Нау 31, 2020 21:42 Asia/Almaty
  • Әлемдегі су дағдарысы 11

Табиғатта қоршаған ортаға зиянды әсер ететін үш маңызды фактор бар: ауаның, судың және топырақтың ластануы. Судың ластануы және оның бүгінгі өмірге тигізетін әсері – су дағдарысы мен құрғақшылық туралы пікірталастарда көтерілетін маңызды мәселелер.

 

 

Су ресурстарының ластануы –  су экожүйесі үшін маңызды қауіптердің бірі. Судың ластануының қоршаған ортаны  ластауы мен экономикалық шығын сияқты зиянды әсерлері бар. Су ресурстарын жерүсті сулары (бұлақ, өзен, көл), жерасты сулары, мұхиттар мен теңіздерге бөлуге болады. Судың ластануы көбінде тосын оқиға емес. Канализация суларының табиғи суларға ағуы мен қышқыл жаңбыр судың ластануының себептері саналады. Кейде су табиғи түрде ластанады. Мәселен, су тасқыны  кезінде су балшықпен араласып, ластанады. Бірақ  бұл жағдайда уақыт өте су қайтадан тазарады.  Судың ластануына себеп болатын заттарға бірқатар патогендік микроорганизмдер, дезинфекциялық заттар, химиялық заттар, температураның көтерілуі мен түсінің өзгеруі сияқты сенсорлық және физикалық өзгерістер жатаы. Судың табиғи құрамында көптеген химиялық заттар бар (кальций, натрий, темір, магний және т.б.). Бірақ олардың концентрациясы қайсының судың табиғи компоненті немесе оны ластаушы зат екенін анықтайды. Судың табиғи құрамындағы кейбір заттардың жоғары концентрациясы суда өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне теріс әсер етуі мүмкін.

 

Суды ластаудың негізгі көздері қалалық, өндірістік және ауылшаруашылық факторларға бөлінеді. Қалалық судың ластануына тұрғын үйлер мен кәсіпорындардың ағынды сулары кіреді. Нитрат пен адам мен жан-жануарлардың қалдықтарында кездесетін бактериялар екі маңызды ластаушы  саналады. Кәріз құдықтар мен септикалық бактар, сонымен қатар, ағынды сулар мен қоқыс шығаратын орындар судың ластану көзі болуы мүмкін. Дәрі-дәрмек қазіргі заманның маңызды және ажырамас бөлігі. Олар адам мен жануарларды аурулардан емдеуге қолданылады. Зерттеулерге сәйкес, дәрі-дәрмектер қоршаған ортаға үлкен көлемде еніп,  олардың тіршілік иелері мен қоршаған ортаға әсері көбінесе тұрақты болып қалады. Адам, мал, ауылшаруашылығы мен басқа жерлерде қолданылатын 3000-нан астам түрлі химиялық заттар  дәрі ретінде анықталды. Жыл сайын әлемде 100000-200000 тонна антибиотик тұтынылады. Антибиотиктер барлық дәрі-дәрмектің шамамен 15 пайызын құрайды, сондықтан суды  олардың ластауы   маңызды мәселе болып табылады. Ақпасу, өнеркәсіптік және сауда орталықтарының қалдықтары судың ластануының негізгі көздерінің бірі.

 

Тыңайтқыштар мен пестицидтер - суды ластайтын тағы бір топ. Фермерлер өнімдерінің өсуін арттыру және жәндіктерден қорғау үшін тыңайтқыштар мен жәндікжойғыштар пайдаланады. Олар сонымен қатар қала маңындағы бақшаларда қолданылады. Бұл химиялық заттар жер асты суларына жетуі мүмкін. Ластанудың бұл түрі қолданылатын химикаттардың түрлері мен мөлшеріне  байланысты. Ластанудың бұл түріне жергілікті экологиялық жағдайлар, мысалы топырақ немесе жауын-шашын және маусымдық қар әсер етеді. Көптеген тыңайтқыштардың құрамында зиянды нитратқа айналатын азот түрлері бар. Ол басқа нитрат көздеріне қосылады. Ауыл шаруашылығындағы кейбір жерасты дренаждық жүйелер тыңайтқыштар мен пестицидтерді жинайды. Ластанған су жер асты сулары мен жергілікті өзендер мен бұлақтарды ластауы мүмкін.

Өнеркәсіптік ағын сулар – судың ластану дағдарысына әсер ететін өнеркәсіптік қоғамдағы келесі мәселе. Көптеген зиянды химикаттар жергілікті өндіріс орындары мен зауыттарда кең қолданылады. Бұл заттар дұрыс залалсыздандырылмаса, ауыз суды ластауы мүмкін. Өнеркәсіптік ластағыштардың ең көп таралған көздеріне жергілікті зауыттар, соның ішінде қалаға іргелес зауыттар, тіпті жанармай құю станциялары мен химиялық тазартумен айналысатын шағын кәсіпорындар жатады. Химиялық заттар мен өнеркәсіптік қалдықтар жерасты суларына кауіп тудырады. Судың тамақ өнеркәсібінен ластануы атап өтетін маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Тоқыма өнеркәсібінің   суды ластауы адам денсаулығы мен қоғамға теріс әсер етуі мүмкін тағы бір проблема болып табылады. Мысалы, ағынды суларды тазарту өнеркәсібінде май мен сілтінің мөлшері көп, ал тоқыма өнеркәсібінің сарқынды суларында түрлі ластаушы бояғыштар, қоспалар және әртүрлі химиялық заттар бар.

 

 

Металлургия және былғары өндірісі өнеркәсібі судың ластануына себеп болатын факторлардың бірі болып табылады.  Жылу электр станцияларының салдарынан судың ластануы қазіргі кездегі өндірістік өмірдің келесі проблемасы. Ағынды суларды жинайтын орындар да су көздерін ластайды. Судың ағып кетуіне жол бермеу үшін көптеген жаңа кәріздер мен қоқыс төгетін орындар салынды. Су тасқыны осы тосқауылдардан өтіп, суды ластауы мүмкін. Дұрыс салынбаған ескі кәріз учаскелерінде әр түрлі ластаушы заттар жерасты суларына ағып кете алады. Үйлерден шығарылған қоқыстар, сондай-ақ пайдаланылған қозғалтқыш майлары, бояулар, тіпті сабын мен жуғыш заттар  жерасты суларын ластауы мүмкін. Тұрмыстық сантехникалық құрылғылар да  ауыз судағы қорғасын мен мыс мөлшерінің артуына себеп бола алады. Бұл салада үйдегі судың қышқылдығы немесе сілтілігі рөл атқарады. Қорғасын мен мыс құбырлар,  клапандар мен ыдыс жуғыш машина сияқты басқа құрылғыларында қолданылатын металдар миға, бүйрекке, жүйке жүйесі мен қызыл қан клеткаларына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бұл металдар аз мөлшерде болса да зиянды болуы мүмкін.

 

 

Тегтер