Имам Хомейнидің мектебінде 15
Имам Хомейни діни оқу орындары мен университеттердің бірлігін қоғамның дамуы үшін қажет санады.
Имам Хомейни университет ұстаздарын қоғам мен халық тағдырына жауапты, себебі олар бұл мамандықты таңдап, жас ұрпақты дұрыс жолға нұсқау міндетін өз мойнына алды, сондықтан олардың жұмысы пайғамбарлардың міндетіне ұқсас деп санайтын. Имам Хомейни университет ұстаздарының міндетін қоғамды хабардар ету, жас буынға исламдық тәрбие беру, сондай-ақ, келешекте елдің билігін өз қолына алатын адал адамдар тәрбиелеу деп білді. Сол себепті имам: «Мұғалімдер мен университет ұстаздары жас буынды тәрбиелеумен айналысады. Исламдық тәрбие көрген адамның өз мемлекетіне қиянат жасауы мүмкін емес. Сондықтан ешбір қиянат жасалмау үшін адал адамдар тәрбиелеуге талпынуымыз қажет. Мұғалім – өте маңызды маман, өйткені адам тәрбиелеумен айналысады. Әлемде ешбір мамандық мұндай маңызды емес. Өйткені мұғалім адамгершіліктің негізін қалыптастырады, бұл үлкен міндет»,- деген болатын. (1358).
Ислам революциясының іргетасын қалаушы студенттерді ішкі үстемдік пен бөгде басқыншылардың алдында халықты хабардар ету және ағартушылық жұмыстарына жауапты санап, олардан бұл мақсаттарына жету үшін міндеттерін жақсы орындауды күтті. Имам Хомейни бұл туралы: «Жастар! Ұйқыға батқандарды оятып, отаршылардың қылмыстары мен қиянаттарын әшкерелеп, немқұрайдылық білдрушілерді хабардар етіңдер. Мұсылмандардың үміті саналатын сіздер, Исламның абыройлы жастары! Халыққа отаршылардың сұм жобаларын әшкерелеңдер және бірігіп, зорлық-зомбылық, адам өлтіру мен заң бұзушыларға қарсы шығыңдар»,- деді. (1346 және 1351ж. сөздері).
Имам Хомейни нәпсіні тазарту мен өз-өзін тәрбиелеу мен білім алуды студенттердің жеке адам мен қоғамның жоғары мақсаттарына жету саласындағы екі маңызды міндеті деп атап: «Діни оқу орындарының шәкірттері де, студенттер де білім алуға шынайы талпынуы керек. Соңғы кезде кейбір жастардың арасында сабақ оқудың пайдасы не деген пікір таралды. Бұл надандықтың немесе хабарсыздықтың, тіпті шайтанға бағынудың белгісі. Бұл біздің студентерімізді отаршыларға қарсы шығуға жігерлендірнеді. Бұл қатер елдің алға ілгерлеуінің алдын алады. Қарулы дұшпанмен күресу үшін дін мен дүниенің білімін меңгеру қажет»,- деп айтты. (1356).
Имам Хомейни нәпсіні тазартуды студенттер тәрбиесі қажеттіліктерінің бірі санап, студенттерді білім алу аясында өздерін тәрбиелеуге шақырды. Сондықтан жастар жоғары оқу орындарында білім алуымен бірге иманы мен өзін-өзі тәрбиелеуге де міндетті. Бұл мәселе жеке адам мен қоғамның өзгеруі мен дамуы үшін өте қажет. Имам Хомейнидің пікірінше, ұстаздар мен студенттер Шығыс пен Батыстан қорықпауы керек. Имам: «Сіздер, студенттер, батысшылдықтан алыстап, адасқан жолдарыңыздан қайтыңыздар. Олар бізге өздерін таңғылары келеді, сондықтан сіздер қарсыласыңыздар»,- деді. (1358).
Имам бұрмалаушылық және іріткі салумен күресуді студенттердің міндеттері және олардың топтарының бірлігін жеңістің сыры санап: «Жеңістің кілті – студенттік топтардың бірлігінде; бүкіл бақытсыздықтың тамыры саналатын бұрмаланушылық пен іріткі тудырушылармен қарсыласатын исламдық-ұлттық топ құруда»,- деді. (1358). Ол студенттік ұйымдарға, әсіресе исламдық қауымдастықтарға дұшпандардың ықпалынан абай болу жөнінде ескертті. Өйткені, Ислам революциясының қарсыластары бұл ұйымдармен араласып, студенттердің қатарына іріткі салуға жағдай жасайды. Имам: «Исламдық ұйымдар араларына сенімсіз адамдарды араластырмауы керек. Егер исламдық ұйымға бұрмалаушы бір адам енсе, ұйымды адастырады»,- деді. (1360). Имам Хомейни саяси істерге араласуды студенттер мен ұстаздардың құқығы деп, араласушылықтарға қарсы тұру ұстанымдарымен университеттік ортаның елдің тағдырына қатысуын революция мен елді қорғау үшін қажет және студенттер мен студенттік ұйымдарды қоғамның саулығы мен қоғамның бұрмалануының алдын алатын қырағы бақылаушылар деп атап: «Университеттердегі исламдық ұйымдардың басшылары үлкен міндетке ие. Олар университеттердің жан-жақты тұрғыларына көңіл бөліп, бұрмаланудың орын алмауын бақылайды»,- деді. (1361).
Имам Хомейни діни оқу орындар мен университеттердің бірлігін қоғамның дамуы үшін қажет, олардың бір-біріне дұрыс қарамаушылығын отаршыл саясатттардың салдары санап: «Осы кезге дейін үстемшілердің қолымен әртүрлі құралдар арқылы жастар және дін мәселелері мен исламның пайдалы заңдары, студенттер мен діни оқу орындарының шәкірттері арасындағы бірлік жойылып, олар сұм мақсаттарына жету үшін жағдай жасауға талпынды»,- деді. (1348).
Имам Хомейни университеттік және діни оқу орталарының бір-біріне құрмет көрсетуін қажеттілік санап: «Діни оқу орындары мен университеттік орталар бір-бірін құрметтеп, жоғары оқу орындарының зиялы жастары діни қызметкерлерге құрмет көрсетуі керек. Руханилер – үлкен күш. Олар Ислам мен елге қызмет етеді. Сондықтан олардан айырылуға болмайды»,- деді. (1356). Имам Хомейни өзінің илаһи саяси өсиетнамасында діни оқу орындары мен университеттік орталарды бірлік, достық және түсіністікке шақырып: «Қазіргі және келешек буындар немқұрайдылық танытпай, студенттер мен діни оқу орындары шәкірттерінің достығы мен түсіністігін нығайтып, дұшпанның қастықтарына қырағы болғаны жөн»,- деді. (1368).