Maм 31, 2020 17:36 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде 16

Әйелдің қоғамдағы рөлі, орны мен құқықтарына шолу жасап, имам Хомейнидің бұл мәселеге қатысты пікірлерімен таныстырамыз.

Әйелдер әлем халқының жартысын құрайды. Олар әрқашан отбасы мен қоғамда маңызды рөл атқарды. Бірақ тарихи кезеңдер мен қоғамдардың көбінде зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келіп, олардың құқықтары бұзылды. Тіпті кейбір жайттарда олардың құқықтарының бұзылуымен бірге абыройларына шабуыл жасалды.  Кейбір қоғамдарда әйелдер құқықтарын қорғауға талпыныс жасалғанымен, олардың қадір-қасиеттеріне немқұрайдылық танылып, олар экономикалық, саяси және ерлердің жыныстық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін құралдар ретінде қолданылды. Сөйтіп әйелдер қоғамдардың көбінде өздерінің негізгі жоғары орындарына ие бола алмады. Қазіргі қоғамда да әйелдердің маңыздылығына жеке адамдар мен мектептер тарапынан соққы беріліп, олардың жеке және әлеуметтік саладағы негізгі құқықтары бұзылуда. Әйелдердің физиологиялық және мінез-құлық ерекшеліктеріне қажет көңіл бөлінбей, олардың қадір-қасиеті, орындары мен рөлі дұрыс бағаланбайды.

 

Осындай жағдайда имам Хомейни мен Ислам революциясы және Ислам республикасы жүйесінің құқықтық және саяси негіздерінің әйел туралы ұстанымы ерекше маңызды.

1979 жылы жеңіске жеткен Ислам революциясы тек Ирандағы саяси биліктің өзгеруіне ғана емес, қоғамның мәдени және құнды зияткерлік салаларында әйелдердің маңызды рөл атқаруы жөніндегі жаңа ұстанымдарға жеткізді. Әйелдің жеке және қоғамдық салалардағы рөліне ерекше назар аударылатын болды. Билік басындағы режимге қарсы революциялық наразылыққа айналған халықтың жалпы наразылығы тек саяси саламен шектелмеді. Өйткені патшалық жүйе қоғамның құндылықтарына,   әсіресе әйелдердің көптеген салалардағы негізгі рөліне мән бермей, мұсылман әйелдердің наразылығына әкелді. Жарты ғасырдан астам уақытқа созылған Пехлеви әкесі мен перзентінің билігі кезінде батысшыл ой-пікірлер таралып, әйелдерді Батыс қоғамының әдеп-ғұрыптарын қабылдауға мәжбүрлегісі келді. Бұл қоғамдық ой-пікірдің наразылықтарына себеп болды.

 

Имам Хомейни Ислам революциясының негізгі қалаушысы ретінде қоғамға ұсынған жаңа диалогында әйелдерді   жоғары  бағалап, қоғам сенетін діни және ұлттық құндылықтарды жандандыру арқылы олардың саяси және әлеуметтік салалардағы белсенділігіне жағдай тудырды.  Имам әйелдерге айырылған саяси және әлеуметтік құқықтарын қайтарумен бірге бұрынғы жүйеде бұзылған әйелдің адами қадір-қасиеттерін де оларға берді. Бұл мәселенің шешілуі имам Хомейнидің Ислам діні мен шиіттер мазхабының  жаңғыруымен мүмкін болды. Имам Хомейнидің талпынысымен әйелдер әлеуметтік-саяси құқықтарын пайдаланып, олардың адами қадір-қасиеттері қорғалатын болды. Имам Хомейни надандық пен зұлымдық таралған қоғамда Исламның әйелді құрметтеуі мен Исламның ұлық пайғамбарының өз қызы, яғни хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) құрметтегеніне иман келтірген тұлға болып: «Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әйел адам саналмаған, қыз баланың дүниеге келуі надан отбасыларда ұят саналатын жағдайда дүниеге келді. Осындай жабайы кезеңде Исламның ұлық пайғамбары әйелді надандықтан құтқарды. Ислам тарихы Алла елшісінің әйелдің қоғамдағы рөлінің ерден артық болмаса кем емес екенін көрсетуіне куә болды»,- деді.  

Имам Хомейни мен Ислам республикасы жүйесі ой-пікіріндегі әйелдің рөлі маңызды болғаны сондай, хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күні бұл елде «Әйелдер күні» деп атаады.  Бұл күні ерлер мен перзенттер әйелдер мен аналарды құрметтеп, тойлайды. Имам Хомейни әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеріп, Иранда «Әйелдер күнін» атауды ұсынып: «Егер әйелдер күнін тойлайтын болсақ, хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күнінен маңызды күн бар ма? Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) – уәһи отбасының мадағы. Оның бойында Исламның ұлық пайғамбарының қадір-қасиеттері мен пәк әулетінің айбыны мен пәктігі шоғырланды»,- деген болатын.

 

 

Имам Хомейни революциядан бұрын тағұт үкіметі кезінде әйелдердің жағдайын сынайтындардың бірі болды. Ол бұл кезеңдегі әйелдің жағдайы жөнінде: «Әйел екі кезеңде өте көп зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келді. Оның бірі –надандық кезеңі. Сол кезде Ислам діні әйелді зұлымдықтан құтқарды. Надандық кезеңде әйел малдан төмен саналды. Ислам әйелді бұл жағдайдан шығарды. Иранда әйелдің мазлұм болған келесі кезеңі – шах билігі кезі. Шах әйелді азат етемін деп, оларға зұлымдық жасап, олардың абыройына сызат түсіріп, оларды затқа айналдырды. Ол азаттықтың атымен керісінше әйелдер мен ерлерді азаттықтан айырып, әйелдер мен жастарымызды өнегесіз етті»,- деді. Имам  үстем биліктің әйелдерге көрсеткен зұлымдығы туралы: «Мен әкесі мен перзентінің билігі кезінде басқа топтардан гөрі әйелдерге көбірек зұлымдық жасалды деп айта аламын. Иранды Еуропаға ұқсастырып, Иран халқының жартысын осы қоғамға енгіземіз деп, әйелдерге қаншама зорлық-зомбылық жаслды»,- деді. Имам Хомейни шах режимінің батысшыл көзқарасы мен әйелдердің құқықтарын бұзуын сынап, хиджабты алып тастау сынды жобаны әйелдердің азаттығын бұзу деп атап: «Резахан билігі кезінде Құм мен Иранның басқа қалаларының әйелдеріне қарсы әрекеттеріне куә болдық. Ол басқаларға еліктеп, хиджабты алып тастау жобасымен әйелдердің абыройына кір келтірді. Оның нөкерлері әйелдерге қарсы не істемеді, қаншама орамалдар мен жамылғыларды жыртып тастады. Хиджабты алып тастау жобасы кезінде Иран халқының қандай қиындық көргенін тек бір Алла біледі. Әйелдің азаттығы оны қару және полициямен мәжбүрлеу болды. Қандай мұсылман хиджабты алып тастауға келіседі? Иран әйелдері бұл жобаға қарсы көтерілді. Біз азат болғымыз келеді. Ал шах болса, «Мектепке жамылғы және орамалсыз барыңдар» дейді. Аззаттық осы ма?»- деді.

 

 

Әйелдер мұндай жағдайға реакция білдіріп, ерлермен бірге шах режиміне қарсы күреске араласып, халықтың күресін күшейтуге әсер етті. Егер әйелдер ерлермен бірге шах режиміне қарсы күреске қатыспағанда исламдық қозғалыс жеңіске жетпейтін еді. Имам Хомейни революцияның жеңісіндегі әйелдердің маңызды рөлін мойындап, исламдық қозғалыстың жеңісін әйелдердің талпынысы мен батылдығына борыштар деп білді. Имам келесі бір сөзінде революцияның жеңісіндегі әйелдердің рөлі туралы: «Ирандық әйелдерге шексіз рақметімізді айтамыз. Алланың рақымы жаусын! Сіздердің ерік-жігерлеріңіздің арқасында Ислам бөгделердің тұтқынынан шықты. Сіздер, батыл әйелдер, ерлермен бірге тұрып, Исламның жеңіске жетуіне үлестеріңді қостыңдар. Мен Иранның бүкіл әйелдері мен Құм қаласының әйелдеріне алғыс айтамын. Сіздер кішкентай балаларыңызбен көшелерге шығып, Исламға қолдау көрсеттіңіздер. Мен Құм мен басқа жерлердің хабарларын естіген кезде ерлерді қолдаған ирандық батыл әйелдерді мақтан тұттым. Біз сіздердің батылдықтарыңызға борыштармыз»,- деді.

Иран әйелдерінің рөлі мен батылдығы тек революцияның жеңісімен шектелмеді. Олар тағұт жұйесі құлаған соң, қоғамдық әділет пен елдің территориялық тұтастығын қорғау салаларына да өз әсерін тигізді.