Иранның жетістіктері (38)
Ел ішінде жасалған алғашқы тікұшақ. Иран тарихында қол жеткізілген жетістіктер көп. Олардың барлығы Ислам революциясынан кейінгі 40 жылда орын алды.
АҚШ алғаш рет 1972 жылы «Кобра» атты ерекше әскери тікұшақ шығарды. Бұл әскери тікұшақтар өнеркәсібіне өзгеріс әкелді. Иран «Кобра» тікұшағының алғашқы сатып алушысы болды. Оны 1973 жылы сатып алды. Қасиетті қорғаныс заманына дейін Иран АҚШ-пен бірге дамыған тікұшақтарға ие жалғыз ел болды. Санкциялардан кейін америкалықтар Иранға «Кобра» тікұшағының бөлшектерін де сатпады. Алайда ирандықтардың өздері тікұшақ жасай бастады. Ол Кобраға ұқсады, бірақ одан артық болуы тиіс еді. Бірінші модель 2011жылы жасалды. Ақырында 2013 жылдың қысында «Туфан-2» атты негізгі модельдің тұсаукесер рәсімі өтті. «Туфан-2» тікұшағында «Кобраның» қабілеттерімен бірге жаңа техникалық мүмкіндіктер қосылып, америкалық модельден әлдеқайда оңтайландырылды. Үстіңгі жақтағы дисплей, инфрақызыл камера, дамыған ату кешендері және көптеген ұсақ техникалық бөлшектер «Туфан-2» тікұшағын дұшпан үшін бір шынайы қауіпке айналдырды. Иран тарихында бірінші рет отандық мамандар жергілікті әскери тікұшақ жобалап, жасады.