Маусым 30, 2020 22:21 Asia/Almaty

Қазіргі таңда Батыста жастардың бір тобына шайтанға табыну (сатанизм) қызықты болып көрінеді. Ол болмысымен ғана тартымды емес, жастар мен жеткіншектердің рухани және психологиялық бос кеңістігін толтыруда «орын басу/алмастыру рөліне» ие болғандықтан қызықты болып отыр.

1992 жылы Швейцария халқының 64 пайызға жуығы референдумда Альпі тауын тесіп, жаңа темір жол салу жобасына оң дауыс берді. 23 жылдан кейін 12 млрд доллардан аса қаражат жұмсап, жобаның басым бөлігі ашылды. HUFFPOST басылымы осы ашылу рәсімі туралы репортажда: «Әлемдегі ең ірі теміржол туннелі ең бір ғажайып түрде ашылды»,-деп жазды. Еуропа елдерінің бірқатар басшылары қатысқан Сен-Гутард туннеліннің ашылу рәсімі шайтанға табынумен басталды. Бұл рәсімде шайтанға табынушылар (сатанистер) ерекше шара орындады. Бұл шара қатысушылардың таңданысын тудырды.

(Сен-Гутард туннелінің ашылу рәсіміндегі шайтанға табынушылардың шарасы)

Батыс ақпарат құралдарының көбі осы шараның мәні туралы үнсіз қалды. Бірақ кейбір сайттар туннельдің ашылу рәсімінің ғажайып мәніне сараптама жасады. Мысалы, алдымен өліп, артынан тірілетін теке киімін киген ер адам мадақталып, әлемнің патшасы ретінде тәж тағады. Америкалық тілші әрі саяси белсенді Майкл Снайпер рәсімде теке киімді ер адамның қатысуының егжей-тегжейін түсіндіріп, әртүрлі бағдарламаларда осыған ұқсас мазмұндағы шаралар туралы айтты. Ол видеолар, телехикалардың және тіпті жүлде тапсыру рәсімдерінің музыкаларына тоқталып: «Қараңғылық көтеріліп келе жатыр. Ол бүкіл планетаны жаулап алмайынша тоқтамайды. Осы кезеңде басшылардың батылданғаны соншалықты, тіпті біздің басымызға қандай бәле төндіргісі келетінін жасырмайды»,-деді.  

Сен-Гутард туннелін ашу рәсімі онда қатысқан тұлғалардың деңгейіне байланысты ойлануға тұрарлық. Қазіргі әлемнің басты мәселелерінің бірі – түрлі ағымдардың пайда болуы. Олардың барлығы адамның рухын жоғарылату және оның өмірін жақсарту мақсатында құрылғандай болады. Біраз жұмыс істегеннен кейін жақтаушылары пайда болады. Уақыт өте келе жақтаушыларға ағымның түкке тұрмайтыны дәлелденген сон, ұмытылып кетеді. Бірақ олардың бүлдіргі әсерлері біраз уақытқа дейін адамдардың ойында қалып қояды. Осындай ағымдардың бірі – шайтанға табыну. Бұл культ Батыс әлемінде соңғы онжылдықтарда жыныстық ләззат пен музыка атты екі құралды пайдаланып, түрлі ағымдар аясында жұмыс жасап, Батыстың өмір салтындағы ақлақтық және адами құндылықтарды ойыншыққа айналдырды.     

Батыс әлемі осы күнге дейін екі кезең модернизм және постмодернизмді бастан өткеріп, қазір трансмодернизм кезеңіне аяқ басты. Қазіргі заманда көздер аспаннан жерге қарады, адамға көңіл аудару шіркеуге көңіл аударудың орнын басты. Постмодернизм кезеңінде өзімшілдік (нәпсіқұмарлық) адамдықтың орнын басты. Қазіргі трансмодернизм заманында Батыс халқы өзімшілдік өркениетінің құлдырауын бастан кешіріп, өмірдің ең төменгі сатысы, яғни шайтанға табынуға дейін түсті. 

Кейбіреулердің пайымдауынша, шайтанға табыну жаңа дәуірдегі Батыс елдерінде 19 ғасырда басталған. «Әлемдегі мәдениеттер мен діндер» атты кітаптің авторы Джон Р. Хинельстің айтуынша, «19 ғасырдың басында Масон тобына мүше болған кейбір британ ақсүйектері сэр Франсис Дашуордтың басшылығымен Лондон қаласында «Тозақ оты» атты шайтанға табынушылық тобын құрды. Сол кезден бастап Лондон Еуропаның шайтанға табынушыларының орталығына айналды». Лондонның Еуропадағы сатанистердің орталығына айналуы таңданыс тудырмайды. 1966 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Лави тарапынан шайтанға табынушылардың шіркеуі ашылды. Кейбіреулер осы жылды АҚШ-та аталмыш ағымның ресми жұмыстарының басталған кезі санайды. Бүгінде АҚШ-та шайтанға табынушылардың шамамен 80 мың орталығы бар. Олардың басты орталығы – Нью-Йорк қаласы. Бірнеше жыл бұрын шайтанға табынушылар АҚШ-тың білім беру басқармасынан осы елдің бастауыш мектептерінде өздерінің көзқарастарын үйретуге рұқсат беруін сұраған.

Америкалық мектептерде шайтанға табынушылар клубының құрылуы

Осыдан біраз бұрын АҚШ-тың батысында орналасқан Юта штатындағы мектептердің бірінің 35 жастағы мұғалімі Брайан Алтис ата-аналардың алаңдаушылығын тудырды. Ол 350 оқушыны алдады деп айыпталды. Полиция аты-жөнін атаудан бас тартқан оқушылардың бірі мұғалімі тарапынан бір шайтанға табынушылар тобына қосылып, денені тесу, ондаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу және адам нәжісін жеу сияқты әрекеттер жасауға мәжбүр болғанын айтты.

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітте жазықсыз мұсылмандардың рақымсыз өлтірілуі естеріңізде болар. Бұл қылмыс х.ш.ж.с.б. 1397 жылдың есфанд айының 24 күні, жұмада бір нәсілшіл Брентон Таррант тарапынан  жасалды. Оның айуандық шабуылында мешіттегі 49 намазхан үсті-үстіне атылған оқтан шәһид болып, ондаған адам жарақаттанды. Бұл лаңкес қылмыскердің алғашқы суреті Жаңа Зеландияда өткен сотта ғана жарияланды. Ол ақпарат құралдарының камераларына қолымен үш алтылықты (666) көрсеткен. Бұл – Батыста шайтанға табынушылықтың ең танымал символдарының бірі.

Символдар мен белгілер – шайтанға табынушылардың өз ойларын жарнамалау үшін қолданатын құралдарының бірі. Шайтанға табынушылардың рәсімінде бес жұлдыз, сынған крест, «Бафомет» атты арқар, сайтанның көзі, 666 саны, мүйізді жыртқыш аңдардың маскалары символ ретінде қолданылады.  Бұл белгілер жеке заттардың көбінде немесе қоғамдық орындарда қолданылған. Мысалы, киімдер, аяқ қиімдер, сақина, білезік, сағат, көлік ішіне іліп қоюға арналған қуыршақ және басқа да ондаған заттар. Халық біліп-білмей соларды пайдаланады. Сондықтан адамдардың осы символдар жеткізетін идеологияны қабылдауы жеңіл болады.

Бүгінде Батыста түр-тұлғасы өзгеше жастар байқалады. Олар қорқыныш тудырарлықтай киім киіп, беті-бастарын бояп, бақырып-шақырған музыкалық концерттерге қатысады. Алақ-салақ боянған орындаушылардың құлақ жарар айқайы бір сәтке оларды шаттандырады. Бұл адамдар кейде өздерін шайтанға табынушы деп таныстырады. Бұлыңғыр ағымдардың сенімдері мен оғаш рәсімдері өзге ғаламдықтарға табынуға ұқсайды. Шайтанға табынушылық – адамдық жолынан шығып, адами келбетінен айырылған адамдардың мазхабы.

Мұндай ағымдар өз ойларын тарату және қоғамға, әсіресе жастарға әсер ету үшін музыканы ең маңызды құрал ретінде пайдаланады. 20 ғасырдың 60 жылдарындағы Битлз тобының, 70 жылдардағы хиппилердің, 80 жылдардағы панктардың, 90 жылдардағы  рэптер, Black Metal, Death Metal, Heavy Metal сияқты түрлі музыкалық стильдер мен басқа да бір-екі ағымдардың әлеуметтік қозғалыстарының музыкасындағы ерекшеліктердің бірі кейбір аспаптардың дыбысын бұзу және есеңгірететін жарық түсірумен қатар, от, қараңғылық пен өткір заттарды пайдалану болды. Олардың концерттерінде мысық сияқты жануарлардың аяқ-қолдарын жұлу секілді қылмыстар жасау (Дисайд тобының орындаушысы), тірі жарқанаттың басын тірідей тістеп, жұлып алу (Блак Сабт орындаушысы), музыкалық аспаптар мен сахнадағы заттарды сындыру және өзін-өзі жағып жіберу (Металика тобы) байқалды.

Зерттеушілер америкалық ақпарат құралдары мен басылым беттерін талдағанда мынадай нәтижеге жетті: адам өлтіру, біреудің намысын қорлау, есірткі заттарын шектен тыс пайдалану, рок және металл топтардың музыкалық концерттерінде тыңдармандар мен оқырмандардың арасында өз-өзіне қол жұмсау бұрын-соңды болмаған деңгейде артты. Мысалы, PINK FLOYD тобының концерттерінде кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтіру жайттарының орташа есебі әрбір концертте 15-20 адамды құрайды. Рок музыкасында өзін-өзі жаралау кәдімгі іске айналды. Батыста таралған статистика бойынша, рок музыканы тыңдайтын 7 жастың бірі өзін-өзі өлтіреді.

Бүгінде Батыста шайтанға табынушылық жастарға тартымды болып отыр. Бұл тартымдылық болмысынан жақсы болғандықтан емес, жастар мен жеткіншектердің рухани және психологиялық бос кеңістігін толтыруда «орын басу/алмастыру рөліне» ие болғандықтан  қызықты болып отыр. Индустриалды елдерде әлеуметтік қиындықтардың артуы, технологияның дамуы, физикалық және рухани тұрғыдан жылдам өзгеру жастар арасында алаңдаушылық пен қорқыныш сезімін тудыруда. Жастарға маңыздысы – қорқыныш пен күмәннан туындайтын қобалжудың алдын алу. Олардың қажеттілігі – шын да шынайы болмаса да, өзіне сенімді әрі абыройлы бейне жасау. Шайтанға табынушылық осы қажеттілікті пайдалану арқылы аталмыш тапшылықты дұрыс түсінетінін көрсеткісі келеді. Осы себепті шайтандық рәсімдердің басшылары жастардың әлеуметтік қиындықтары, сәтсіздіктері және олардың мақрұм қалған нәрселерін баяндап, әртүрлі тәсілмен осы дертті қайталап, қазбалайды.   

Шайтанға табынушылық ағымдарының ең үлкен уәждері мынау: олар өздерін практикалық шешім жолы қалыбында көрсетіп, жақтастарына «құдірет уәдесін» береді. Шайтанға табынушылық «сайтан» деген бір күшке шақыратындықтан және оның шексіз күші бар деп көрсететіндіктен, өзінің жақтастарын мықтылыққа жеткізуге уәде береді.

Ал бұл жағдайда Құранның айтуынша, шайтанның қуаты әлсіз, ол тек азғыру, қате әрі жалған ойлар таратумен айналысады. Және бұл да адам қабылдаған жағдайда ғана әсерлі болмақ. Шайтан тек сөз сөйлейді, уәде береді, адам ішіне сыбырлау арқылы азғыруларын өткізуге тырысады. Ал бұл жағдайда Құранның «Исра» сүресінің 64-65 аяттарында: «Негізінде шайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды. Шынайы құлдарым болса, оларға ықпалың жүрмейді. Раббым уәкілдікте жетік»,-делінген.

Тегтер