Ақп 16, 2020 03:52 Asia/Almaty

Бүгінде есірткі заттарын пайдалану – адамзат қоғамының басты қиындықтарының бірі. Есірткі заттарына тәуелділікті әлемнің барлық елдерінен көруге болады.

Бүгінде есірткі заттарын пайдалану – адамзат қоғамының басты қиындықтарының бірі. Есірткі заттарына тәуелділікті әлемнің барлық елдерінен көруге болады. Тиісті ұйымдар мен мамандар Батыс қоғамдарында есірткі заттарының күннен күнге таралуына алаңдаушылықтар білдіріп, ескерту жасады. Еуропаның есірткі заттарға тәуелділікті бақылау ұйымының мәліметіне сәйкес, 2018 жылы Еуропаның әртүрлі елдерінде 140-тан аса тонна кокаин анықталып, тіркелді. Бұл көлем 2017 жылмен салыстырғанда екі есе артық.

Италияның Рим қаласындағы Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің тілшісі Масуминежад осы елдегі есірткі заттарын қолданудың артуы туралы репортажында  Италиядағы ресми статистикалық мәліметтер сәйкес бұл елдің есірткі заттарын қолдану тұрғысынан Ұлыбритания мен Франциядан кейін үшінші орында екенін хабарлады. Ол өз репортажында жанұялардың  Италияның мектептерінде есірткі заттарының таратылуынан алаңдайтынын айтып, ата-аналардың оқушылардың есірткі тұзағына түсіп қалуынан қорқатынын жеткізді. Мамандардың пікірінше, Италия мен басқа Еуропа елдеріндегі есірткі заттары құрбандарының айтарлықтай бөлігін жастар құрайды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, италиялық жастар мен жасөспірімдер арасында мектептерде есірткі заттарын қолдану өткен 2 жылда 39 пайызға артты. Италия 18 жастан төмен адамдар арасында есірткі заттарын қолдану тұрғысынан Еуропада екінші орында тұр. Кокаин мен героин Италияда ең көп қолданылатын есірткі заттарының қатарына жатады.

Ұлыбританияда жезөкшелік пен есірткі заттары саудасынан жылына түсетін табыстың жоғарылығына сәйкес, осы елдің Ұлттық статистикалық басқармасы бірнеше жыл бұрын қара экономикадан, соның ішінде жезөкшелік пен есірткі заттарынан түсетін табысты ұлттық табыстар қатарына қойды. Guardian-ның жазуынша, Еуроодақтың басқа елдері, соның ішінде Германия, Венгрия, Нидерланды, Аустрия мен Грекия жезөкшелік пен есірткі заттарынан түсетін табысты өздерінің ұлттық табыстарының қатарына қосқанына жылдар болды. Guardian газеті Ұлыбританияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметіне сәйкес бұл елдің 2014 жылы жезөкшелік пен есірткі заттарынан 12,7 млрд фунт стерлинг табыс тапқанын хабарлады. Бұл газет жезөкшелік пен есірткі заттарынан түсетін мол табысқа тоқталып, бюджет тапшылығы мен зор қарызға ұшыраған Ұлыбритания үкіметіне жезөкшелік пен есірткі заттары экономикасынан түсетін табыстан салық алғаны дұрыстығын айтты. Мамандардың айтуынша, бұл статистика жезөкшелік пен есірткі заттарына қатысты барлық жайттарды қамтымайды. Статистикада Ұлыбританияда өндірілген есірткі заттарының, яғни нашаның саудасы есепке алынбаған.

Айта кету керек, Ұлыбританияда 4 мыңнан астам бала мен жасөспірім Лондон қаласындағы есірткі заттары бандаларына қатысады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Лондондағы есірткі заттары бандаларына қатысты адамдардың 46 пайызын 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер құрайды. Бұл адамдар Ұлыбританияның басқа қалаларына есірткі заттары мен ақша тасымалдау үшін қолданылады және олардың көбі суық қарудың шабуылына ұшырайды.

АҚШ-та қайтыс болған адамдар туралы хабарлар күн сайын таралады, бірақ бұл елде есірткі заттарын тұтынудан күн сайын қайтыс болғандардың саны атыстар мен жол апаттарынан қаза болатындардың санынан әлдеқайда артық. Технологиялық қарқыны жоғары Нью-Йорктің биік мұнаралары мен ірі сауда үйлері маңында бет-жүзі мен қарым-қатынасынан есірткіге тәуелділігін көруге болатын адамдар жүреді. Мұндай адамдар көшелердің бұрыш-бұрышында өте нашар жағдайда өмір сүреді және оп-оңай бір-біріне есірткі таратады. АҚШ-тағы барлық ресми статистикалық мәліметтер көрсеткендей, бұл елде есірткі заттарын тұтыну бір ауыр түйткілге айналды. Бұл елдің статистикалық мәліметтері мен ресми ақпараттарына сәйкес, қазіргі таңда барлық жас аралығында есірткі заттарына тәуелділік кеңінен таралып жатыр. Тіпті героин мен марихуана сияқты есірткі заттарын тұтыну өте ауыр деңгейге жетті.

АҚШ-тың NSDUH ұйымының денсаулық сақтау және есірткімен күрес туралы жылдық зерттеулеріне сәйкес, қазіргі таңда бұл елде жасы 12-ден жоғары 24 млн-нан астам адам есірткі заттарын қолданады. Осы елдің жасөспірімдері марихуана тұтынады. Статистикаға сәйкес,  АҚШ-та 12-17 жас аралығындағы кемінде 2 млн 600 мың жасөспірім есірткі заттары тұтынудан зардап шегіп жүр. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 18-25 жас аралығында героинге тәуелділер саны өткен 7 жылда 2 есе артты.  Бұл есепте айтылғандай, 2010 жылы есірткі заттарына тәуелді адамдардың 70 пайыздан астамы ер адамдар болды. 2017 жылы есірткі заттарына тәуелді әйел адамдардың саны күрт өсіп кетті. АҚШ-тағы есірткі заттарына тәуелді адамдардың 45 пайыздан астамын әйелдер құрады. Қазіргі таңда есірткі заттарын тұтыну АҚШ-та 50 жастан төмен адамдар өлімінің  басты факторы  болып табылады.

Нью-Йорк көшелеріндегі есірткі заттарына тәуелділіктің жағымсыз көрінісі

Әлемнің көптеген елдерінде есірткі заттарын өндіру, сату және қолдануға тыйым салынғанына қарамастан, АҚШ-тың CIA барлау қызметі өз саяси мақсаттарын орындау үшін есірткі заттарын қолданатыны байқалады. CIA-ның есірткі саудасындағы рөлі және оны қауіпсіздік шаларында қолданатыны айқын. Бірнеше жыл бұрын Питер Дейл Скот пен Джонатан Маршал 1991 жылы басылып шыққан "Кокаин саясаты: Орталық Америкадағы есірткі заттары, армия мен CIA" атты кітабында: "АҚШ-тың есірткі заттарымен күреске беріктігі жалған. CIA АҚШ үкіметінен есірткі заттары контрабандасы саласындағы белсенділіктерге қатысты бұйрықтар алып отырған",-деп жазды. Осы арада CIA бүкіл әлем бойынша тыйым салынған психотропты таблеткаларға ерекше назар аударып, оны адамдарды басқарудың кілті санап, оның әскерилер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен психикалық ауруларға шалдыққан науқастарға әсерін тексеруге кірісті.

Жаһандық зерттеулер көрсеткендей, CIA ұйымы есірткі заттары саудасын басқаруға қатысады. Александр Чакберн мен Джефри Клер "Ақ өлім, CIA  мен есірткі заттары" атты кітабында CIA ұйымының есірткі заттарын сататын қылмыстық ұйымдармен 50 жылдық қатынасын әшкерелейді. Олар бұл кітапта АҚШ-тың Ауғанстанға шабуылының себептерінің бірін есірткі заттары саудасын және орасан зор экономикалық көздерін CIA-ға қайтару деп атады. Кейбір батыс мамандары бұл жөнінде мынадай сенімде, CIA-ның АҚШ-тың сыртындағы амалдарының қаражаты Ауғанстандағы есірткі заттары саудасынан қамтамасыз етіледі. Сол себепті АҚШ-тың Ауғанстанда тынышсыздықтардың одан ары жалғасуын бұрынан бетер қалауын түсінуге болады.

Халықаралық ресми көздер есірткі заттары мен ұйымдасқан қылмыстардан түсетін табыс пен айналымдағы ақша көлемін 1 мың млрд доллардан жоғары деп бағалап отыр. Енді мынаны сұрау керек: осы орасан зор қаражат көлемі қалай және қандай жолмен халықаралық қаржы институттарында тасымалданады? Ал негізі АҚШ-тың саясаттарына қарсы ресми құқықтық тұлғалар мен ұйымдардың қаржы айналымына оп-оңай шектеулер қойылады.  Бұл сұрақтың жауабын Батыс елдерінің барлау ұйымдарының есірткі мен психотропты заттарды өндіру және транзиттеудегі мүдделері мен бұлтартқысыз рөлінен алуға болады. 90 жылдардың орта шенінен бүгінге дейін  Еуропа мен Американың 42 елінің Ауғанстанда орналасуы есірткі заттарын егу мен өндіру деңгейін арттырудан басқа нәтиже бермеді. 2001 жылы Ауғанстанда есірткі заттарын өндіру деңгейі 200 тоннадан аз болды. Ал 2018 жылы шетелдік күштердің болуына қарамастан бұл көлем 50 пайызға артты. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша, Ауғанстанда шетелдік әскер орналастырудың нәтижесі жастар арасында есірткі заттарына тәуелділік пен  азғындықтың артуы болды. Отарлық және үстемшілдік саясат есірткі заттарын өндіретін елдердің халқын ғана емес, Батыс елдері халқының әртүрлі әлеуметтік топтарын да өзінің теріс ықпалына түсірді.  

Тегтер