Қыр 30, 2020 19:52 Asia/Almaty
  • Әлемдегі су дағдарысы (16)

Сарапшылардың пікірінше, су соғысының басталуы халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіретін мәселелердің бірі. Су тапшылығы әлемнің кейбір елдерінде дағдарысты жағдай туғызды және бұл жағдай әлемнің түпкір-түпкіріндегі соғысқа әкелуі мүмкін.

 

Егер адам ғарыштан Жерге қараса, оны суға толы көк құрлық ретінде көруге болады: жер асты сулары (құдықтар мен бұлақтар), атмосфералық сулармен (жаңбыр мен қар) және жер үсті сулары (өзендер, көлдер, теңіздер және мұхиттар).

Жердің су қорын шамамен 1,320 миллион текше километр мұхиттар (97,2%),   25 миллион текше километрге жуықталған мұздықтар (1,7%), жерасты сулары 13 миллион текше километр (0,9%), 250 000 текше километр (0,02%) тұщы сулары бар теңіздер, көлдер мен өзендер және шамамен 13000 текше километр (0,001%)  атмосферадағы су буы  құрайды.

Ауыз су мен адамның тұтыну үлесі бұл қордың аз бөлігін құрайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауылшаруашылық саласы су ресурстардың шамамен 69 пайызын, өнеркәсіп 23 және тұрмыстық тұтыну тек 8 пайызын тұтынады. Басқа жағынан, әлемдегі су дағдарысының қазіргі жағдайына жасаған шолу жер су қоры мол болғанымен, бұл судың 97 пайызы теңіздер мен мұхиттарда және шамамен 2 пайызының  мұздар мен мұздықтарда шоғырланғанын, сондай-ақ судың қалған бір пайызының жердің тереңдігінде болып, оны алу қиын және адамдарға қол жетімді емес көрсетеді. Сонымен қатар  бұл мәселеге климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну, содан кейін судың шамадан тыс булануы және судың жетіспеушілігі қосылуы керек. Әрине, кейбір елдер үшін тұщы су ресурстарының жетіспеу қаупі   жоғары. Су ресустары құрлықта біркелкі бөлінбеген. Қазіргі статистика бойынша, Канада, Қытай, Колумбия, Перу, Бразилия, Ресей, АҚШ, Индонезия және Үндістанды, яғни тоғыз елде әлемдегі тұщы су ресурстарының 60 пайызы шоғырланды. Керісінше, 80-ге жуық мемлекет, оларды ішінде Кувейт, Бахрейн, Мальта, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Иордания және Ливия су тапшылығына тап болды.   Кейбіреулерінде  тұщы су көздерінің жоқтығынан,  олар өздерін қамтамасыз ету үшін ауыз суын импорттайды.  Ғаламдық жылыну халық санының өсуімен бірге су қажеттілігін арттырады. Ешқандай ресурс судан маңызды емес. Су тапшылығы өте жиі кездесетін мәселе. Ніл, Ирак және Йемен сияқты аймақтарда  ерекше көзге түседі. Судан және Сомали сынды елдерде ішкі немесе трансшекаралық қақтығыстарға байланысты құрғақшылықты тәжірибе етті. Бірақ су ресурстарына қатысты қақтығыстардан ең қорқатын аймақ - Иордан өзенінің бассейні. Бұл аймақта адам басына шаққанда әр адам ең төмен  су мөлшеріне ие болып, сонымен қатар бұл аймақ суды бір-бірімен тарихи соғыстар жүргізген Сирия, Израиль, Палестина, Ливан және Иорданияға   жібереді. ХХ ғасырдың ортасына дейін Иордан өзенінің бассейнінде су көп болатын. Суару жүйелері мен каналдары халықтың өсуіне қарамастан  сумен қамтамасыз етіп, екіжақты келісімдер зорлық-зомбылықтың алдын алды. Бірақ бүгін  аймақтағы тұрақсыздық пен су тапшылығы бұл тәртіпті бұзып, жанжалды арттырды. Иордан өзенінің бассейніне байланысты зорлық-зомбылық орын алды. 1967 жылы алты күндік соғыс басталған кезде,  сол уақыттағы  Израильдің қорғаныс министрі Ариэль Шарон: «Алты күндік соғыс Израиль Иордан өзенінің ағымын бұруға қарсы шара қолдану шешім қабылдаған күні басталды»,- деді.

60-шы жылдардан бастап суға байланысты бірнеше аз танымал болған қақтығыстар мен даулар болды. Су жанжалдары туралы дүниежүзілік мәліметтер жианқтайтын Тынық мұхит институтының мәліметінше,  қазіргі кезге дейін Таяу Шығыста суға байланысты 92 оқиға орын алды.

Таяу Шығыстағы су жағдайы – айқын. Жергілікті тұрғындардың зерттеулері халықтың көпшілігінің  судың қаншалықты тез жұмсалатынын білетіндігін көрсетті. Түркия жағдайына шолу жасайтын болсақ. Тигр мен Евфрат өзендері - Месопотамияны құнарлы аймаққа айналдырған ежелгі дәуірдің  жүйесі. Археологиялық жұмыстар өзен суын қолдан басқарудың ежелгі заманнан басталғанын дәлелдейді. Екі өзен де Түркияның Анатолий таулы аймағынан бастау алып, Ирак пен Сирияға қарай ағады. Түркияның табиғи географиялық артықшылығы оның Тигр мен Евфраттың бастауында орналасқан және суды басқару жобалары елге оларды аймақтағы үстемдік ету тетіктері ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.  Анатолий Кабан бөгетінің құрылысы 1966 жылы басталып, 1974 жылы аяқталды.  

Харазми университетінің Геосаясат ғылымы профессоры  Мұрад Кавианирадтың  пікірінше, Түркия Оңтүстік-Батыс Азияның жоғары ағыс аймағында орналасып, оның шығысындағы таулар  Тигр және Евфрат бассейндерін  сумен қамтамасыз етеді. Түркияның  Сирия мен Ирак сияқты төменгі ағыс елдерінен айырмашылығы,  артық суға ие болуы және сумен қамтамасыз етушісі болуында. Су тұрғысынан Ирак пен Сирия Түркияға қатты тәуелді. Бұл ұстаз: «Су Сирия мен Иракқа араласу құралына айналды. Евфратта Ататүрік бөгеті мен Тигрде Илису бөгетінің салынуымен  Түркияның бұл екі елге келетін су ағынын бақылау мүмкіндігі артты»,- деді. Кавиани   жаһандық климаттың өзгеруінің жалғасуына назар аудартып: «Өткен жиырма жылда әлем бойындағы температураның өзгеруінің куәсі болдық. Біздің аймақтағы температураның жоғарлауы буланудың жоғарылау түрінде көрінді. Аймақтың тек бір бөлігіндегі буланудың артуы Ирактың оңтүстігіне судың келуін азайтып, нәтижесінде Ирактың оңтүстік құдықтарына судың келуін азайтып, жануарлар, өсімдіктер, тіпті адамдардың экожүйелерін бұзып, Ирандағы шаңға себеп болды»,- деп қосты. 

Сөйтіп, қазіргі үрдісті тоқтататын сақтық шараларын қолданбай Таяу Шығыс елдерінің судың тұрақтылығына қол жеткізуі екіталай деп айтуға болады. 2050 жылға қарай әлем халқының саны 9 миллиардтан асатындығын ескерсек, судың мәселесі шиеленісе түсіп, Таяу Шығысқа қатты соққы тигізіледі. Су тапшылығы мен қорқынышты болжамдар үкіметтерге суды ұлттық қауіпсіздіктің басымды факторының бірі саналатынына назар  аудартады.  Бұл аймақта су мұнай сынды саясаттан бөлек бола алмайды.

 

 

Тегтер