкелетінін көреміз. БҰҰ-ның болжауы бойынша, 2030 жылы ет тұтыну  деңгейі 2010 жылмен салыстырғанда 70 пайызға артады. Бұл осы кезеңдегі әлем халқының өсуінен үш есе артық. Етке сұраныстың артуына байланысты малға көбірек жер бөлінеді. 2005-шы жылмен салыстырғанда 2050 жылы ет өндіруге екі есе жер бөлінуі керек. Бұл сұранысты қамтамасыз ететін жер  жеткіліксіз.

 

IWMI Халықаралық су менеджменті халықаралық институты жариялаған есеп бойынша, климат тақырыбы болжанбайды әрі үлкен инвестицияларды қажет етеді. Су ресурстарына тәуелді ауылшаруашылығы қауымдастықтарында  миллиондаған фермерлер су тапшылығының  салдарларына алаңдап, өмір сүруде.   Климаттың тосын өзгеруі мен әлемдегі азық-түлік өндірушілерінің маңызды мәліметтеріне сүйеніп, жаһандық сарапшылар  су ресурстарын басқару үдерісін қайта қарастыру қажет екенін ескертті.  Азияда ауылшарушылық жерлерінің шамамен 66 пайызы суарылмайды. Ал Африкада егіннің 94 пайызы жаңбыр суымен суарылады. Дәл осы мәліметтерге назар аудара сарапшылар Африка мен Үндістандағы 500 миллионға жуық адам ауылшаруашылық суларын басқару тәсілдеріне реформа енгізуден пайда көреді деп санайды. Өкінішке орай, жаңбырдың көптігіне қарамастан оларды тиімді пайдалана алмаймыз. Мәселен, Африка фермерлері егіннің ең жақсы дақылдары мен дақылдарының тұқым себу мерзімдерін бұрыннан білетін, бірақ қазіргі уақытта жауын-шашынның дәл және ұзақ мерзімді болжамдарын жасай алмайды. Мәселен, Африка шаруалары жақсы өнім алу үшін тұқымды қай уақытта егу дұрыс екенін білетін. Бірақ қазір жаңбыр жауатын кездерді болжай алмайды. Сондықтан жауын-шашынға тәуелді өмір сүретін фермерлердің толассыз жауған немесе кешіккен жауын-шашын салдарынан дақылдары кез-келген уақытта шіріп немесе қурап қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда климаттың күн сайынғы өзгеруі құбылыстарды күшейтіп, салдарлары өте алаңдатарлық болып жатқанын мойындау керек.         

 

                                          

   

 

Тегтер